15 октября 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Қазақстанда қауіпті үрдіс: қазақша оқитын балалар азая бастады

06 сентябрь 2021, 17:22
Қазақстанда қауіпті үрдіс: қазақша оқитын балалар азая бастады
Ата-аналар Білім және ғылым министрлігінің оралымсыздығына қапалы, деп жазады Inbusiness.kz.

Балабақшаның қазақша топтары оңтайландырылған

Қазақстанда мемлекеттік тілдің дамуы тоқырауға ұшырағаны байқалады. Саладағы дағдарысты еңсеру үшін билік осы салада реформа жүргізуге тырысып жатыр. Мысалы, Президент Қ.Тоқаевтың 2020 жылғы 27 мамырдағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында берген тапсырмасына сәйкес, Тіл саясаты комитеті Мәдениет және спорт министрлігінен алып қойылып, БҒМ-ге берілді. Бұл бетбұрыстың қисыны бар: білімге жауапты ведомство тілге де жауапты, ал жас ұрпақ мемлекеттік тілді балабақшадан меңгеруі тиіс.

Алайда қазіргі кезде Асхат Аймағамбетов министрлігінің де бұл істі жарытып отырмағаны анықталуда.

Мысалы, Ақмола облысында ата-аналар қарсылық білдіріп, Үкіметке хат жазды. Себебі, қолданыстағы мектепке дейінгі ұйымда қысқарту жүргенде, орыс емес, қазақ топтары жабылған. Әңгіме облыстың Ерейментау қаласындағы "Сказка" бөбекжайы жөнінде болып отыр.

Оның жабылған "Ботақан" тобында тәрбие алып келген балдырғандардың ата-аналары бұл жағдайға қарсы.

Қалада балабақша штатын қысқарту кезінде біздің "Ботақан" тобының таратылуға түскеніне ата-аналар наразымыз. Бізге жағдайды түсіндірместен, солай жасады. Бәрін соңғы сәтте біліп отырмыз. Бұл балалардың да, ата-аналардың да құқықтарына нұқсан келтіреді. Бізге түсіндіргендей, осы үлкен балабақшада енді барлығы 2 қазақ тобы ғана болады. Біз мұндай шешіммен келіспейміз. Қазақ елінде бірде бір қазақ тобын жаппауды сұраймыз. Балабақшамызда барлық қазақ топтары сақталсын. Біз тұрып жатқан бұл елде мемлекеттік тіл – қазақ тілі. Бізде тілді дамыту орнына, керісінше, оған қысым жасалып жатыр, – дейді ата-аналардың бірі Дина Ерубаева.
Ата-аналардың айтуынша, қазақ тобын жабуға негіз жоқ: ондағы білікті педагогтердің қолынан тәрбие алып шыққан балалар мектептерде үздік үлгерім көрсетуде. Мемлекеттік тілдегі топтарға сұраныс жоғары.

Мемлекет басшысы мемлекеттік тілді дамыту балабақшалардан басталуға тиіс деп тапсырған. Бірақ бұл міндеттің тегеурінді ілгерілеп жатқаны шамалы.

Мемлекеттік тілге қатысты мәселе өзге өңірлерде де бар. Атырау облысының Махамбет ауданындағы елдімекендердің бірінің тұрғыны, қазақ тілді бастауыш білім беру мұғалімі Гүлдана Исаева жергілікті орта мектепте қалыптасқан бір мәселеге назар аудартты. Ол осы мектепке орналасуға тырысқанына 3 жыл болыпты.

Арызды 2019 жылдың қаңтарында жазып қалдырдым, содан бері 3 рет директорге кірдім. "Жұмыс жоқ!" деп шығарып салады. Биылғы 19 тамызда облыстық білім басқармасының чатына хат жолдадым. Сол күні мектеп директорының хатшысы хабарласып, алдағы аптада конкурс болатынын айтты. Ақыры 26 тамызда мектептің акт залында өткен конкурсқа қатыстым. Директор сөз сөйлеп, тек 1 педагог алатынын жеткізді. Конкурсқа қатысушы 6 адам тест тапсырдық. Ертесіне жинаған балымның аздығына байланысты конкурстан өтпегенімді мәлімдеді. Келістім. Бірақ оның қорытындысында жұмысқа орыс тілінің маманы алынғанын білдік. Бұл қалай? Қазақ мұғалімдері қайда қалады сонда?! – деп қамығады жас педагог.

"Орыс тілді оқушы қазақша оқуын 1-сыныптан бастаса"

Биыл Қазақстанда қауіпті үрдіс басталды. Қазақша мектептерде оқитын балалардың үлесі азая бастады. Атап айтқанда, 2020 жылы 3 миллионнан астам оқушының шамамен 66%-ы қазақ тілді мектептерде білім алған. Ал 2021 жылы бұл көрсеткіш 65%-ға төмендеді. Мысалы, Солтүстік Қазақстанда барлық оқушының тек 21%-ы ғана қазақ сыныптарына барады.

Алматы тұрғыны Роза Кеңесқызы қазақ тілді мектептерде оқитын балалардың санын өсіруге қатысты ұсыныс айтты.

Былтырғы жылы баламды орыс сыныбына бергенмін. №15 мектептің бірінші сыныбына құжаттарын тапсыру кезінде орыс тілінде оқитынын көрсеттім. Бұл ісімнің қателік, алдын ойламайтын адамның әрекеті болғанын кеш, енді ғана түсініп отырмын. Баламның болашағына алаңдаған ата-ана ретінде Білім және ғылым министрлігіне жүгініп, ұлыма биыл қайтадан 1-сыныпқа түсуіне және қазақша оқи бастауына рұқсат етуді сұрап, хат жаздым. Бала ана тілін әліппеден бастап оқуы керек. Қазақ тілінің бастау-бұлағынан сусындауы шарт. Бұл қазақ тілінің ережелерін, емлесін және басқасын бүге-шігесіне дейін білуі үшін қажет. Бала білім жолындағы алғашқы қадамын мемлекеттік тілде бастағаны маңызды, – дейді Р.Кеңесқызы.
Алайда осындай тілек білдірген ата-аналардың құлшыныс толқыны бюрократияның міз бақпас "жарқабағына" соғылып отыр.

Идеяны Білім және ғылым министрлігі қабылдамай, жергілікті атқарушы органдарға сырғытты. Бірақ әкімдіктер жанындағы білім басқармалары мұндай іргелі, жүйелі мәселелерді шеше алмайды, олардың құзыры мектеп ісін ұйымдастырумен ғана шектелген. Ал орыс тілді сыныптарға қателесіп барған балаларға мемлекеттік тілді қайтадан 1-сыныптан бастап үйренуіне мүмкіндік берілуі үшін министрлік деңгейінде шешім қабылдануға тиіс.

"№15 мектеп басшысына, аудандық білім беру бөліміне өтінішпен жүгіндім. Олар қазақ сыныбына ауыстыруға рұқсат етті, бірақ 2-ші сыныптан оқуын жағастыруы керек деп табандады. Бұған мен келісе алмадым. 2-сыныптағы қазақ тіліндегі оқу бағдарламасы қазақша жақсы сөйлейтін балаларға арналған. Менің балам оған дайын емес. Сонысы үшін ертең қысым көруі мүмкін", – дейді баланың анасы.

Жалпы, Білім және ғылым министрлігіне жаңа басшы келген сайын ол білім беру жүйесін адам танымастай өзгертіп, саланы "қопарып" тастайды. Алайда осы салада да 13 жылдан бері өзгермей келе жатқан ереже бар екен.

Орыс мектебінің 2-сыныбындағы баласын қазақ мектебінде 1- сыныптан бастап оқытқысы келетін ата-аналардың ұмтылысын БҒМ де, мектеп директорлары да құптамай, Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурызда қабылданған №125 бұйрығымен тоқтатады.

"Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" деп аталатын осы құжаттың 26-бабында "1-сыныпта жылдық баға қойылмайды. 1-сыныптың білім алушылары қайта оқу жылына қалдырылмайды" деп жазылыпты. Салдарынан, баласын 1-сыныпта екінші жылға қалдырып, қазақ мектебіне ауыстыра қояйын деп ойлаған ата-аналардың да қулығы өтпеуде.

Жалпы, заңгерлер осы және басқа да бұйрықтарда, тіпті ешбір заңда 2-сынып оқушысын 1-сыныпқа ауыстыруға тыйым салынбағанына назар аудартады. Демек, балалар қазақ тіліндегі білімді 1 сыныптан ала бастауына толық құқылы.

Алайда БҒМ-дегі бюрократия оралымсыз: тіпті мемлекеттік тілді меңгергендер санын арттыру үшін ізгілікті өзгеріске барғысы келмейді.
Просмотров материала: 1 648

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 170 595 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 170 428 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 170 054 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 170 103 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 170 386 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 11 054 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 10 190 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 10 415 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 14 415 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 14 581 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 23 307 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 9 837 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 342 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 196 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 015 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 206 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 292 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 959 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 348 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 066 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 083 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 915 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 749 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 014 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 955 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 468 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 934 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 789 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 060 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 388 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 802 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 759 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 811 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 760 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 988 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 135 Просмотров





Опрос


«    Октябрь 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031