25 июня 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Сәуле Әбілдаханқызы Аяның өліміне қатысты: Бар шындықты жайып салсам, марқұмның әруағына да, туыстарына да оңай соқпайды

05 август 2021, 9:46
Сәуле Әбілдаханқызы Аяның өліміне қатысты: Бар шындықты жайып салсам, марқұмның әруағына да, туыстарына да оңай соқпайды
Белгілі журналист, тележүргізуші Сәуле Әбілдаханқызы Аягүл Мантайдың өліміне қатысты өзін айыптағандарға арнап жазба жариялады. Журналист жазушының өліміне қатысты болған сотқа куә ретінде шақырылып, жауап бергенін айтты.

Сәуле Әбілдаханқызының айтуынша, ол 2 тамыз күні Жетісай ІІБ шақыртуымен Аягүл Мантайдың қазасына байланысты тергеушінің сұрақтарына жауап берген.


“Фейсбукты өсек пен төбелес, бір-бірінің қанын ішу алаңына айналдырған сол баяғы бір топ бар. Олардың фб-ны маған қарсы соғыс алаңына айналдырғанына 3 жыл болды. Жан-жағымнан атылған сол жүз оққа бір оқпен жауап беруші едім.

Бұл ситуацияда марқұмның, тым болмаса, жетісі өтсін, тергеу аяқталсын деп, тісімді тісіме қойып әрең шыдап жүрмін… Мен оны жақсы көрдім, туған сіңлімдей қарадым… Көзімнен жас шықпай қалды… Төрт күннен бері ұйқы да жоқ… Бұл істе әділдіктің орнауына ең әуелі өзім мүдделімін. Алайда, әттең, шарасызбын.

Біріншіден, әруақты күңіренткім келмейді. Екіншіден, тергеу құпияларын сақтауға міндеттімін. Бар шындықты жайып салсам, марқұмның әруағына да, туыстарына да оңай соқпайды... әсіресе анасына... Сондықтан жүрек туралы айтқыш жүрексіздер, басымды кесіп алсаңдар да мен ол әңгімені айтпаймын. Өйткені әруақ сыйлаған адаммын”, – деп жазды.

Тележүргізуші бұл істе кінәсіз адамдарды араластырмауды, сыртынан айыптамауды, анық емес нәрсені көпшілікке жария етпеуді сұрайды.

“Бір анығы - фб-да маған, Мәдиге, Абзалға шабуыл жасап отырғандар, Аягүлдің тірісінде не сөзімен, не ісімен қамқорлық көрсетпегендер. Бұны әуелі өздерің жақсы біліп отырсыңдар. Құдайдан үміттерің болса, бізден ақы алу үшін Аягүлдің әруағын қорламас едіңдер. Бар мақсаттарың - осы жағдайды пайдаланып мені, бізді тағы бір қауып қалу...

Сыртымыздан тон пішкен бәлеқорлар сөз қуып, өтірік пен өсек құрастыру арқылы мені, мен арқылы басқа адамдарды шалғысы кеп отыр.

Әзірге соларға айтарым:

1. Әруақ сыйлаудан қалғандар жеке-жеке жауап беруге тұрмайды.

2. Құдайдан, әруақтан қорықпағандар менен, тем более, қорықпайтынын білемін.

3. Бәрібір бір Құдайдың алдында жауап береміз”, – деді ол.

Сәуле Әбілдаханқызы өзін қолдаушылар мен тілекшілеріне алғысын айтты.

“Шын алаңдап отырған тілекшілеріме айтарым:

Кісі өлімі болған жерде факт бойынша іс қозғалады. Істі қозғаудың мақсаты - өлімде қылмыскер бар ма, жоқ па, бар болса - кім екенін анықтайды, қылмыскер жоқ болса, оны анықтайды. Бұл істе де дәл солай. Факт бойынша іс қозғалды.

Бұл іс бойынша мені тергеуші куә ретінде шақырды. Болған мән-жайды сұрап, жауап алды. Тергеу құпияларын сақтауға міндеттеме алдым. Сондықтан тергеуге кедергі келтірген әр адам (іске қатысы бар адам да, жоқ адам да, яғни кез-келгеніңіз) жауапқа тартылатынын естеріңізде сақтаңыздар. Жалақорларға еріп, өсек жазудан, бәле, жала пост жазудан, комментарий жазудан сақтаныңыздар.

Фб-дағы жазғыштардың қайдағы скрин туралы айтып жүргендерін мен білмеймін. Арамызда ешқандай скрин болған емес. Ешкім ешкімге скрин тасыған емес. Өсек пен өтіріктеріне өздері сеніп қалғаны сондай, жоқ нәрсені, болмаған нәрсені өршітіп, отқа май құйып отыр. Олардың сөздерінің бәрі өтірік. Бір сөзіне сенбеулеріңізді, арандап қалмауларыңызды сұраймын”, – деді журналист.

Айтуынша, бұл істі қоғам ғана емес, ІІМ бақылауда ұстап отыр. Сондықтан барлық факті уақыты келгенге анықталады.

“Тергеу аяқталғанша сабыр сақтаңыздар. Бұл істі Жетісай ІІБ ғана емес, бүкіл ІІМ, бүкіл орган, бүкіл қоғам бақылап отыр. Қылмыскерді табуға қабілетті небір чекистер жүрген шығар деп ойлаймын. Мынадай дамыған технология заманында ол чекистер қорқаулардың өсегіне де, болжамына да, балгерлердің балына да зәру емес. Олардың қолында барлық факті, Аягүлдің телефоны, ноутбугы бар деп ойлаймын. Аягүл соңғы кездері кіммен сөйлесті, не айтылды, кіммен қандай қарым-қатынаста болды - солардың бәрін тергеуге шақырады деп ойлаймын.

Мен тергеуге куә ретінде қатыстым. Өзімнің ақ екенімді, өзім және менің ең жақын адамдарым, Аягүлдің ең жақын адамдары біледі. Енді оның онсыз да қалт-құлт етіп отырған 70-тен асқан кәрі анасын күйретейін демесеңдер, тынышталыңдар”, – деп жазды Әбілдаханқызы.

Еске салсақ, жас жазушы Аягүл Мантай белгісіз жағдайда көз жұмды. Оның өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Дереккөз: Алашайнасы.кз.
Просмотров материала: 1 605

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 205 808 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 205 449 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 204 941 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 205 000 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 205 364 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 12 954 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 008 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 312 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 16 948 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 024 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 209 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 677 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 710 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 462 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 323 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 066 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 561 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 268 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 671 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 483 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 345 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 181 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 041 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 367 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 261 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 744 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 853 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 097 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 331 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 710 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 079 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 021 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 149 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 094 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 299 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 457 Просмотров





Опрос


«    Июнь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930