19 апреля 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Тауды әр жерінен жарып, 17 жылдан бері тонналап тасып жатыр

Тауды әр жерінен жарып, 17 жылдан бері тонналап тасып жатыр
Түркістан облысы, Түлкібас ауданына қарасты Ақбиік ауылының тұрғындары іргесіндегі кен өндіруші компаниялардың жұмысына наразы. Жергілікті халықтың айтуынша, қатты жарылыстардан үйлер мен ғимараттарға айтарлықтай зақым келген. Зиянды заттардан ауа ластанып, салдарынан елдімекен ішін түрлі дерт жаулады деп ашынып отыр, деп хабарлайды "Еуразия" бірінші арнасы.

Тұмса табиғатымен танымал Түлкібас ауданындағы Ақбиік ауылының жанындағы таудың қазіргі сыйқы осындай. Ірі компаниялар 17 жылдан бері оны әр жерінен жарып, цемент пен темірге қажетті қоспаларды тонналап тасып жатыр екен.

Соңғы екі жылда тұрғындардың айтуынша, жару жұмыстары жиілеген. Күндіз-түні жаратын салдарынан тау шөгіп барады. Ал негізі біз тұрған жер тұрғындардың айтуынша, ең биік шыңдарының бірі болған.

Жарылыс салдарынан үйлерінің қабырғалары қақырап, едендері қисайып, құлаудың сәл-ақ алдында тұр екен. Тіпті, өндіріске қажетті зиянды қоспалары ауамен таралып, қойлары іш тастап жатса, әйелдердің денсуалықтары сыр беріп, құрсақ көтеруден қалды дейді.

Әмір Айтжанов, Түлкібас ауданының тұрғыны:

Одан кейін жерасты сулары төмендеп кетті уже. Бұлақтардың көзі жабылып қалды. Ал малдың жайылымын ластап жатыр. Қазір малдар қозы тастап жатыр. Болмаса, сойсаң өкпе-бауыры жеуге жарамайды.
Сондай-ақ, тұрғындар ауыл ішінен арлы-бері жүк артып алып жүйткейтін КамАздарды және кен орындағы жару жұмыстарын үзілді-кесілді тоқтатуды талап етіп отыр.

Шаяхмет Елубаев, Түлкібас ауданының тұрғыны:

Біз жаңағы прокуратураға жаздық, жаңағы әкімшілікке де айттық. Ешқандай результат жоқ ол жақтан.
Ауыл тұрғындары жауаптыларға айта-айта әбден шаршадық дегеннен кейін, бір шешім қабылданбағаннан кейін, өздері жолды жауып ауыр жүк көліктерін өткізбейміз деп білек сыбана кірісіп отыр. Яғни, осы жерді күндіз-түні қарауылдауға дайынбыз дейді.

Жарылыстан қатты зардап шегіп жатқан ғимарттардың бірі - ауылдағы жалғыз балабақша.

Айнұр Жаппарова, балабақша меңгерушісі:

Жарылыс болған кезде, әсіресе балалар ұйықтап жатқан кезде, шошып оянады. Ол бір дауыс емес, артынан бірнеше рет жарылыс болған кезде бала тіптен басқаша бір күй кешеді. Біз оны бәріміз жан-жақтан жабылып басып, балаға түсіндіру өте қиын.
Ал аудан басшылығы бұл мәселеден хабардар. Бірақ аталмыш компаниялардың жұмысына араласа алмаймыз дегеннен әрі аса алмады. Себебі, Экология министрлігі темір рудаларын өндіруге рұқсат беріпті.

Бауыржан Ахметов, Түлкібас ауданы әкімінің орынбасары:

Қазіргі таңда ауылдың сыртынан жол өткізу мәселесі бірінші кезекте тұрған мәселе. Сол бойынша қазіргі таңда аудан әкімінің қаулысын шығарып, жергілікті ЖКХ бөліміне қазіргі таңда сол жолды демеушілер есебінен жұмыстар жоспарланып жатыр. Жарылыстың мөлшерін азайтуды ұсынған болатынбыз.
Ал кен орнында жұмыс істеп жатқан үш бірдей компания өкілдері барлығы заңды, ал ауыл тұрғындарының шағымы негізсіз деп қысқа қайырды.

Дархан Жиенбай, "Ferrum Construction" ЖШС директоры:

Ондай тәжірибиені әлемде ешкім ойлап тапқан жоқ. Жармай қазып алу. Ол тас оны экскаватор қазып ала алмайды. Оны әлемде астынан бұрғылап алады, астынан шахтамен. Ол егер 100 метрден төмен болған жағдайда. Ал бетінде жатқан руданы ешкім жармай ала алмайды.
Айта өтейік, кәсіпкерлер, әкімшілік және тұрғындар арасында бұған дейін үш жақты меморандум түзілген. Яғни, ауылға көмек көрсету мақсатында. Бірақ тұрғындар ешқандай көмектің қажеті жоқтығын айтып, тек жару жұмыстарын жуық арада тоқтатуды талап етіп отыр.



Просмотров материала: 476

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 196 195 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 195 795 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 195 305 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 195 354 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 195 713 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 12 421 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 11 512 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 11 807 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 16 295 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 16 390 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 24 693 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 496 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 598 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 400 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 244 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 741 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 485 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 180 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 577 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 357 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 278 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 112 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 960 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 265 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 176 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 677 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 518 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 014 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 266 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 641 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 017 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 961 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 053 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 016 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 213 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 371 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930