1 мая 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Қасым-Жомарт Тоқаев пен Мун Чжэ Ин қандай келіссөздер жүргізді

17 август 2021, 12:07
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Мун Чжэ Ин қандай келіссөздер жүргізді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасының Президенті Мун Чжэ Инмен келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Оңтүстік Корея Президентінің резиденциясында ресми делегация мүшелерінің қатысуымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Президент Мун Чжэ Ин келіссөздер өткізді.
Тараптар қазақ-корей стратегиялық әріптестігін одан ары дамытудың перспективаларын жан-жақты талқылады. Сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайтуға ерекше көңіл бөлінді.

Сонымен қатар мемлекеттер басшылары ғаламдық және аймақтық өзекті мәселелерді қарастырып, халықаралық құрылымдардағы өзара ынтымақтастықты талқылады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Мун Чжэ Инге корей жерінде көрсетілген құрмет пен қонақжайлығы үшін ризашылығын білдірді.
Мемлекет басшысы 2019 жылы Нұр-Сұлтан қаласында өткен кездесудің қазақ-корей қарым-қатынасына тың серпін бергенін айтты.


Қасым-Жомарт Тоқаев Оңтүстік Корея Қазақстанның Азиядағы ең маңызды стратегиялық әріптесі екенін атап өтті.

– Бүгінгі таңда Қазақстанның экономикасына 6 млрд доллардан астам корейлік инвестиция тартылған. Инвестиция тарту ісін бұдан былай да жалғастыра беру керек деп ойлаймын. Мен осыдан екі жыл бұрын өзара байланыстарымызды арттыру үшін ауқымды жоба құру керек екенін Сізге айтқанмын. Қазір Қазақстанда кореялықтар қаржы салған 550 компания жұмыс істеп жатыр. Олардың арасында Samsung, Hyundai, Lotto, Posko және тағы басқалары бар. Өте жақсы институционалды база қалыптасқан, үкіметаралық комиссия мен іскерлік кеңес жұмыс істеп жатыр, – деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы кореялық әріптесіне коронавируспен күресте көрсеткен гуманитарлық көмегі үшін алғыс айтып, қазақстандық QazVac вакцинасы туралы ақпаратпен бөлісті.
Қасым-Жомарт Тоқаев Оңтүстік Кореяның жоғары технологиялар мен денсаулық сақтау саласын дамыту тәжірибесіне қызығушылық танытты.

Оңтүстік Корея Президенті пандемия басталғалы бері осындай жоғары деңгейдегі кездесуді ең бірінші болып Қазақстан Президентімен өткізіп жатқанын атап өтті.

– Сізді көп күткен аса қадірлі қонақ ретінде күтіп алғаныма қуаныштымын. Біздің кездесуіміздің Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Корей Республикасы Тәуелсіздігінің 76 жылдығы қарсаңында өтіп жатқаны аса маңызды, – деді Президент Мун Чжэ Ин.

Оңтүстік Корея Президенті Мун Чжэ Ин Қасым-Жомарт Тоқаевқа және Қазақстан халқына Кореяның ұлттық батырлары, ел тәуелсіздігі үшін күрескен Ге Бон У, Хван Ун Дена және генерал Хон Бон Доның сүйектерін тарихи Отанына жеткізуге ықпал еткені үшін ризашылығын білдірді.

Корей басшысы аймақтық және халықаралық үдерістерде Қазақстанның аса маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

– Қазақстан Тәуелсіздік алғаннан кейін сыртқы саясатта ашық әрі тығыз байланыс орнатып, белсенділік таныту арқылы Орталық Азиядағы қырқынды дамушы мемлекетке айналды. Сонымен қатар Қазақстан Азиядағы өзара ынтымақтастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес арқылы және Дүниежүзілік сауда ұйымындағы министрлер конференциясының теңтөрағасы ретінде де көпжақты ынтымақтастықтың әртүрлі тетіктерінде белсенді көшбасшылық танытып келеді. Қазақстан Корея Республикасының Орталық Азиядағы ең алғашқы сауда және инвестициялық әріптесі. Елдеріміз арасындағы дипломатиялық байланыстар орнаған 30 жыл ішінде біздің қатынасымыз тек қана достық пен ынтымақтастыққа негізделді. Тіпті, пандемия кезінде де біз барлық деңгейде сырттай байланыс орнатып отырдық. Қазақстан Кореяның «Жаңа солтүстік саясат» мемлекеттік стратегиясында аса маңызды әріптес. Біздің өзара ынтымақтастығымыздың әлеуеті бұнымен де бітпейді деп есептеймін, – деді Оңтүстік Корея Президенті.

Мун Чжэ Ин екі елді байланыстыратын ерекше қарым-қатынастарды атап өтті.


– Корей халқының Қазақстан халқына деген ықылас-пейілі ерекше. Біз үшін Қазақстан Еуразия құрлығының орталығы болып саналады. Біздің халықтарымыздың тарихи байланысы сонау Ұлы Жібек жолынан тартып, кейінгі этникалық корейлерді Қазақстанға жер аударумен жалғасты. Біз Қиыр Шығыстан жер аударылып барған корейлерді өзінің ыстық құшағын жайып қарсы алған қазақ халқының кең пейілдігін ешқашан ұмытпаймыз, алғысымыз шексіз, – деді Оңтүстік Корея Президенті.

Келіссөздердің қорытындысы бойынша мемлекеттер басшыларының қатысуымен бірқатар екіжақты құжатқа қол қойылды:

1. Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасының Бірлескен мәлімдемесі (ауызша қабылданды);
2. Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі мен Корея Республикасының Ішкі істер және қауіпсіздік министрлігі арасындағы мұрағат ісі саласындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
3. Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі мен Корея Республикасының Сауда, индустрия және энергетика министрлігі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
4. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі мен Корея Республикасының Қоршаған орта министрлігі арасындағы су ресурстарын басқару саласындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
5. Қызылорда облысы әкімдігі мен Корея Республикасының Ардагерлер мен патриоттар жөніндегі агенттігі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
6. «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ мен Корея халықаралық сауда қауымдастығы (KITA) арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум.

Просмотров материала: 633

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 197 915 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 197 518 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 197 025 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 197 076 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 197 445 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 12 527 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 11 604 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 11 905 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 16 450 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 16 538 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 24 780 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 557 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 623 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 413 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 262 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 768 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 500 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 195 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 591 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 391 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 291 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 124 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 971 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 282 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 190 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 690 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 541 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 042 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 275 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 652 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 029 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 970 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 071 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 036 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 231 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 387 Просмотров





Опрос


«    Май 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031