22 декабря 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Жаңа оқу жылында ең бастысы - біз балалардың денсаулығына мән береміз және сапалы білім алуына жағдай жасаймыз

24 август 2021, 12:00
Жаңа оқу жылында ең бастысы - біз балалардың денсаулығына мән береміз және сапалы білім алуына жағдай жасаймыз
Жаңа оқу жылының басталуына санаулы күндер қалды. Осы ретте, Azattyq Rýhy тілшісі Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының басшысы Шәкәрім Сейсенбай мырзадан жаңа оқу жылына дайындық, ұстаздар вакциналануы және оқулықпен қамту жөнінде сұхбат алды.

- Қазір білім беру ұйымдарында қайтадан дәстүрлі форматқа көшу науқаны жүріп жатыр. 2021-22 жылғы жаңа оқу жылына дайындық барысы қандай?

- Жаңа оқу жылына санаулы күн қалды. Пандемия бүкіл жүйеге, соның ішінде білім саласына айтарлықтай әсер етті. Десе де, биылғы жаңа оқу жылын Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша дәстүрлі форматта бастағалы отырмыз. Өткен жылы педагогтердің кәсібилігі мен қажырлы еңбегінің арқасында қиындықтарды еңсеріп, биылғы жаңа оқу жылын жүйелі жоспарлай алдық. Барлық ұстаздар қауымына алғысымды білдіремін.

Білім беру ұйымдары 1 қыркүйектен бастап жаңа жүйе бойынша жұмыс істей бастайды. Қала мектептерінде оқушылар мен мұғалімдердің қауіпсіздігі мен денсаулығының сақталуын қамтамасыз ету бойынша кешенді шаралар қабылданды. Ылғалды тазалау, бөлмені желдету және кварцтау, термометр жүргізу, күнделікті санитарлық-дезинфекциялық шараларды өткізу, әлеуметтік қашықтықты сақтау, «Бір сынып- бір кабинет» қағидаты бойынша сыныпқа кабинет тағайындау, мектептердің мұғалімдері мен техникалық қызметкерлерін вакциналау, оқу процесін ауысыммен ұйымдастыру, асхана жұмысын кестеге сәйкес қою, медициналық кабинеттер мен изоляторлардың жұмыс істеуі сияқты бірқатар шаралар жүргізіледі.

Білім беру ұйымдарына санитарлық-гигиеналық өнімдерді сатып алу үшін (үй-жайларды тазалауға, дезинфекциялауға және санитарлық тазалауға арналған жуғыш заттар, жеке гигиеналық ережелерді сақтауға арналған құралдар) жергілікті атқару органдары шамамен 27 миллион теңге бөлді.

- Мектеп мұғалімдері мен техникалық қызметкерлерін вакцинациялау міндетті ме?

- Балалардың денсаулығын сақтауда және білім беру ұйымдарында ұжымдық иммунитетті қалыптастыру мақсатында жаңа оқу жылына дейін мұғалімдер мен техникалық персоналға жаппай вакциналау жүргізілуде. Медициналық көрсеткіші бар адамдар вакцина алмайды.

Бүгінде педагогтердің 99,4%-дан астамы (19 мың педагогтің 16 158-і) және техникалық персоналдың 98,5%-ы (5928 техперсоналдың 4992-сі) вакцина алды. Оған қоса, мұғалімдер мен білім беру ұйымдарының қызметкерлері жыл сайын медициналық тексеруден өтуі тиіс. Ashyq жүйесіне барлық білім беру ұйымдары толық қосылды (100%). Бұл шара оқу процесін карантиндік шектеу кезінде білім беру объектілерін жалғастыруға мүмкіндік береді (дәстүрлі форматта). Ashyq жүйесі ата-аналар мен мектеп қызметкерлері үшін енгізілді.

- Жаңа оқу жылында оқулықтармен қамтамасыз ету үшін қанша қаражат бөлінді?

- Тамыз айында 2021-2022 оқу жылына арналған Нұр-Сұлтан қаласындағы мектептерге оқулықтар сатып алуға жергілікті бюджеттен 2 млрд 251 млн теңге бөлінді.

1 187 116 оқулық (15 баспамен) сатып алу туралы келісімшарт жасалды. Бүгінгі таңда 947 244 (80%) оқулық алынды, оның ішінде 850 879 (72%) жеткізілді. 25 тамызға дейін 239 872 оқулық жеткізу жоспарланған. Сондай-ақ білім алушылар 100% оқулықтармен және олардың ақысыз электронды нұсқаларымен қамтамасыз етіледі.

- Мектептерде сақтық шаралары қалай сақталады? Арнайы тексеру жұмыстары жүргізіле ме?

-Санитарлық-эпидемиологиялық талаптар мен қауіпсіздік ережелеріне сәйкес, 26 ​​шілде - 5 тамыз аралығында Санитарлық эпидемиологиялық қызметімен (мектептер мен колледждерді қабылдау) бірлесіп мониторинг жүргізілді. Оқу жылы басталғаннан кейін мониторниг топтары мен эпидемиологиялық қадағалау топтары тексеріп тұратын болады.

- Жаңа оқу жылында қанша бала мектеп табалдырығын аттамақ? Алғашқы қоңырау бола ма?

- Бірінші қыркүйекте 1-сыныпқа баратын оқушылардың санына келсек: 2021-2022 оқу жылында мектеп оқушыларының контингенті бүгінге 205 мың оқушыны құрайды (өткен оқу жылында - 193 512). Бірінші сынып оқушыларының болжамды контингенті - 24 мың бала (Өткен маусымда - 21 007 мың). Жоспарланған контингент бойынша қазір мектептерге 23 196 бала (96,6%) қабылданды. Биыл мектепке баратын оқушылардың саны артып отыр. 1 сыныптар үшін алғашқы қоңырау санитарлық нормаларды сақтай отырып өткізіледі. Балаларға алғашқы «Әліппе» және «Букварь» кітаптары тапсырылады. Ал 2-11 сынып оқушылары үшін сынып сағаттары кабинеттерде өтеді.


Жаңа оқу жылында ең бастысы - біз балалардың денсаулығына мән береміз және сапалы білім алуына жағдай жасаймыз

Жаңа оқу жылында ашылатын 7 мектеп:

Майқайың мен А351 көшелерінің қиылысындағы 1 200 орынға арналған №92 мектеп;
2021 жылдың қыркүйегінде Тайбұрыл 17 көшесінің бойында Байқоңыр ауданында орналасқан 600 орындық №23 орта мектеп пайдалануға қосымша берілмек.
Мемлекеттік жекеменшік серіктестер механизмі бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, №28, №38 көшелерінің қиылысында орналасқан 2000 орындық BINOM мектебі;
Жеке инвестиция есебінен:

Тұран даңғылы, №89 800 орынға арналған «Tamos Space School» жекеменшік мектебі (Tamos Space School ЖШС);
Храпатый-15 көшесінде 1200 орынға арналған жалпы білім беретін мектеп («Нұрлы-Астана» ҚФ);
І. Омаров көшесінде 700 орындық балабақшасы бар мектеп («EURO AST KZ2019» ЖШС);
Қ. Мұхамедханов көшесінде ЖШС «Quantum STEM SCHOOL» (BI Group) 1032 орынға арналған мектеп.
- Жыл сайын өтетін «Жалпыға бірдей оқыту» және «Мектепке жол» акциясы қалай жүруде? Биыл қанша балаға көмек көрсетіледі?

- Жалпыға бірдей оқыту Үкіметтің 2008 жылғы 25 қаңтардағы қаулысы негізінде - «Жалпыға бірдей міндетті орта білім беру» бағдарламасы шеңберінде бірнеше санат бойынша оқушыларға материалдық көмек көрсетіледі. Осы бағдарлама аясында ата-аналар балаларына мектеп киімі мен аяқ киімін және мектепке қажетті жазу-сызу құралдарын сатып ала алады.

Былтыр халықтың әлеуметтік осал топтарынан 13 мың оқушы қамтылса, биыл 15 мың баланы қамтуды жоспарлап отырмыз. Бір балаға көмек мөлшері - 40 мың теңге.

Бұл көмек қағидаларға сәйкес жеке нөмірі көрсетілген арнайы карталар пайдаланылатын «Атамекен» ҰКП ұсынған «BMC Sales» цифрлық платформасы арқылы көрсетіледі. Кәсіпкерлік палатамен бірлесіп қатысушы-компаниялар мен сауда нүктелерінің санын ұлғайту бойынша жұмыс жүргізілді. Мәселен, өткен жылы «Жаппай бірдей білім беру» бағдарламасына 16 компания және 27 сауда нүктесі қатысса, биыл 18 компания және 30 сауда нүктесіне артып отыр. 20 тамыздағы жағдай ббойынша, 3818 балаға көмек берілді.

Бағдарламаны іске асырудың 9 күнінде барлығы 57 087 272 теңге сомасына 3218 сатылым жасалды.

Жалпыға бірдей оқыту бойынша көмек алуға өтініш беру үшін ата-аналар бала оқитын мектептің әкімшілігіне өтініш беруі қажет. 11 тамыздан басталған бағдарламаны 31 қазанда аяқтауды жоспарлап отырмыз.

Сондай-ақ, аз қамтылған отбасылардың және көмекке мұқтаж балаларға бағытталған «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы да жүріп жатыр. Көмек алу үшін «Менің Атамекенім» порталының «Мектепке жол» парақшасында өтінім беру қажет.

Акция аясында 7000-ға жуық баланы көмекпен қамтуды жоспарлап отырмыз. Жыл басынан бері 4276 оқушыға көмек көрсетілді. Аудандық әкімдіктер 2,1 мың балаға керек-жарақтары бар мектеп рюкзактарын табыстады.

- Дәстүрлі форматқа оралу білім сапасын арттыруға ықпал ете ме, жеке көзқарасыңыз?

- Әрине, тигізеді. Өздеріңізге белгілі, былтырғы оқу жылында қашықтан оқу форматына Қазақстан ғана емес, әлем елдері де көшті. Білім деңгейін бағалаудың негізгі критерийі - білім сапасы. Пандемия білім сапасына әсерін тигізбей қоймады. Білім сапасының төмендегені байқалды. Ол бойынша білім сапасын толықтыру мақсатында жазда жазғы мектептер ұйымдастырылды. Онда оқушыларымыз өткен тақырыптарын қайталап, жаттығуларды орындап, жазғы уақытын тиімді пайдалана алды. Сонымен бірге, оқушылардың оқу үлгерімін де айта кетейін. Қазіргі заманғы цифрлық технологиялар мен қашықтықтан оқытудың енгізілуі балаларға түрлі деңгейдегі Халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жарыстарға қатысуға және жеңіске жетуге мүмкіндік берді. Өткен оқу жылымен салыстырғанда Олимпиадаға қатысушылардың саны 700-ге, жүлдегерлердің саны 350-ге артты. «Алтын белгі» иегерлері 46 оқушыға артты. Мұғалімдердің жоғары кәсіби педагогикалық шеберлігі болмағанда мұндай табыстарға қол жеткізу мүмкін емес еді. Жаңа оқу жылында білім сапасын көтеру мақсатында атқаратын жұмыс көп. Ұстаздардың біліктілігін арттыру, оқушыларға қосымша білім беру сияқты бірқатар жұмыстар жүргізіледі. Жаңа оқу жылында ең бастысы - біз балалардың денсаулығына мән береміз және сапалы білім алуына жағдай жасаймыз.
Просмотров материала: 2 891

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 127 152 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 126 968 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 126 623 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 126 643 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 126 951 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 8 660 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 7 829 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 7 907 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 11 147 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 11 290 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 20 657 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 392 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 677 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 569 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 379 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 498 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 681 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 351 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 690 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 455 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 454 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 289 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 138 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 383 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 320 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 16 843 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 205 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 170 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 390 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 729 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 146 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 153 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 194 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 128 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 354 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 506 Просмотров





Опрос


«    Декабрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031