4 июня 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Қарсы жолаққа шыққаны үшін жүргізуші куәлігінен айыратын түзету енеді

26 август 2021, 13:03
Қарсы жолаққа шыққаны үшін жүргізуші куәлігінен айыратын түзету енеді
"ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы қыркүйек айының басына дейін қаралады. Парламент мақұлдаса, жаңа нормалар 2022 жылы қаңтардан бастап күшіне енуі мүмкін, деп хабарлайды zakon.kz kolesa.kz-ке сілтеме жасап.

Жаңа жылдамдық шегі — 80 км/сағ немесе одан жоғары
Әкімшілік кодекстің 592-бабына "Көлік құралы қозғалысының белгіленген жылдамдығын 80 км/сағ және одан астам шамаға арттыру" деген жаңа 3-1-тармағын қосу және осы ережені бұзғандарға 40 АЕК айыппұл салу ұсынылды. Егер бір жыл ішінде қайталанса (4-1-тармақ, 80 км/сағ асырғаны үшін) айыппұл 50 АЕК болады.

Қазір қолданыстағы Әкімшілік кодексте жылдамдықты белгіленген шектен 40 км/сағ немесе одан асырғаны үшін ең үлкен айыппұл — 20 АЕК қарастырылған. Бірақ заң жобасын әзірлеушілер жылдамдықты асыру аса ірі жол апаттарының басты себебі екенін ескеріп, жүргізушілерге жүктелетін жауапкершілікті күшейтіп отыр.

Жүргізуші куәлігі жоқтар қарсы жолаққа шықса қалай жазаланады?
596-бапқа да толықтыру енгізу ұсынылды. Бұл бапқа сай қарсы бетке шыққан жүргізуші куәлігінен айырылады. Ал егер ереже бұзушының куәлігі болмаса ше? Тәжірибе көрсеткендей, мұндай адамдар (куәлігінен айырылғандар) аз емес, бірақ оларға жаза қарастырылмаған. Заңдағы осы олқылықты түзету үшін бапқа 3-1-тармақ қосылады, ол бойынша қарсы жолаққа шыққан жүргізушіге 30 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.

Сонымен қатар осы бапқа 4-1-тармақ қосылады, оған сәйкес көлік қарсы жолаққа шығып, көлік құралдары, жүк, жол және өзге де құрылыстардың не басқа мүліктің бүлінуіне әкеп соққан апатқа себепкер болса, 9 ай мерзімге көлік жүргізу құқығынан айыру көзделген.

Жабық тұрған теміржол өтпесінен өткені үшін куәлігінен айыру
607-бап 3-тармақпен толықтырылады. Ол бойынша теміржол өтпесінен өту қағидасын бұзып, мүліктің бүлінуіне әкеп соққан жол апатына себепкер болғаны үшін 9 айға жүргізуші куәлігінен айыру көзделеді.

Көлік жүргізу құқығынан айырмайды
Адам денсаулығына зиян келтірмеген жол апатына себепкер болғаны үшін (ҚР ӘК 610-бабының 1-бөлігі) алты айға көлік жүргізу құқығынан айыру жазасы алынып тасталады, оның орнына 20 АЕК айыппұл салынады.

Жоба авторларының айтуынша, жол-көлік оқиғасының бәріне жол ережесін өрескел бұзу себеп болмайды. Шамамен 80 % ереже бұзушы кінәсін мойындайды. Сол үшін жүргізуші куәлігінен айыру жазасын алып тастау мұндай істерді қарау барысын қысқартып, материалдық шығынды өтеу тәртібін жеңілдетеді. Статистика бойынша, 2020 жылы 610-бапқа сай 76 994 іс қаралса, соның 2929-ында ғана (3.8 %) жүргізуші көлік басқару құқығынан айырылды. Қалған 74 036 жағдай (96 %) айыппұл төлеумен шешілді.

Сондай-ақ 610-баптың 2-бөлігі әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде азамат әрекетті қайталаса немесе жәбірленушінің денсаулығына зиян келтірген жол апатына себепкер болса, 40 АЕК мөлшерінде айыппұл салу немесе 9 айға көлік жүргізу құқығынан айыру көзделеді деп түзетіледі.

Нашар жол үшін айыппұл
Жолдарда жұмыс жүргізу, жолдарды, темiржол өтпелерiн және басқа да жол құрылысжайларын күтiп ұстау жөніндегі талаптарды орындамағаны үшін құрылысшылар мен шенділер қатаң жазаға тартылады. Ережені бір жылда қайталап бұзған лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне — 20, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне — 25, iрi кәсiпкерлiк субъектiлеріне 40 АЕК мөлшерiнде айыппұл салынады. Бұл үшін Әкімшілік кодекстің 631-бабында жаңадан 3-тармақ қосылады.

Сонымен қатар кодекстегі бірнеше бапта "арнайы автоматтандырылған өлшеу құралы" терминін "сертификатталған арнайы бақылау-өлшеу техникалық құралы" деп ауыстырып, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғауға негіз болатын тізімді кеңейту ұсынылды. Демек фото және бейнежазбадан бөлек көлікті бақылау қызметінде қолданылатын құрылғылардың көрсеткіші бойынша да айыппұл салынуы мүмкін.
Просмотров материала: 5 332

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 202 908 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 202 534 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 202 028 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 202 085 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 202 448 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 12 802 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 11 859 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 164 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 16 785 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 16 859 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 044 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 637 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 667 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 440 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 295 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 911 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 537 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 234 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 633 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 452 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 324 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 155 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 013 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 333 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 234 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 723 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 685 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 072 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 306 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 685 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 060 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 003 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 123 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 067 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 271 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 424 Просмотров





Опрос


«    Июнь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930