24 ноября 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Жастардың әлеуетін тиімді қолдану қажет - Берген Беспалинов

Жастардың әлеуетін тиімді қолдану қажет - Берген Беспалинов
Елімізде мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту мақсатымен ауқымды реформалар жүзеге асырылуда. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында билік пен халық арасындағы өзара сенімді күшейтетін, мемлекетімізді одан әрі өркендетіп, азаматтардың әл-ауқатын арттыруды және тұрмыс сапасын жақсартуды көздейтін озық ойлы әрі бәсекеге қабілетті мамандар қажеттілігі өте зор.

Осыған орай, Президентіміз Касым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес елімізде екінші рет Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу жүргізілетін болады. Бұл жобаның басты мақсаты – қоғам мүдделерін басшылыққа алатын және маңызы зор әрі тиімді реформаларды іске асыра алатын жас таланттардың әлеуетін іске асыру.

Резервке іріктеу барысын барынша ашық және әділ өткізу мақсатында Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Жастар кадр резерві бойынша Ұлттық комиссия резервке іріктеудің арнайы тәртібі мен жоспарын бекітті. Осыған сәйкес кандидаттарды іріктеу ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен басталып, нәтижесінде 50 резервші іріктелетін болады.

Іріктеуге 35 жастан аспаған, жоғары білімді, кем дегенде 5 жыл еңбек өтілі бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады. 2019 жылы ұйымдастырылған іріктеуге қарағанда, бұл жолы кадрларды іріктеу процесі талап етілген білімдерді, дағдылар мен қабілеттерді ғана емес, сонымен қатар кандидаттардың шынайы мақсаттары мен құндылықтарын анықтауға бағытталған. Іріктеу барысында кандидаттардың күрделі сандық және мәтіндік ақпаратпен жұмыс істеу, ситуациялық тапсырмаларды шешу қабілеттері бағаланып, құрылымдалған мінез-құлық сұхбаты ұйымдастырылады. Сонымен қатар Ассессмент-орталығы арқылы кандидаттардың жаңа формация көшбасшыларына тән стратегиялық ойлау, қызметті басқару, белсенділік сияқты қасиеттеріне баға беріледі.

Елі мен жерінің көркеюіне перзенттік үлесін қосатын таңдаулы жастардың қатарына кірем деуші азаматтардың құжаттарын қабылдау 1 – 30 қыркүйек аралығында арнайы pkrezerv.gov.kz онлайн-платформасында іске асырылатын болады. Резервке іріктеу туралы соңғы шешім Жастар кадр резерві бойынша Ұлттық комиссиямен қабылданатын болады. Резервтің құрамына кірген маман 3 жыл ішінде мемлекеттік лауазымға тағайындалуға құқылы.

Өзінің келешегін күні бұрын ойлайтын мемлекет алдымен жас азаматтардың қабілет-қарымын шыңдап, тиісті дәрежеде көңіл бөлетіні түсінікті. Осындай жастарды мемлекеттік басқару аппаратына көбірек жұмылдыру қажет, себебі олардың ойлары ұшқыр, көзқарастары қалыптасқан, әлемдік тенденцияларды жақсы түсінеді.

Президенттік жастар кадр резерві - жас буын өкілдерінің жауапты қызметке келуі үшін жасалып отырған игі бастама. Бұл жоғары лауазымды қызметке орналасу ғана емес, ұлт үшін, ел үшін, халық үшін аянбай тер төгу деген сөз.

Бұл жобаның тиімділігін алғашқы іріктеуден байқауға болады. Резервке кірген 300 азаматтың ішінде 106 адам жеке сектордан, 98 адам квазимемлекеттік сектордан, 96 адам мемлекеттік қызмет жүйесінен болды. Бүгінгі таңда олардың 184-і немесе 60% жұмысқа тұрғызылып, еліміздің түрлі секторларында еңбек етуде.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында: «Дарынды жастарды басшылардың жаңа буынын даярлауға барынша тартып жатырмыз. Менің бастамаммен құрылған Президенттік кадр резерві – осының айқын дәлелі. Жобаның келесі кезеңінде қоғам мүддесіне адал көшбасшыларды іріктеуге ерекше назар аударамыз. Билік органдарындағы азаматтар, ең алдымен, ұлттық мүддеге берік болуға тиіс» деп атап өтті. Бұл сөзбен келіспеуге болмайды, себебі елімізге ұлттық мүддені терең сезінетін жастар керек.

Президент айтқандай, жастар – тың идеялардың қайнар көзі, оң өзгерістердің қозғаушы күші. Сондықтан өскелең ұрпақтың осындай әлеуетін дұрыс арнаға бағыттап, тиімді пайдалану қажет. Білімді әрі білікті жас мамандардың ортақ мүдде үшін топтасатын, ұлтты биікке жетелеп, жаңаша дамуға бастайтын маңызды әрі жауапты сәт келді...

БЕРГЕН БЕСПАЛИНОВ, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы
Просмотров материала: 636

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 123 539 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 123 370 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 123 011 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 123 035 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 123 343 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 8 492 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 7 665 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 7 734 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 10 926 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 11 070 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 20 451 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 327 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 653 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 549 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 358 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 461 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 657 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 325 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 670 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 435 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 431 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 272 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 117 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 363 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 295 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 16 826 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 174 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 150 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 369 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 697 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 120 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 136 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 178 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 101 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 334 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 485 Просмотров





Опрос


«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930