1 марта 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Тараз маңындағы жарылыстардан кейін жол бойындағы кешен тоналған

Тараз маңындағы жарылыстардан кейін жол бойындағы кешен тоналған
Тараз маңындағы жарылыстардан кейін тонаушылар жол бойындағы кешенді тонап кетті. Бұл туралы "Тау дос" кешенінің иесі Жанна Назарбекова айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кешен жарылыс болған әскери бөлімнен 500 метрде болғандықтан, соққы толқыны қуатты болған. Мекемеде терезелер қирап, шатыр құлаған, жиһаздар мен ыдыс-аяқ сынған.

"Біздің кешен Тараз қаласынан Алматыға шығатын жерде, Батыс Еуропа - Батыс Қытай тасжолы бойында орналасқан. Әскери бөлім кешеннің артында, бізден 500 метр қашықта орналасқан. Былтыр мұнда Арыс қаласынан оқ-дәрілер жеткізілді", - дейді кешен иесі.


"Тау Дос" кешенінің жарылысқа дейінгі суреті

"Тау-дос" қызметкерлері әуелі әскери бөлім аумағында өрт шыққанын айтты. Өрт сөндірушілер келіп, өртті сөндіруге кіріскен. Оқ-дәрі бірден жарылған жоқ.

"Күйеуім екеуміз ол кезде кешенде болмадық, біз кеше ғана емделуге кеткенбіз. Кешкі сағат 18.00 шамасында даяршылар бізге қоңырау шалды. Олар жұмыста жүргенде жарылыс болған. Алғашқы толқын болғанда терезелер сынған, адамдар қорыққаннан қашып шыққан. Жартысы Михайловкаға қашқан, бұл жақын маңдағы ауыл. Кейін қатарынан бірнеше жарылыс болған. Кешен іші толығымен қирады. Шатыр, есіктер, терезелер - бәрі жарамсыз. Барлық мүлік бүлінген", - дейді кешен иесі.

Тонаушылар жағдайды пайдаланып, ғимараттан құнды заттарды, тіпті азық-түлікті де алып кеткен.

"Тонау түнде басталды, түнде олар барлық барды, тоңазытқыштарды босатып кеткен, ақша да ұрланды. Дүкенде, кафеде, миллион теңгеге жуық бір күндік табыс болған. Жұмысшылардың жеке заттары да жоғалып кетті. Олардың телефондары, заттары. Барлық жиһаз көшеде жатыр", - дейді Назарбекова.

Кешен иелері қазірдің өзінде полицияға арыз жазған. Олар шығынды әлі есептеп үлгермеген. Үй иесінің айтуынша, жақында ғана ол банктен несие алып, жаңа шайхана салған, ол да қазір қираған.

"Біз мұнда әрең жеттік. Бізді кіргізбеді, барлығы қоршауға алынған. Бүгін таңертең әскери киім киген бір ер адамды ұстап алдық. Біздің көзімізше қымбат алкогольдік сусындарды сөмкесіне салып алып барады", - деп ашуланды кешен иесі.

"Тау Дос" кешенінің қазіргі көрінісі. Видео

Бұған дейін Жамбыл облысындағы жарылыстардан қаза тапқандар саны 9-ға жеткені айтылған болатын.

Еске салайық, Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімде сағат 19.00 шамасында қоймалардың бірінің жанында өрт шыққан. Өрт салдарынан анықталмаған заттар жарылған. Жақын маңдағы тұрғындар эвакуацияланғаны анықталды.

Бұған дейін Жамбыл облысында әскери қойма жарылысынан зардап шеккендер саны 66-ға жеткені хабарланған болатын. Кейін әскери қоймаларда не сақталғаны белгілі болды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та Жамбыл облысында жарылған әскери қоймаларға қатысты пікір білдірді. Ол жарылыс кезінде кімдер жарақат алғанын, сондай-ақ қылмыстық іс қозғалғанын айтты. Ол Тараз тұрғындарын сабырға шақырды.

Жарылыстардан кейін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі қауіпсіздік үшін жолдарға шектеу қойылғанын хабарлаған болатын.
Просмотров материала: 2 424

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 188 880 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 188 424 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 187 979 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 188 031 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 188 362 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 11 997 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 11 111 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 11 378 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 15 679 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 15 818 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 24 313 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 280 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 524 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 341 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 175 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 508 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 420 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 110 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 515 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 264 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 219 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 054 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 894 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 178 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 112 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 613 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 285 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 933 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 200 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 565 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 957 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 902 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 971 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 935 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 151 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 297 Просмотров





Опрос


«    Март 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031