12 апреля 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Мектеп директоры мен оның орынбасарларының лауазымдық жалақысы жыл сайын 25%-ға артады

23 август 2021, 14:57
Мектеп директоры мен оның орынбасарларының лауазымдық жалақысы жыл сайын 25%-ға артады
Бір ауданда орналасқан екі мектеп, бірдей бағдарлама бойынша жұмыс істейтін, бюджеті, мүмкіндіктері мен инфрақұрылымы да бірдей көрші тұрған қос білім ордасы екі бөлек нәтиже көрсететін жағдайлар кездеседі.

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің айтуынша, зерттеу нәтижелері көрсеткендей, мұндай айырмашылық көбінесе мектеп басшысына байланысты. Өйткені, тек мықты директор ғана үздік нәтижелерге қол жеткізетін ұйымшыл ұжым қалыптастыра алады.

«Мұндай директор жұмысты тиімді ұйымдастырып, ата-аналар, оқушылар және білім беру құрылымдарымен ашық жұмыс істейді. Сонымен бірге қызметкерлерді жігерлендіріп, тек жетекші болып емес, шығармашылық тұрғыда шабыттандырушы әрі көшбасшы да бола біледі.

Бүгінгі таңда біз кадр мәселесіне тап болып отырмыз. Директор немесе оқу ісінің меңгерушісіне қойылатын талаптарға сәйкес келетін, аталған лауазымдарда жұмыс істеуге ниетті мықты қызметкерлердің қатары сиреп барады», - деп жазды министр.

Министрдің айтуынша, мұның бірнеше себебі бар. Мұғалімдермен салыстырғанда директорларға жауапкершілік көбірек жүктеліп, жалақының төмен болуына байланысты мықты педагогтер мектеп директоры болғысы келмей жатады.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының тапсырмасы бойынша біз мектеп басшылығы лауазымына тағайындау тәртібі, біліктілікті арттыру жүйесі, еңбекақы төлеу және мектеп директорларын аттестаттау рәсімін қайта қарап жатырмыз. Сондай-ақ ротациялаудың жаңа институты енгізіліп жатыр», - деді А. Аймағамбетов.

Аттестаттау бойынша:

Алғаш рет білім беру ұйымдарының басшылары мен олардың орынбасарларына аттестаттау және біліктілік санатын беру жүйесі енгізіліп жатыр. Аттестаттау үш жылда бір рет өткізіліп, екі кезеңнен тұрады.

Бірінші кезеңде заңнама бойынша білімін тексеруге арналған және басқарушылық құзыреттері бойынша тест тапсырады.

Екінші кезеңде білім беру ұйымдарының басшылары белгілі бір уақыттағы атқарған жұмысының тиімділігі бағаланады. Оқу меңгерушілері үшін аттестаттау тестілеусіз тек бір кезеңнен тұратынын атап өткім келеді.

Аттестаттау нәтижелері бойынша комиссия атқаратын лауазымына сәйкестігі/сәйкес еместігі туралы және үш санаттың біреуін беру туралы шешім қабылдайды. Яғни, лауазымына сәйкестігі белгілі болса, директорға санат беріледі. Керісінше, лауазымға сәйкес емес болса, директор жұмыстан босатылуы мүмкін.

«Берілген санатқа байланысты директор немесе оқу ісінің меңгерушісі санат үшін лауазымдық жалақыдан 30%, 70%, 100% мөлшерінде қосымша ақы алатын болады.

Сонымен қатар мектеп директоры мен оның орынбасарларының лауазымдық жалақысы жыл сайын 25%-ға артады.

Бұл шаралардың барлығы мектеп басшылығының жалақысын мұғалімдердің орташа жалақысының деңгейіне жақындатуға мүмкіндік береді», - деп жазды.

Дегенмен, қабылданып жатқан бұл шаралар мектеп басшысы лауазымына ең мықты мамандарды тарту үшін жеткіліксіз.

«Басшыларға еңбекақы төлеу жүйесінде бұрын-соңды ынталандырушы факторлар болған жоқ. Көшбасшының жалақысы оның тиімді немесе тиімсіз болуына байланыссыз бірдей болатын. Сонымен қатар мектепте 80 бала оқитын білім ордасының директоры мен 1200 бала білім алатын мектеп директоры бірдей жалақы алады.

Қазір біз аттестаттауды және жұмыс тиімділігі үшін қосымша ақы төлеу жүйесін енгізіп жатырмыз. Сондай-ақ мектептің жобалық қуаттылығына байланысты лауазымдық жалақыны дифференциялауды енгізу жоспарда бар.

Сондықтан алдағы уақытта да біз мектептерді ең мықты педагогтердің басқаруы үшін шаралар ұсынатын боламыз», - деп жазды министр.
Просмотров материала: 6 831

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 195 160 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 194 754 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 194 267 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 194 321 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 194 671 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 12 362 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 11 458 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 11 749 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 16 211 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 16 308 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 24 639 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 475 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 585 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 392 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 234 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 724 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 475 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 169 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 567 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 342 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 270 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 103 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 949 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 251 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 166 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 669 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 485 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 000 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 256 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 630 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 006 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 950 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 038 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 002 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 204 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 361 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930