16 октября 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



«Әр ота перформанс, әр хирург – актер».

07 сентябрь 2021, 17:11
«Әр ота перформанс, әр хирург – актер».
«Ең басты марапат – үстемақы, мақтау қағазы, медаль емес, әр науқастың айтқан алғысы. Дәрігерлер емдей алмайтын диагноз, көзінде жалыны сөнген ата-ана, сырқат бала болмасын». Бұл - елордалық маман, балалар хирургы, Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы Неонаталдық хирургия бағдарламасының меңгерушісі Жеңіс Сакуовтың сөзі.

Білікті маман Azattyq Rýhy тілшісіне нәресте денсаулығында кездесетін қиындықтар мен ерекше оқиғалар жайында айтып берді.

«Астана медицина университетінде «педиатрия» мамандығы бойынша білім алдым. Одан кейін Ресейдегі N2 Пирогов атындағы ұлттық медицина университетінің «балалар хирургі» клиникалық ординатурасын тәмамдадым. Қазір «Нәрестелер хирургиясы» бағдарламасының меңгерушісімін.

Өзімнің «хоббиім» десем болады, гемангиомамен айналысып жүрмін. Өйткені, Қазақстанда қазір гемангиомасы бар балалар көп. 10 жыл бұрын гемангиоманы алып тастаудың жалғыз жолы - хирургиялық тәсіл еді. Гемангиома - бұл туа біткен қатерсіз ісік. Бірақ, кез келген қатерсіз ісік қатерлі ісікке айналуы мүмкін. Олар көздің астында, ішкі мүшелерде, бетте орналасса, хирургиялық жолмен алып тастаса, орнында тыртық қалады. Бұл балаларда өскен сайын комплекс тудыруы мүмкін. Қазіргі таңда лазермен емдеу тәсілі шықты. Ол – әзірге гемангиоманы алудың ең тиімді жолы», - дейді Жеңіс Нұртазаұлы.

«Әр ота перформанс, әр хирург – актер».


Анықтама:

2019 жылы «балалар хирургиясы» бойынша Генуя қаласындағы (Италия) Giannina Gaslini Children's Hospital-да тағылымдамадан өткен.
2016 жылы Вильнюс университетінің клиникасында (LITHUANIA, SANTARIŠKIŲ KLINIKOS) «Clinical And Laboratory Diagnostics» тағылымдамадан өткен.

«НӘРЕСТЕЛЕР ХИРУРГИЯСЫ – ҚИЫН САЛА»

«Мамандықтың ішінде «нәрестелер хирургиясы» бағыты бойынша жұмыс істеп келемін. Бұл сала - балалар хирургиясының ішіндегі ең қиыны. Өйткені, біз туа біткен ақауы бар нәрестелерді емдейміз. Алдымен, баланың жас ерекшелігіне байланысты қиындық болса, екіншіден, туа біткен ақаулар. Яғни, іште ұрықтың дұрыс дамымауына байланысты қандай да ақау болған кезде, кез келген мүшенің, оны түзеу, орнына келуі, кейін бала өз бетімен дем алатындай, тамақ іше алатындай, өмірдің сапасын түсірмейтін жағдайға жеткізуіміз керек.

Бір отаны жасау үшін 5-6 сағат уақыт жұмсаймыз. Жалпы, хирург болудың өз қиындықтары мен қызықтары бар. Мәселен, түнгі уақытта шақырып қалуы мүмкін. Яғни, кез келген уақытта жұмысқа шығуға дайын болуың керек. Тәулігіне осы орталықта әр операциялық орында кемі 4 отадан жасалады. Барлығы 4 орын бар, орта есеппен күніне 16 ота жасаймыз. Қажет болса, сенбі, жексенбі күндері немесе кез келген күні шұғыл түрде де ота жасаймыз», - дейді дәрігер.



СҚО, Уәлиханов ауданы Амангелді ауылында туып-өскен Жеңіс мырза хирургия саласын одан әрі меңгеру үшін Астана медициналық университетінде алған білімімен тоқтап қалмай, «Болашақ» бағдарламасы бойынша Мәскеуде білім алған.

«Болашақ» бағдарламасы бойынша грантқа түсу оңай болды деп айта алмаймын. Өйткені, сол жылы медицина саласы бойынша Мәскеуге тек қана 4 студент түстік. Грант иегері болу үшін бірінші биология, одан кейін орыс тілін, химия пәнін тапсырдық. Бірінші турдан өткен студенттер психологиялық тест, сонымен қатар, қазақ тілінен тест тапсырдық. Ең соңғы кезең – әңгімелесу. Біз жаңылмай өттік. Медицина саласы бойынша аз грант бөлінді деп айта алмаймын. Дегенмен, осы талаптардың бәрінен сүрінбей өту оңай болған жоқ», - дейді ол.

Медицина саласына соңғы 11 жылын жұмсаған маман биыл Астана медицина университетіне PhD бағдарламасы бойынша оқуға түскен. Осылайша, бұл саладағы білімін шыңдауды жалғастырмақ ойы бар.

«Медицина бір орында тұрмайды, өте тез дамып келе жатыр. Мәселен, осыдан 2-3 жыл бұрын жасалатын емдеу әдістері қазір қолданылмайды. Өйткені, одан да мықты аппаратуралар ойлап табылды. Сондықтан хирург ретінде адам бір орында тұрмауы керек деп есептейсін. Әрқашан дамып, ілгерілеп отыру керек. Техникасын шыңдауы қажет. Әрине, әлі де үйренгім келетін ота түрлері көп. Осы орталық республикалық деңгейде жұмыс істегендіктен, бұл жерге түрлі деңгейдегі науқастар шоғырланады. Сол науқастармен, балалармен жұмыс істеу үшін біз де сәйкес деңгейде болуымыз керек», - дейді Жеңіс Нұртазаұлы.

Дәрігер Қазақстандағы балалар хирургиясының дамуына бағасын берді.

«Қазіргі Қазақстандағы балалар хирургиясының дамуына «жақсы» деген баға бере аламын. Балалар денсаулығына қатысты мемлекет жақсы көңіл бөлуде. Әрине, проблемалар бар. Мысалы, қазір университеттерде педиатрия мамандығы оқытылмайды. Жалпы медицинаны бітірген соң, резидентураны оқыған соң ғана, студент педиатр бола алады. Ал біз оқыған кезде, педиатрияны бірінші курстан бастап оқитынбыз», - деді.

Біздің редакцияға сұхбат берген неонаталды хирургтың өзінің таңдаған мамандығына берер бағасы мынадай:

«Әр ота – перфоманс, әр дәрігер – актер. Ота - бұл қойылым. Расымен де солай. Себебі, қойылымдағы «ойынның» нәтижесі комедия бола ма, әлде трагедия ма – ол отаға қатысқан әр актердің (яғни, дәрігердің) өз рөлін қаншалықты жоғары деңгейде орындағанына байланысты…», - деп санайды Жеңіс Нұртазаұлы.


Просмотров материала: 2 536

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 170 738 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 170 569 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 170 197 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 170 245 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 170 527 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 11 062 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 10 197 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 10 422 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 14 423 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 14 589 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 23 315 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 9 841 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 343 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 197 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 016 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 209 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 294 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 960 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 348 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 067 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 084 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 917 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 750 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 015 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 956 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 469 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 935 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 789 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 062 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 389 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 803 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 760 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 812 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 763 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 988 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 136 Просмотров





Опрос


«    Октябрь 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031