30 октября 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Олимпиададағы сәтсіздік: үкіметте арнайы кеңес өтті

12 август 2021, 16:31
Олимпиададағы сәтсіздік: үкіметте арнайы кеңес өтті
Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен арнайы кеңесте бұқаралық және балалар спортын дамыту бойынша бірнеше маңызы тапсырма берілді, деп хабарлады үкіметтің ресми сайты.

Президенттің тапсырмасы бойынша ең алдымен бұқаралық және балалар спортымен айналысу барынша қолжетімді болуға тиіс. Осыған байланысты биыл халықтың спортпен шұғылдану көрсеткішін кем дегенде 35 процентке жеткізу керек.

"Ол үшін әкімдіктерге мемлекеттік спорттық тапсырыс көлемін ұлғайту, қосымша балалар, жасөспірімдер клубтарын, балалар-жеткіншектер спорт клубтарын ашу, мектеп және студенттер спорт лигаларының жұмысын қайта бастау есебінен балаларға арналған тегін спорт секцияларын кеңейту тапсырылды", - делінген арнайы кеңестің ресми хабарламасында.

Сондай-ақ Қостанай, Атырау және Маңғыстау облыстарында спорт мектеп-интернаттарының құрылысын бастауға тапсырма берілді. Себебі осы өңірлерде ондай нысандар жоқ. Ал қалған аймақтар спорт объектілерінің материалдық-техникалық деңгейін көтеруге тиіс. Жыл соңына дейін әкімдіктер 43 дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысын аяқтауға міндетті. Бұдан бөлек, Work-out алаңдары мен басқа да шығынсыз спорт ғимараттарының желісін кеңейту керек.

Сосын спорт нысандарының толық жүктелуіне ерекше назар аудару қажет. Бұдан бөлек, тағы бірқатар маңызды тапсырма берілді. Олар:

"Nur Otan" партиясының мамандандырылған спорт мектептері оқытушыларының жалақысын 2023 жылға дейін екі есе арттыру, 2025 жылға дейін әрбір ауылдық округті спорт нұсқаушысымен қамтамасыз ету жөніндегі жол картасында көрсетілген іс-шаралардың орындалуын ерекше бақылауға алу;
Үздік халықаралық тәжірибені ескере отырып, кәсіби спортшыларды, соның ішінде ұлттық құрама командаларын даярлау тәсілдерін қайта қарау;
Бұқаралық, кәсіби спорт үшін спорт мамандарының (спорт психологтары, биомеханиктер, биохимиктер, диетологтар және т. б.) тапшылығы мәселесін шешу бойынша арнайы бағдарлама әзірлеу;
Спортқа бағытталатын бюджеттік және бюджеттен тыс қаражаттың тиімді жұмсалуына қатаң бақылау жүргізу;
2025 жылға дейінгі дене шынықтыру мен бұқаралық спортты дамыту жөніндегі қабылданған кешенді жоспарды қайта қарау;
Мәдениет және спорт министрлігінің елде бұқаралық және балалар спортын дамыту бойынша өкілеттіктерін кеңейтетін заңнамалық түзетулерді қабылдау.
Кеңеске мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова да қатысты. Ал спортқа жауапты әкімдік басшылары онлайн байланыс арқылы қосылды.
Просмотров материала: 1 026

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 224 655 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 224 361 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 223 852 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 223 891 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 224 252 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 967 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 995 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 13 333 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 18 025 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 18 050 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 26 249 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 929 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 8 054 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 680 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 560 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 598 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 788 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 549 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 960 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 741 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 555 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 402 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 248 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 620 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 493 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 978 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 419 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 306 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 542 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 940 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 283 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 224 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 368 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 305 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 555 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 679 Просмотров





Опрос


«    Октябрь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031