22 декабря 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Мамайдың ісі цинизм. Демократияны бұзу – заңгер Ташенова

12 август 2021, 14:54
Мамайдың ісі цинизм. Демократияны бұзу – заңгер Ташенова
Бүгін мен Алматты қаласы сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасына Б.Байбектің ар-намысын, абыройын және іскерлік беделін қорғау жөнінде Ж.Мамай мен И.Иманбаеваға қарсы талап-арызы бойынша аудандық соттың шешіміне берілген апелляциялық шағымға пікір (қарсылық) енгіздім, деді Бауыржан Байбектің қорғаушысы Айжан Ташенова, деп хабарлайды zakon.kz.


– Өздеріңіз білетіндей, сот жауапкерлер таратқан мәліметтерді Б.Байбектің ар-намысы, абыройы және іскерлік беделіне нұқсан келтіреді әрі шындыққа сәйкес келмейді деп тапты және оларды терістей отырып, тиісті бейнематериалдарды өшіруді міндеттеген болатын, – дейді ол.
Сот отырысы БАҚ өкілдерінің қатысуымен онлайн режимде ашық әрі жария түрде өтті.

– Сонымен қатар, мен сот процесіне қатысты барлық құжаттарды көпшілікке уақтылы ұсынып, егжей-тегжейлі хабардар етіп отырдым. Апелляциялық шағым және оған менің пікірім туралы тоқталып өтейін. Б.Байбектің Ж.Мамай мен И.Иманбаеваға қарсы талап-арызы бойынша шығарылған сот актісі заңды және толықтай негізді. Ал апелляциялық шағымда келтірілген дәлелдер мүлдем негізсіз. Атап айтқанда, аппеляциялық шағым Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 404 және 427-баптарының талаптарына сәйкес келмейді, себебі бұл құжатта (қосымша тіркеп отырмын) іс үшін маңызы бар және шешімнің күшін жоюға немесе өзгертуге негіз болатын жаңа фактілер немесе бірде-бір нақты дәлел келтірілмеген, – деді заңгер.
Шағым заңды түрде дұрыс рәсімделмеген. 8 беттің ішіндегі 7,5 беті – бұл тек шағым түсіріп отырған сот шешімінен үзінділерден тұратын фактілердің сипаттамасы мен заң нормалары ғана. Яғни, осыған дейінгі бүкіл отырыстардағыдай Ж.Мамай мен И.Иманбаева және олардың жалғыз қалған заңгері бірінші сот инстанциясының шешімін екі ғана абзацқа сыйып кеткен бос сөзбен және расталмаған дәлелдермен дауламақшы.

– Шағымның мазмұнына келсек, бұл жауапкерлердің Б.Байбекке қатысты кеңінен таратқан мәліметтеріне, толықтай жалған және негізсіз пайымдарына еш дәлел жоқ екенін тағы да көрсетіп отыр. Таңқаларлығы сол, бұған дейін "масштабты коррупция" фактілері туралы барлығын сендіргісі келген Ж.Мамай мен И.Иманбаева өздерінің берген шағымдарында тек 2 мәселе – "Қазақфильм" АҚ жер учаскесі мен автобус сатып алу туралы айтқан. Нақты айтқанда, жауапкерлер сотқа қандай да бір жаңа құжат пен маңызды дәлел келтірмеген. Ал бұл екі мәселе де бұған дейін бірінші инстанциядағы сотта барлық растайтын құжаттарды зерттей отырып, егжей-тегжейлі қаралған болатын, – дейді ол.
Бұған дейін дәлелденгендей, "Қазақфильм" АҚ жер учаскесі "Рухани жаңғыру" мемлекеттік бағдарламасы аясында "Этноленд" жобасын жүзеге асыру үшін Алматы қаласының туризм басқармасына берілген. Жоба мәдениет қайраткерлерінің қатысуымен қоғамдық тыңдаудан өткен. Тағы айта кететін жайт, бұл учаске барлық уақытта мемлекеттік меншікте болған және бүгінге дейін мемлекеттік меншікте. "Қазақфильм" АҚ болса тек ұзақ мерзімді жалға алу құқығын ғана иеленген. Жерді беру заңдылығы үш инстанциядағы сотта тексерілді, бұл туралы тиісті сот актілері де бар.

"Этноленд" жобасы Б.Байбек әкім болып тұрған шақта бекітілген. Бірақ оны одан әрі іске асыру мәселесі Алматы қаласының қазіргі басшылығының құзыретіне жатады, себебі 2019 жылғы 28 маусымнан бастап, яғни 2 жылдан астам уақыт Б.Байбек әкім қызметін атқармайды.

– Ал автобустарды сатып алу – ҚР Қаржы министрінің 2017 жылғы 25 желтоқсандағы бұйрығына сәйкес, ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу комитеті тарапынан орталықтандыра отырып жүргізілген. Яғни, Алматы әкімдігі тапсырыс беруші ғана болып автобустарды сатып алуға қатысу құқығына ие болған жоқ және осы себепті сатып алу нәтижесіне ешқандай әсер ете алмады. Бұл іс материалдарына қоса тіркелген конкурстық құжаттамамен расталған, – деп қосты заңгер.
Осылайша, Ж.Мамай мен И.Иманбаева еш мазмұнсыз, негізсіз апелляциялық шағымы арқылы шешімнің заңды күшіне ену сәтін жасанды түрде созып бағуда деп нақты айтуға болады. Бәріне белгілі болғандай, жауапкерлер бірінші инстанциядағы сотта барынша көрсеткен деструктивті іс-әрекетін әлі де жалғастырып бағуда. Істі қарау мерзімдерінің кешіктірілуі, құжаттардың уақтылы берілмеуі, негізсіз өтініштер мен арыздар, даудың мәні бойынша сөйлемеу, сотқа және процестің барлық қатысушыларына құрметсіздік – міне осылар сот процесі барысында Ж.Мамай мен И.Иманбаеваның бар сиқын көрсетті.

– Нәтижесінде, мен талапкер тарапы ретінде бірінші инстанциядағы соттың назарын адвокаттар мен жауапкердің өкілдері жіберген заң бұзушылықтар фактісі бойынша жеке ұйғарымдар шығаруға негіз бар екеніне аудардым. Енді бұл мәселені апелляция деңгейінде де көтеруді жоспарлап отырмын. Апелляциялық шағымды қарау бойынша сот алқасының отырысы 2021 жылғы 16 тамызда сағат 10.00-де, пандемияның кеңінен таралуына байланысы online-форматта өтеді. Мен келтірген шүбәсіз дәлелдерді ескере отырып, сот алқасы бірінші инстанциядағы соттың шешімін өзгеріссіз қалдыруы заңды құбылыс болады деп есептеймін. Бұл шешім заңды күшіне ене отырып, Ж.Мамай мен И.Иманбаеваның Б.Байбек туралы жария мәлімдемелерінің заң аясында жалған және негізсіз екендігін дәлелдейтін болады, – дейді Ташенова.
Оның сөзінше, жауапкерлердің соттан кейін қоғамдық кеңістікте жүзеге асырып жатқан деструктивті, жеке адамға ғана емес, бүкіл қоғам мен мемлекетке зиян келтіретін теріс пиғылды әрекеттері олардың Демократия және Заң үстемдігі туралы жария мәлімдемелері "бір тиынға" татымайтынын көрсетеді.

Сотта жария түрде және ойсырай жеңілген Ж.Мамай мен И.Иманбаева сот шешімі олар үшін түкке тұрмайтынын және оны орындамайтынын бірден мәлімдеді. Жазаға тартылмастан құқық бұза беруге әбден үйренген олар алдарына жан салмай адамдарға беталды және негізсіз жала жаба беруін тоқтатар емес. Алайда, заңға сәйкес жауап беретін кез келгенде олар құқық аясындағы әрекеттерді бірден "сөз бостандығын және демократияны бұзу" деп бағалады. Бұл – осы жұптың цинизмінің, принципсіздігінің және қос стандартты ұстанатынының айдан анық дәлелі.

Шын мәнінде, бұлар үшін Сөз бостандығы мен Жеке бастың қадір-қасиеті – құны бақыр тиынға татымайтын бос сөздер. Бұған айқын дәлел – біздің дауымыз бойынша сот шешімі жарияланған күні өздері ұйымдастырған брифинг кезінде өз "маскаларын шешіп", адамгершіліктен жұрдай шынайы келбеттерін және моральдық табиғатын ашып көрсеткен Ж.Мамай мен оның сыбайластарының журналистке жасаған шабуылы.

Заңның үстемдігі – кез-келген заманауи демократиялық мемлекеттің негізгі қағидасы. Ол барлық азаматтар тарапынан мүлтіксіз сақталуы тиіс.

Осы ретте Ж.Мамай мен И.Иманбаеваның сот шешімін орындамайтыны туралы жария мәлімдемесі – еліміздегі конституциялық құрылыс пен құқықтық мемлекеттің негізіне күмән келтіретін қауіпті оқиға.

– Ж.Мамай мен И.Иманбаева үшін заңдар мен сот шешімдері қарапайым формальдылық қана. Яғни "қаласам – орындаймын, қаламасам – орындамаймын" қағидасын ұстанатынын ашық айтқаны. Олар Қазақстан Республикасының азаматы бола тұра, үйінде, ошақ қасында отырып "өздері үшін" жазып алған конституциямен ғана өмір сүре аламыз деп ойлайды. Олардың деструктивті әрекеттеріне сүйенсек, қандай "құқықтық мемлекет" құрғысы келетінін нақты болжауға болады. Сондықтан да, заңгер және азамат ретінде, қабылданып жатқан шаралар туралы ашық хабарлай отырып жауапкерлердің сот шешімін заңда белгіленген мерзімде толық орындауына барлық заңды тәсілдер арқылы міндетті түрде қол жеткізетін боламыз, – деп мәлімдеді заңгер.
Просмотров материала: 835

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 127 155 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 126 971 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 126 626 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 126 646 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 126 954 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 8 660 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 7 829 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 7 907 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 11 147 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 11 290 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 20 657 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 392 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 677 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 569 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 379 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 498 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 681 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 351 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 690 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 455 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 454 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 289 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 138 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 383 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 320 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 16 843 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 205 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 170 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 390 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 729 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 146 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 153 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 194 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 128 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 354 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 506 Просмотров





Опрос


«    Декабрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031