12 сентября 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



«10 млн теңге берсең тиіспейміз»: Алматы облысында мүгедек кәсіпкер прокурордан қысым мен бопсалау көргенін айтты

06 август 2021, 15:55
«10 млн теңге берсең тиіспейміз»: Алматы облысында мүгедек кәсіпкер прокурордан қысым мен бопсалау көргенін айтты
Алматы облысы Талғар ауданының тұрғыны Бақытжан Әбдіхалықов пен анасы Дина Серікбаева 2013 жылы Кеңдала ауылдық округінен 10 сотыққа жетпейтін жер алып, кәсіппен айналыспақ болған. Олардың екеуінде де мүгедектігі бар: Бақытжанның екі көзі де нашар көрсе, анасы үшінші топтағы мүгедек. Екеуі аталған жерге көлік жуу орталығын 7 жыл бойы салып, 2020 жылы жұмысты бастаған. Алайда, материалдық пайда тапқаны сол екен, аудандық прокуратураның мамандары жетіп келіп, түрлі сылтаумен жұмыстың жүруіне кедергі келтіріпті.

Бақытжан Әбдіхалықов 350 шаршы метр болатын нысанды салып, кәсіпті бастау үшін 30 миллион теңге шығын кеткенін айтады. Көлік жуу орталығы мен дүкен ашуға жауапты мемлекеттік мекемелердің бәрінің рұқсатын алған. Алайда, жұмыс қызған сәтте прокуратурадан адам келіп, пайданы теңдей бөлісеміз деп талап қойған көрінеді. Кәсіпкер бұған көнбеген соң ол «10 миллион теңге бер де, жұмысыңды істей бер» деп екінші ұсынысын айтқан. Бақытжан ол соманы беруден де бас тартыпты. Артынша оның жеке компаниясы тексерудің астында қалған.

«Былтыр көктемде бизнесті бастадық. Жұмыс істегенімізге екі ай толған еді, тексеруге Балқаш-Алакөл бассейн инспекциясы келді. Шағын және орта кәсіпкерлікті тексеруді тоқтату туралы Президенттің мораториіне де қараған жоқ. Инспекциядан орынсыз тексерудің себебін сұрағанда, оны Талғар ауданының прокуратурасы ұйымдастырған деді. Сосын аудандық прокуордың аға көмекшісі Алмас Әбдірасилов маған телефон соғып, Алматыдағы Тұңғыш Президент паркінде кездесуге шақырды. Сол кезде прокурор маған: «мына нысанның жартысын бізге бересің, ЖШС құрамыз да, оған біз өзіміздің адамды кіргіземіз, мүліктің жартысына біз иелік етіп, табыстың 50 пайызын алып отырамыз» деді. Мен оған келіспейтінімді айтқанда, бастығымен ақылдасатынын айтты. Келесі кездесуде 10 млн теңге пара берсем жайына қалдыратындарын айтты. Оған да келіспеймін деп едім, «онда өзің біл, біз бүкіл әкімшілік күшті саламыз да, сенің ғимаратыңды заңсыз деп тауып, бизнесіңді сот арқылы құлатып, сүргіземіз» деді. Жерімді де тартып алатындарын айтты», - деді кәсіпкер Бақытжан Әбдіхалықов.


«10 млн теңге берсең тиіспейміз»: Алматы облысында мүгедек кәсіпкер прокурордан қысым мен бопсалау көргенін айтты

Онсыз да көру қабілеті нашар жігіт бизнесінен айырылып қалам деп қорқып, прокурорларға інісінің көлігі мен 1 млн теңге бермек болады. Бірақ, бұл ойынан айнып, басқа құқық қорғау органдарына шағымдана бастайды. Көлік пен кілем жуу және дүкен, техникалық қызмет көрсету сынды бірнеше бизнестің басын қосқан орталықта қазіргі сәтте оншақты адам нәпақасын тауып отыр.

«Міне, мемлекеттік акт, СЭБД рұқсат құжаты, кәріз жүйесіне қосылу, су беретін мекеменің рұқсаты, өзге де толып жатқан құжаттың бәрі бар. Бізге айыппұл салып кеткен Балқаш-Алакөл су инспекциясының өзі кезінде рұқсат құжатын берген, ол да тұр. Қолымда оншақты адам жұмыс істейді. Әр жұмысшының үйінде кемі үш адамнан бар. Сонда олар бизнесті бөліспедіңдер деп жапқызып тастағанда, 30 адамды кім асырайды, прокурорлар ма? Салықты да уақытылы төлеп келеміз. Прокуратураның бұл әрекетін рейдерлік шабуыл деп білеміз. Талғар ауданының прокуроры рейдерлікпен айналысып отыр. Бұлардың әрекетіне тоқтау салатын біреу бар ма?», - деді мекеменің есепшісі Дина Әшірова.



Прокурорлардың тапқан айыбы – нысан қызыл сызықта, судан қорғау аймағына жақын орналасқан. Бірақ бұл ойдан шығарылған жала деп санайды кәсіп иелері. Өйткені нысан Талғар өзенінің аңғарынан талап бойынша 35 метр қашықтықта емес, 75 метр алыста орналасқан. Отбасылық бизнестің заңды иесі Дина Серікбаева үшінші топтағы мүгедек. Прокуратруа тарапынан түскен қысымнан өзінің де, ұлының да жүйкесі жұқарып, денсаулығы сыр бере бастаған.

«Облысқа арызданғанда жаңағы аудан прокурорының аға көмекшісін жұмыстан шығарып, іс бір жылдай тынышталып қалды. Жуырда бізді облыстық сотқа шақырып, прокуратураның шағымы бойынша нысанның құрылысы заңсыз деген біржақты шешім шығарды. Бизнестің, нысанның заңды екені туралы бұған дейін Талғар аудандық соты да шешім шығарған. Оның күшін облыстық сот жойды. Мына дүниені біздің меншігіміз деп тану туралы азаматтық шағым түсіргенбіз. Оны да жоққа шығаруға тырысып жатыр. Талғар ауданының прокуроры Баққұстар Қыдырбаев пен облыстың прокуроры жабылыса да менен мына бизнесті тартып ала алмады. Бизнесті тартып ала алмаған соң бұзғызып тастамақ. Бұл не өзі сонда? ШОБ қолдаймыз деген мемлекеттің бағдарламасына бас пайдасын ойлаған прокурорлардың түкіргені бар ма? Барлық құжатымыз түгел. Құрметті Елбасы! Құрметті Президент Қасым-Жомарт Тоқаев! Мыналардың рейдерлік әрекетін тоқтатуыңызды сұраймын! Мені қорғап, бизнесті қолдаңыздар», - деді Б.Әбдіхалықов.





Мемлекеттік айыптаушылардың анықтауынша, нысан Талғар өзенінің ағысына зиянын тигізеді. Кәсіпкердің әрекеті Су кодексінде көрсетліген 125-баптың тармақтарына қайшы. Кодекске қайшы қағидаларды жинап, сотқа жүгінген облыс прокурорының орынбасары кәсіпкерді ақыры жеңіпті. Соттың шешімі бойынша зейнетер айыппұл төлеумен қатар, нысанды да сүруі тиіс. Қаулы жарияланған күннен бастап күшіне енген. Отбасымен бірге он жылдай жинаған дүниесінен бір сәтте айырылуға шақ тұрған кәсіпкер енді Жоғары Сотқа жүгінбек.

Бір қызығы, Талғар өзенінің бойында бұл нысан ғана тұрған жоқ, мұндай мейрамхана, өзге көлік жуу орталықтары, жанармай құю бекеті тәулік бойы жұмыс істеп тұр.
Просмотров материала: 4 725

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 217 524 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 217 198 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 216 701 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 216 744 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 217 117 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 567 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 604 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 927 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 595 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 644 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 839 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 808 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 912 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 575 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 446 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 395 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 685 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 426 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 837 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 628 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 451 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 298 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 149 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 496 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 383 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 869 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 224 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 199 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 443 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 830 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 183 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 131 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 266 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 208 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 438 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 584 Просмотров





Опрос


«    Сентябрь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930