1 декабря 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Мектеп формасы 30 мың. Базардағы бағалар удай болды

31 август 2021, 12:07
Мектеп формасы 30 мың. Базардағы бағалар удай болды
Балам мектепке барады деген ата-аналар табанынан таусылды. Бір теңгеге болса да арзанырақ дүкен іздейтін қауым үшін биылғы нарық қалтаға қатты тиіп жатыр, деп хабарлайды "Еуразия" бірінші арнасы.


Жаңа оқу жылы жақындаған сайын базардағы баға да шарықтай түседі. Оқушынының керек-жарағын түгендеп, білім ордасына аттандырудың өзі ата-ананы біраз әуре-сарсаңға салады. Мектеп формасы, сөмкесі мен киім-кешегі, оқу-құралдары тағы бар. Ал биылғы базарлар мен дүкендер дүниенің бағасын сұрап тұрған жоқ па?

Осында жүрген ата-аналар қымбат деп кесіп айтты.

Өте қымбат. Өткен жылғымен салыстырғанда қымбат.
"Міне, мынау 18500 дейді костюм-шалбар. Үлкендерге 28-30-ға аласың ғой, мынау кішкентай баланікі".

Елу мың қалды. Елу мыңға екі баланы қалай киіндірем?
"Қазір менде 27 мың теңге қалды. Үш балаға сөмке алу керек. Сумкалар 7 жарым мыңнан. Ал неғыласыздар?".

Ал неғыламыз? Бұл бір ғана мектеп формасының бағасы. Әлі оқу-құралдарын сатып алу керек. Қағаз қаламның қаншаға өскенін білу үшін қайнаған базардың дәл ортасына табан тіредік. Бұл жерден де жайдары жүрген сатып алушыны таппадық.

БЛИЦ:

Қымбат болды. Бәрі қымбат екен.
"Бағасы қанша шығатынын білмейміз. Бірақ бір 150 мыңға есептеп келдік".

Енді базардағы бағаларға көз жүгіртіп шықсақ. Орта есеппен:

* Күнделік - 400 теңге;
* Жұқа дәптердің 20 данасы - 500 теңге, қалың дәптердің бір данасын орта есеппен 150 теңгеге табасыз.
* Қаламсап жиынтығы - 550 тенге;
* Түрлі-түсті қарындаш - 700 тенге болса, қылқалам мен бояу 1 200 теңгеге шығады.
* Фломастерлер орта есеппен - 580 тенге;
* Сызғыштардың жиынтығы да 580 тенгеге шақ.
* Пеналдың орта бағасы 850 теңге. Ал осы ұсақ-түйекті жиып-теріп салатын сөмкенің базардағы орта бағасы 12 000 теңге.
* Ал мектеп формасы 18 мың мен 30 мыңның арасы.
* Осылайша орта есеппен алғанда бір баланың мектепке дайындығы үшін кем дегенде 50 мың теңге қажет. Ал еліміздегі ең төменгі жалақы мөлшері 42 500 теңге.

Экономист Бауыржан Ысқақов мектепке қажетті құралдар мен киімдердің бағасына билік тарапынан бақылау керек деп санайды. Бағаның шарықтайтын бірден-бір себебі сырттан келген тауарлардың құнын негізсіз өсіру деп басып айтты. Сонымен қатар мынадай бірнеше кеңесті құлаққағыс етті.

Бауыржан Ысқақов, экономист:

Бірінші кезекте өзіміздің қазақстандық тауар өндірушілер үшін арнайы мемлекеттік бағдарлама әзірлеу керек. Қосымша құрылғылар алуға рұқсат беру керек. Қосымша жұмыс істейтін мамандарға мемлекет тарапынан жеңілдетілген көмек керек. Кәсіпорындарға Түркия сынды өнімдер шығаратындай мүмкіндік жасау керек.

Сарапшының айтуынша, Қазақстан өнімдеріне 20 пайыз көлемінде ғана үстеме баға қосылуы тиіс. Сырттан келетін тауарлардан арзан етіп сатқанда ғана отандық өнеркәсіп дамып, бағаның негізсіз шарықтамайтынын атап көрсетті.

Просмотров материала: 934

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 177 366 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 176 935 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 176 535 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 176 585 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 176 883 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 11 379 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 10 516 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 10 743 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 14 871 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 15 028 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 23 671 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 012 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 425 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 255 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 072 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 282 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 344 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 023 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 418 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 133 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 143 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 973 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 811 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 075 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 013 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 527 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 025 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 843 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 117 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 469 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 860 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 814 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 861 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 823 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 055 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 198 Просмотров





Опрос


«    Декабрь 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031