1 августа 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



"Тіл майданы" қозғалысы төңірегіндегі жанжалға қатысты мамандар пікір білдірді

13 август 2021, 16:58
"Тіл майданы" қозғалысы төңірегіндегі жанжалға қатысты мамандар пікір білдірді
"Til Maydani" YouTube-арнасында жарияланған бейнероликтер қоғамда қызу талқыланып жатыр.

Қоғам белсенділерінің дүкендерде қазақ тілін қодануды тексеру бойынша акциясы бірнеше қалада, атап айтсақ, Нұр-Сұлтанда, Алматыда, Павлодарда, Ақтауда және Оралда өтті. Кейбір роликте адамдар "Қазақстанды құрметтемегені үшін" камераға қарап кешірім сұраған. Осы жағдайға қатысты Қуат Ахметовтің өзі және мамандар не дейді?

Ұйым ресми тіркелген бе?

"Til Maydani" YouTube-арнасының негізін салушы Қуат Ахметов өз қозғалысын онлайн-партия деп атады. Бірақ Қазақстанның әділет министрлігі ұсынған ақпарат бойынша "Til Maydani" қоғамдық ұйым ретінде тіркелмеген.

"Базада мұндай заңды тұлға жоқ", - деді ведомстводағылар.

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің БАҚ-пен байланыс департаментінің директоры Шыңғыс Төкеев бұл бастамашыл топ болуы мүмкін екенін айтты.

"Бұл қоғам белсенділерінің бастамасы. Біз облыс әкімдіктерімен бірлесіп осы азаматтарға мемлекеттік тілді дамыту бойынша қоғамдық жұмысты конструктивті сипатта жүзеге асыру қажеттілігі жөнінде түсіндіргенбіз", - деді өз кезегінде министрліктің ұлтаралық қарым-қатынасты дамыту комитетінің басшысы Ғалым Шойкин.

"Til Maydani" белсенділері қазақ тілінің қоғамдық қарым-қатынастың барлық саласында қолданылуын қарастыратын "Тул туралы" заңның 4-бабына сүйенген. Шойкиннің айтуынша, мұндай жанжалдар мемлекеттік тілге деген көзқарасты түбегейлі өзгертіп жіберуі мүмкін.

"Қазақстан – демократиялық ел. Сондықтан қазақ тілін насихаттау кезінде "міндеттеу мен дөрекі арандатушылыққа" жол беруге болмайды", - деді ол.

Айта кетері, Қазақстан президенті әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев белсенділердің әрекетін сынға алды.

"Заң алдында бәрі бірдей. Тіл мен ұлт мәселесінде арандатушылыққа баруға болмайды. Егер арандатушылық, құқықты шектеу тіркелсе, онда құзырлы органдар ол мәселенің ара-жігін ажыратып, баға беруі керек", - дейді Шыңғыс Төкеев.

Ресейдің сыртқы істер министрлігі де осы даулы оқиғаға қатысты пікір білдірді. Ведомство өкілдері "тіл патрулінің" төңірегіндегі әрекеттерге Қазақстан билігі мен құқық қорғау органдарының тиісті деңгейде назар аударатынына сенім білдіріп, ҚР президенті әкімшілігінің өкілі Дәурен Абаевтың көзқарасын қолдайтынын мәлімдеді.

"Мен - Қазақстан азаматымын"

Ал Қуат Ахметов өзін ұлтшыл деп санамайды. Бұл туралы ол Sputnik агенттігіне айтты.

"Мен өзімді Қазақстан азаматымын деп санаймын. Қазақстан Респуликасының заңдары сақталуы және мемлекеттік тілге құрмет көрсетілуі үшін заң аясында әрекет етіп отырмын. Шешен, ұйғыр немесе орыс болсын, барлығы заңды сақтап, қазақ тілінде қызмет көрсетуі керек", - деді Қуат Ахметов.

"Til Maydani" арнасында тек роликтер емес, азаматтардың құжаттары да жарияланған. Заңгер Шәкір Суханбердиннің айтуынша, бұл адамның жеке өміріне қолсұғушылық ретінде қаралады және мұндай әрекетке Конституцияда тыйым салынған.

"Бұл жеке деректерді жария ету боп саналады. Егер Ахметов заң аясында әрекет еттім десе, онда Қазақстан Конституциясы бойынша қазақ тілі мемлекеттік тіл екенін, бірақ 5-бап мемлекеттік ұйымдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі тең дәрежеде қолданылатынын қарастырады. Ал 6-бапта елдегі әрбір азамат туған тілінде сөйлеуге құқылы екені жазылған", - дейді заңгер.

Суханбердин Ресейде де мұндай оқиға жиі болып тұратынын еске салды. 2017 жылы әлеуметтік желіде экстремистік пост жариялаған ұлтшыл Демушкин 2,5 жылға сотталса, 2019 жылы Instagram-дағы жеке аккаунты арқылы ұлттық алауыздық тудыратын видео бөліскені үшін Новочеркасск тұрғынына 15 мың рубль көлемінде айыппұл салынды. РФ Қылмыстық кодексінің 282-бабы бойынша адамдар арасында алауыздық немесе жаулық тудырғаны үшін айыппұл ғана емес, сондай-ақ 2-5 жылға дейін мәжбүрлеп жұмысқа тарту және 3 жылға дейін белгілі бір қызметті атқару құқығынан айыру, сондай-ақ 6 жылға дейін абақтыға жабу қарастырылған.

Тілді қорғау ма, әлде арандату ма?

Шәкір Суханбердин "Til Maydani" қозғалысын ұлтаралық алауыздық тудырды деп айыптауға толық негіз бар деп санайды.

"Бұл Қылмыстық кодекстің 174-бабы. Яғни, жария немесе бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникациялар желілерін пайдалана отырып, алауыздық тудыруға бағытталған қасақана әрекеттер. YouTube арнасын екі санатқа да жатқызуға болады", - дейді Суханбердин.

Кәсіпкер Бауди Абуев Қуат Ахметовты сотқа берген. Кәсіпкер өкілінің берген мәліметі бойынша, өткен жылы болған рейдтердің бірінде қозғалыс мүшесінің бірі – Дусанов деген азамат ингуштер жұмыс істейтін бутиктің біріне келіп, оларды видеоға түсіре бастаған.


"Шу шығарды, балағат сөздер айтты. Қазақ тілінде қызмет көрсетпегені үшін келтірілген зиянды өтеу мақсатында Дусанов пен Ахметов бізді сотқа берді. Одан кейін біз де қарсы арыз бердік. Қазір барлық ақпаратты екі тілде – қазақ және орыс тілінде ұсынып отырмыз. Олар осы әдіспен ақша табатын секілді", - дейді Абуов.

Қуат Ахметов Facebook-тегі парақшасында кейде ақша жинап тұрады. Sputnik агенттігіне Ахметов бұл қаражат оған адвокат жалдау үшін керек екенін айтты. 8 адам қоғам белсендісін сотқа берген.


Просмотров материала: 1 133

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 211 369 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 211 036 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 210 527 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 210 572 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 210 944 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 261 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 293 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 601 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 248 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 331 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 503 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 738 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 811 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 515 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 384 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 234 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 617 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 345 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 751 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 556 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 395 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 239 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 093 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 436 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 322 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 802 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 037 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 148 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 391 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 776 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 127 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 071 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 205 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 147 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 364 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 516 Просмотров





Опрос


«    Август 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31