22 декабря 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Сиыр еті бір жылда 1000 теңгеге қымбаттады: еліміздің ет нарығын не күтіп тұр?

06 сентябрь 2021, 16:35
Сиыр еті бір жылда 1000 теңгеге қымбаттады: еліміздің ет нарығын не күтіп тұр?
Қазақстанда соңғы бірер жылдан бері тоқтаусыз өсіп келе жатқан азық-түлік бағасын Үкімет биыл тұсап ұстай ала ма? Күні кеше Президент Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-министр Маминге бағаны тұрақтандыруға 1 ай уақыт берген болатын. Министрлер кабинеті осы 30 күнде не шара атқаратыны әлі белгісіз, белгілісі – базардағы баға ырыққа көнер емес. Тек биылдың өзінде сиыр, қой және жылқы еті 13 пайызға қымбаттаған. Ал, мамандар бағаның өсуі келер жылы да жалғасады дегенді сеніммен айтып отыр.

Елімсіздегі ет бағасының тұрақсыз болуына бірнеше себеп бар дейді экономист мамандар, олар: экспорттың артуы, жем-жөптің қымбаттауы және алыпсатарлар. Үкімет бағаны тұрақтандырамын десе алдымен осы үш мәселені шешуі тиіс.

СИЫР ЕТІ БІР ЖЫЛДА 1000 ТЕҢГЕГЕ ҚЫМБАТТАДЫ

Ұлттық экономика министрлігі таратқан мәлімет бойынша, Қазақстанда 2019 жылдың сәуір айында сиыр еті орташа есеппен 1500 теңгеден сатылса, тура бір жылдан кейін 19,5 пайызға қымбаттап, 1882 теңгеге көтерілген. Ал биылғы баға қандай? Елордадағы ет сататын сауда орындарында көз жеткізгеніміз – жұртшылық көп тұтынатын сиыр еті 2800 теңгеден басталады екен. Яғни, бір жыл ішінде 1000 теңгеге қымбаттаған.

Баға неге шарықтап кетті? Сауалымызға экономика ғылымдарының докторы Атамұрат Шәменов жауап берді.

«Аграрлық саясатқа жаңа бағыт керек. Тәуелсіздік алған 30 жылдан бері ауыл шаруашылығын өркендетуде экспорттық саясатқа өзгеріс енген жоқ. КСРО құрамында болғанымызда жүйе қандай еді? Дінмұхамед Қонаев басқарып тұрған шақта Қазақстанда 42 млн қой болған. Оның бәрі орталықтағы Мәскеудің қорына жіберіліп отырды. Міне сол саясат әлі өзгерген жоқ. Ол кезде одақтас қор болып есептелсе, қазір атауы экспорт болып өзгерді. Яғни бар малды сыртқа айдау, шетелге сату.

Бізде қазір мал басының 80 пайызы жекеменшікке тиесілі. Соның салдарынан еттің көп мөлшері экспортқа кетіп жатыр. Біздің табиғи таза етіміз шетелде үлкен сұранысқа ие. Ал, жекеменшік шаруа қожалықтарына «қарны қампайса» болды емес пе?! Міне, осыдан барып үкімет тізгінінде отырғандар шетелге мыңдаған тонна ет сатып жатырмыз деп мақтанады. Бұл саясатты өзгерту керек», – дейді экономист.

Атамұрат Шәменовтің айтуынша, бағаның мұндай жолмен қымбаттауы тек ет өнімдеріне ғана емес, азық-түліктің барлық түріне қатысты.

«Шопан ата» қойшылар қауымдастығының төрағасы Алмасбек Садырбаев болса өз сөзінде елдің оңтүстігіндегі қойдың Өзбекстанға қайта сатыла бастауы – баға өсуінің бір ғана себебі дейді. Екіншісі – Қазақстандағы жалпы инфляция.

«Қазір Қазақстанда теңгенің құны түсіп, кез-келген зат қымбаттап жатыр. Кейінгі уақытта бензиннің де бағасы өсе түсті. Бұл тасымалмен жеткізілетін еттің де құнына әсер етіп отыр», – деді А.Садырбаев.

АУЫЛ ЖҰРТЫ НЕ ДЕЙДІ?

Біз осы орайда Жетісу жерінде мал шаруашылығымен айналысып жүрген Ғани Досжанмен тілдестік. Ол еттің қымбаттауының бірнеше себебіне тоқталды.

«Мал шаруашылығымен жастайымнан айналысып келемін. Соңғы екі жылда ет бағасының қымбаттағаны ерекше байқалады. Бұған алдымен жанар-жағармай бағасының өсуі себеп болып отыр. Қазір Алматы облысында солярканың литрі 215 теңгеден басталады.

Екіншіден, жем-шөп бағасының қымбаттауы әсер етті. Жалға алған жері, қолында қажет техникасы бар адам жем-шөп сатып алып қиналмайды. Бірақ мал ұстап отырған кез келген үйдің мұндай мүмкіндігі жоқ.

Үшіншіден, алып-сатарлар бағаның өсуіне қатты әсер етіп отыр. Мәселен, бордақыланған бұқа етін базарға апарып тікелей өткізсек бір килограмын 1900 теңгеден алады. Ары қарай базардағы саудагер үстіне қосып, өзіне қолайлы бағаны қояды. Ал егер алып-сатарлар ауылдағы үйімізге келіп, сойып алып кетсе, 1700 теңгеден бере салған қолайлы. Олар базарға апарып шамамен 2200-2300 теңгеден өткізеді. Базардағы сатушылар да өз пайдасын шығару үшін үстінен ақша қосады. Міне, осылайша тұтынушыға ет екі-үш қолдан өтіп барып жетеді. Өзіндік құн мен пайданың арасы тым алыстап кетпес үшін, ет базарлары мен мал өсірушілер арасында тікелей байланыс орнауы тиіс», - дейді шаруашылық иесі.

Ғани Досжан соғым уақытында жылқы етінің ерекше қымбаттайтынын да атап өтті.

«Соғым кезінде базардағы ет бағасы күрт қымбаттайды. Сол себепті ет алғысы келетін адам ауыл-ауылға барып сойып алса, әлдеқайда арзан түсер еді. Осыдан екі жыл бұрын базарларда жабағының (6 ай мен 1 жас аралығындағы) бағасы 200 мыңнан басталса, былтыр 260 мыңнан басталды. Биылғы Маңғыстау мен Қызылордадағы құрғақшылықтан кейін союға жарамды мал одан да қымбат болады», - деп өз болжамын білдірді.

ИМПОРТ ПЕН ЭКСПОРТ ҮЛЕСІ

Azattyq Rýhy тілшісі Ауыл шаруашылығы министрлігіне арнайы хат жолдап, экспортталатын және импортталатын еттің үлесін сұрады.

2021 жылдың қаңтар-шілде аралығындағы экспорт үлесі:

Сиыр еті – 3314,4 тонна (Өзбекстан – 2617, РФ – 472, Қырғыз Республикасы – 216, БАЭ – 7,8, Грузия – 0,02, Түркия – 0,1, Украина – 0,025, Қатар – 0,04);
Қой еті – 750,6 тонна (БАӘ – 391, 8, РФ – 104, Өзбекстан – 248, Бахрейн – 5,9, Қатар – 0,4, Түркия – 0,04, Украина – 0,01);
Жылқы еті – 2,9 тонна (РФ – 2,7, қалғаны – Әзербайжан, Италия, Қырғыз Республикасы, БАӘ, АҚШ, Түркия, Украина, Франция);
Құс еті – 16 269 тонна (Қырғыз Республикасы – 3 624, БАӘ – 0,03, РФ – 12564, Өзбекстан – 80);
Доңыз еті – 666,8 тонна (Армения – 496,1, Қырғыз Республикасы – 4,9, РФ – 165).
2021 жылдың қаңтар-шілде айларындағы импорт үлесі:

Жылқы еті – 1582 тонна (РФ – 188,7, Аргентина – 796,4, Болгария – 20, Бразилия – 27, Исландия – 39, Молдова – 19, Моңғолия – 100, Уругвай – 392);

Сиыр еті – 24233 тонна (Беларусь – 21213, 63, Қырғыз Республикасы – 417,1, РФ - 53,41, Бразилия – 20, Молдова – 20, Польша – 656, АҚШ – 4, Украина – 1848);
Қой еті – 22 тонна Молдова;
Құс еті – 65674 тонна (Беларусь – 3664,05, РФ – 11614,63, Қытай – 81, Латвия – 180, Литва – 19, Польша – 19, Словакия – 159, АҚШ – 41419, Украина – 8495, Франция -20 )
Доңыз еті – 884,2 тонна (Беларусь – 131,6, РФ – 752,5).

ШЕТЕЛДЕН КЕЛЕТІН ЕТ БАҒАНЫ НЕГЕ ТҰРАҚТАНДЫРМАЙДЫ?

Бір қарағанда Қазақстанда ет жеткілікті, бірақ бағаның өсуі тоқтар емес. Мұның себебін экономист Мақсат Серәліден сұрап көрдік.

«Қазіргі шаруа қожалықтарының біраз бөлігі жекеменшік қолда. Олар кәсіпкер болғандықтан пайданы көздейді. Ал, қаржылай пайда ішкі нарықтан көрі экспорттан әлдеқайда көп түседі. Яғни олар сыртқа сатуды көздейді. Оның үстіне, біздегі дәріленбеген, жем-шөппен өскен малдың еті шетелдік нарықта үлкен сұранысқа ие. Бағасы жағынан Қазақстаннан екі, екі жарым есе қымбат сатуға болады. Сол себепті ішкі нарықта белгілі бір көлемде дефицит байқалып отыр. Ал, елімізге импортталатын ет бағаны неліктен тұрақтандырмайды? Себебі - шетелден ет қымбат бағада сатып алынады», - дейді Мақсат Серәлі.

БАҒАНЫ ТҰРАҚТАНДЫРУ ҮШІН НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?

Бағаның шарықтауына экспорттың үлесі айтарлықтай әсер етіп отырғаны анықталды делік. Ал, енді ет бағасын тұрақтандыру үшін не істеу керек? Экспортты қанша уақытқа шектеу қажет?

«Үкімет басында отырғандар ең алдымен өзге елді емес, өзімізді ойлауы керек. Ол үшін онсыз да жетпей жатқан азық-түлікті сыртқа жібермей, экспортқа тоқтау салу қажет.

Екіншіден, ішкі нарықтағы айналымды күшейту керек. Мысалы көкөнісі, жеміс-жидегі көп өңір солтүстік жаққа, ал солтүстік өңір өзі шығаратын өнімдерін жетпей жатқан аймақтарға жіберсе деймін. Міне осының бәрі орындалып, дефицит тоқтап, өзімізден артылған соң ғана сыртқа шығаруға болады. Қазақтың малға жайлы ұлан ғайыр даласында отырып, ет қымбатшылығына ұшыраудың себебін тек дұрыс ұйымдастырудың әлсіздігінен ғана көруге болады. Өз елін ойлайтын басшылық азық-түлік қауіпсіздігіне баса мән беруі қажет», - деді Атамұрат Шәменов.

Ал, Алмасбек Садырбаев Қазақстанда ет өндірісін дұрыс жолға қою үшін экспортқа мораторий жариялап, оны бес жылға созу керектігін айтты. Әйтпесе баға өсе береді де, ет өндіру саласы құлдырап, оның соңы мал санының күрт азаюына әкеліп соғады.
Просмотров материала: 1 074

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 127 169 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 126 985 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 126 641 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 126 660 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 126 968 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 8 661 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 7 830 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 7 908 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 11 148 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 11 292 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 20 658 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 392 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 677 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 569 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 379 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 498 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 681 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 351 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 690 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 455 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 454 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 289 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 138 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 383 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 320 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 16 843 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 205 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 170 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 390 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 729 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 146 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 153 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 194 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 128 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 354 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 506 Просмотров





Опрос


«    Декабрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031