6 июля 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



"Азаматтық ұстанымым!": Абаев қазақ тіліне қатысты шулы мәлімдемесін түсіндірді

13 август 2021, 17:09
"Азаматтық ұстанымым!": Абаев қазақ тіліне қатысты шулы мәлімдемесін түсіндірді
Қазақстан президенті әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев қазақ тілін білмейтін дүкендегі сатушылар жайлы видео жариялаған блогерлер әрекетін "үңгірдегі ұлтшылдық" деп атаған болатын.

Сол шулы мәлімдемеден кейін ақын Маралтай Райымбекұлы әлеуметтік желідегі парақшасында Дәурен Абаевты қоғам мемлекеттік идеологияға жауапты тұлға ретінде танитынын айтып, оған бірнеше сауал жолдады.

"Ел азаматтарының 20%-і ғана орыс. Өзіңіз айтқандай, ел азаматтарының 90%-і әлі де орысша білуі және балалардың 30%-і орысша оқуы масқара емес пе? Керісінше, бұл егемендік алғанымызға 30 жыл өтсе де, қазақ тілі мемлекеттік тіл деген мәртебелі тұғырына қона алмай отырғанының көрінісі емес пе?", - деді Маралтайұлы.

Сондай-ақ сұхбатта айтылған "пещерный национализм" деген тіркес кімге қарата айтылғанын сұрады. Үшінші сауалы ретінде дәл осындай қалыппен мемлекеттік тілдің жағдайын қалай, қайтіп және қашан дұрысталады деген сауал жолдады.

Араға бірнеше сағат салып Дәурен Абаев әлеуметтік желідегі парақшасында жауап жазды. Ол бүгінде басты капиталдық ақпарат екенін, ал ақпарат тіл білген адамның қолында екенін алға тартты.

"Қазақтар 2-3 тіл білсе оның несі айып? Халқымыз "Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл" демеуші ме еді? Кешегі әл-Фараби 70-ке тарта тіл білсе, ұлы ақынымыз Абай Құнанбайұлы араб, парсы, шағатай, орыс тілдерін білгендіктен де адамзат руханиятының биігіне көтерілді емес пе? Елбасы екі тілде емін-еркін сөйлеген соң, халықты ұйыстырып, шекарамызды шегендеп, аумалы-төкпелі уақыттан аман-есен өткен жоқ па еді? Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының БҰҰ ресми алты тілінің төртеуін жетік меңгеруі талай келіссөздің ел пайдасына шешілуіне жол ашпай ма? Тіл – адам мен адамды байланыстыратын құрал", - деп жауап жазды Абаев ақын қойған алғашқы сұраққа.

Өзгелермен терезесі тең, ешкімге есесін жібермеуі үшін де қазақ баласы көп тіл білгені жөн деп есептеймін. Алайда орыс немесе ағылшын тілін білу қазақ тілін меңгеруге кедергі болмауға тиіс. Рухани байлығымыз бен ұлттық кодымыз да тілімізден көрініс табады. Бір сөзбен айтқанда, қазақты тану үшін тілін үйрену керек, деді ол.

Ол сондай-ақ бір кездері елімізде қазақ мектептерінің саны 10% ғана болған уақытты еске алып, қазір оның 70%-ке жеткенін, қазақ балабақшаларының саны да 6 мыңнан асқанын айтты.

"Пещерный националист" деген кім

Дәурен Абаев осы тұста қазақ тілін қандай әдіс арқылы үйретіп, қалай дамытамыз деген мәселе туындағанын айтып, неге кей белсендіні "пещерный националист" деп атағанын түсіндірді.

"Мен қазақ тілінің болашағына алаңдайтын адамның бәрін сыйлаймын. Әсіресе, қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытатын әр мұғалімді, репетиторды, балаларға арнап мемлекеттік тілде кітап шығарып, мультфильм, кино, сериал түсіріп жүрген әрбір авторды ерекше құрметтеймін. Алайда тіл сияқты нәзік әрі сезімтал мәселені байыппен емес, хайппен және лайкпен шешкісі келетіндерге қарсымын. Қоғамға жік салып, қақтығыс туғызуды көздейтіндер әрекетін құптамаймын. Бұл – менің азаматтық ұстанымым!", - деп жазды Абаев.

Ол дөрекілікке тап болған сол сатушы шулы оқиғадан кейін қазақ тілін оқуға кіріседі деп ойламайтынын, керісінше, қысымға қарсылық танытатынын айтты.

"Ана тілімізді дамыту ісінің көшбасында мәдениетіміз бен білім беру жүйемізді насихаттайтын "жұмсақ күш" болуға тиіс. Жер мен тіл – халқымыздың ең басты құндылығы. Бұларды қазақтың жаны мен бары деуге де болады. Алайда осы екі тақырып арқылы қоғамдағы алауыздықты қолдан қоздырып, түрлі айла-шарғы арқылы біреуді сатқын, енді біреуді халық жауы жасау оңай", - деді ол.

Ол қазақ тілі міндетті түрде ұлтаралық қарым-қатынас тіліне айналады, берекелі тірліктің кілті – татулықта, деп түйіндеді.


Просмотров материала: 3 927

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 155 699 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 155 510 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 155 156 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 155 190 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 155 486 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 10 176 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 9 321 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 9 506 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 13 220 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 13 415 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 22 282 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 9 277 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 041 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 908 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 735 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 887 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 021 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 689 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 058 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 787 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 795 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 636 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 476 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 737 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 680 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 188 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 617 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 511 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 767 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 105 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 516 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 492 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 534 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 473 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 713 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 856 Просмотров





Опрос


«    Июль 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031