23 октября 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Алдағы қыста көмір қымбаттайды – ҚР ИИДМ

10 август 2021, 14:15
Алдағы қыста көмір қымбаттайды – ҚР ИИДМ
ҚР ИИДМ жасаған алдағы жылыту маусымына қажеттілік жоспарына сәйкес, алдағы қыста елімізде көмірді тұтыну көлемі 10 млн тоннадан 7,3 млн тоннаға дейін төмендейді, деп хабарлайды zakon.kz.

Негізгі себеп елді мекендерге газ тарту көлемінің ұлғаюы. Нәтижесінде көмірді тұтыну 4,8 млн тоннаға дейін төмендейді (өткен қыстың көрсеткіші - 7,2 млн тонна).

Алдын ала мәлімет бойынша, биылғы бірінші жартыжылдықта коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктерге және тұрғындарға 3,4 млн тонна көмір тиелді. Энергия өндіруші кәсіпорындарға 31,3 млн тонна, өнеркәсіптік кәсіпорындардың қажеттіліктеріне 2,9 млн тонна жөнелтілді. 14,5 млн тонна экспортқа кетті.

ШҚО, СҚО және Алматы қаласын қоспағанда, барлық өңірлер 2021-2022 жылғы жылу беру кезеңінде көмір өніміне деген қажеттіліктерін растап, жаңа маусымға дайындықты бастап кетті. Көмір сатып алуға тендерлер жарияланып, өңірлік операторлар айқындалды.

ҚР ИИДМ-де облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктерімен кеңейтілген кеңес өтті. Онда өңірлік билікке халыққа көмір бағасы мен маркаларын, сатылатын жерлер мен оларда көмірдің бар-жоғын түсіндіріп, тиісті ақпарат беріп отыру үшін арнайы "жедел желі" құру, көмірдің жеткізілімі мен сапасына қатысты тұрақты мониторинг жүргізу ұсынылды. Ал көмір бағасының заңсыз өсуі жағдайында монополияға қарсы ведомствоның аумақтық бөлімшелерін белсенді түрде тарту қажет.

Отандық көмір өндіруші компаниялар 2021 жылғы қаңтар-шілде айларында барлығы 59,7 млн.тонна көмір (көмір концентратын қоспағанда) немесе өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 98,9% өндірді.

Көмірді негізінен төрт көмір өндіруші компания жеткізеді. Олардың нарықтық үлесі жеткізудің жалпы көлемінің 89%-на тең. Атап айтқанда, "Шұбаркөл Көмір" АҚ үлесі 28%, "Қаражыра" АҚ үлесі 25%, "Майкубен-Вест" ЖШС үлесі 25%, "Богатырь Көмір" ЖШС үлесі 11%.

Жылу беру маусымындағы көмір бағасына қатысты болжам

Салада нарықтық қатынастар орнаған жағдайда бағаны мемлекет белгілемейді. Көмір өндіру елімізде монополиялық қызметке жатпайды. Сондықтан көмір энергетикалық кәсіпорындарға разрездердің босату бағаларымен жөнелтіледі. Ал коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылар мен халық үшін көмірдің негізгі көлемі тауар биржасы арқылы өткізіледі.

Биыл биржалық комитеттің хаттамасымен коммуналдық-тұрмыстық көмірді тауар биржалары арқылы өткізу жөніндегі секциялық қағидалар бекітілді. Жаңа ережелер нарықтық объективті баға индикаторларын (тұтынушылар үшін монополиялық жоғары емес және жеткізушілер үшін тиімсіз төмен емес) қалыптастыруға көмектесуге арналған.

Жаңа қағидалар бойынша өңірлік операторлар облыстың көмір қажеттілігінің 10% тауар биржасы арқылы тікелей алады. Мақсат - араға делдалдарды қатыстырмау.

Көмірдің қалған 90% көмір өндіруші компаниялар өз талаптарымен өткізе алады. Яғни, тікелей келісімшарттар, биржалық сауда арқылы. Алайда оның да бағасы монополияға қарсы органның бақылауында болады.

Дегенмен, ҚР ИИДМ мамандары көмір бағасы өткен жылға қарағанда тұтынушыларға қымбатқа түсетінін мойындайды.

Көмір өнімдері бағасының өсуіне әсер ететін кәсіпорындардың шығындарына жүргізілген талдау өндірушілердің электр энергиясына, жарылғыш заттарға және жанар-жағармайға (24%) шығыны артқанын, ал шахталық жабдыққа қосалқы бөлшектерге тариф 1,6 есе көтерілгенін растады. Орташа алғанда жалақы 8-18% өсті.

Көмір саласын мемлекет субсидияламайды. Сондықтан өндірістік шығындардың өсуі тұтынушылар үшін көмірдің құнына тікелей әсер етеді. Сарапшылардың бағалауынша маркасына байланысты көмір бағасы 9,9%- дан 24%-ға дейін өсуі ықтимал.

Просмотров материала: 676

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 223 643 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 223 350 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 222 846 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 222 879 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 223 245 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 911 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 943 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 13 276 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 964 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 988 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 26 189 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 911 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 8 036 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 664 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 545 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 573 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 777 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 538 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 945 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 730 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 544 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 391 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 228 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 603 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 478 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 960 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 398 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 293 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 530 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 920 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 270 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 213 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 356 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 292 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 538 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 666 Просмотров





Опрос


«    Октябрь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031