3 мая 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



"СҚ-Фармацияның" бұрынғы басшысы Берік Шәріп сотта соңғы сөзін айтты

03 август 2021, 12:44
"СҚ-Фармацияның" бұрынғы басшысы Берік Шәріп сотта соңғы сөзін айтты
"СҚ-Фармацияның" бұрынғы басшысы Берік Шәріп сотта соңғы сөзін айтты. Іс бойынша 4 тамызда үкім шығады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сотта Шәріп кінәсіз екенін айтты. Редакция Берік Шәріптің сөздерінен үзінді жариялайды.

"Мені тұтқындаған кезде, көбі дәріханаларда дәрі-дәрмек тапшылығы, гуманитарлық көмекті жымқырды деп айыпталды деп ойлады. Алайда "СҚ-фармацияда" жеке дәріханаларға жеткізу өкілеттігі жоқ екенін білеміз. Мұндай өкілеттіктер мен жұмыстан босатылғаннан кейін бірыңғай дистрибьюторға берілді. Гуманитарлық көмек бойынша соталды тергеу органы бәрін тексерді, "СҚ-фармацияда" бәрі толығымен өңірлерге жеткізілді. Тергеу барысында 11,5 айдан аса уақыт түрмеде отырдым", - деді Шәріп.


Шәріп медицина қызметкерлеріне арналған қорғаныс костюмдеріне тапсырыс беру кезінде жеткізуші Inkar ЖШС-ны еш кедергісіз таңдады деп айыпталды. Айыптау нұсқасы бойынша, ЖШС костюмдерді белгіленген мерзімде жеткізбеу қаупі жоғары болған. Нәтижесінде ЖШС өз міндеттемелерін орындамады және 30 сәуірде "СҚ-Фармация" компаниямен шартты біржақты тәртіппен бұзған.

"2020 жылғы 27 қаңтарда Мемлекеттік комиссия мен ВАК премьер-министр Асқар Маминнің қатысуымен нақты тапсырмалар берді. Қысқа мерзімде медициналық ұйымдарды қажетті дәрі-дәрмектермен, медициналық бұйымдармен және қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету қажет болды. Үкімет тарапынан резервтен қаржы бөлінді. Сондай-ақ, әкімдіктер жергілікті атқарушы орган бюджетінен жергілікті жерлерге ақша бөлді", - деп түсіндірді Берік Шәріп.

2020 жылдың ақпанында "СҚ-Фармация" осындай жағдайда сатып алынуы керек 19-тарау тәртібіндегі заттарды алуды бастаған. Бұл тарау іс жүзінде алғаш рет қолданылды және Шәріптің айтуынша, онда көптеген олқылық болған. Сатып алу рәсімінің өзін регламенттеу болмаған. Шәріп Әділет министрлігі де, Денсаулық сақтау министрлігі де тараудың нормаларын түсіндіре алмағанын, ондағы олқылықтар 2021 жылғы 4 маусымдағы жаңа редакциядағы сатып алу қағидалары қабылданғаннан кейін ғана жойылғанын айтты.

"Қорғаныс костюмдері бойынша: 2020 жылғы 13 ақпан мен 20 наурыз аралығында 19-тарау шеңберінде шақырулар мен сатып алу нәтижелерінің қорытындыларын "СҚ-Фармация" интернет-ресурсына орналастыру арқылы ерекше сатып алуды қолданды. Осы уақыт ішінде екі кезеңдік тендерлерге ұқсас бес шақыру орналастырылды. Бұл ретте алғашқы төрт жағдайда ұсыныстардың болмауына байланысты сатып алу өткізілмеді. (...) Сонымен қатар, қорғаныс костюмдеріне техникалық сипаттама, оның құрамдас бөліктерін әртүрлі өндіруші шығаратыны сатып алуды қиындатты, сондай-ақ жеткізу мерзімін ұзартты", - деді сотталушы.


Оның айтуынша, осыдан кейін ол жеткізушілермен келіссөздер жүргізу арқылы сатып алуды жүргізу немесе қорғаныс костюмдерінің техникалық ерекшелігін өзгерту бойынша ұсыныс енгізуді ұйғарған.

Прокурор Шәріпті қорғаныс костюмдерінің техникалық сипаттамасын "Инкар" ЖШС-нің қорғаныш костюмдеріне сәйкес етіп өзгертті деп айыптады. Шәріп бұл ұсынысты әлеуетті өнім беруші "Инкар" ЖШС ұсынбастан бұрын жасағанын түсіндірді. Сондай-ақ, ол уәкілетті орган оның екі шешімін де қолдайтынын айтты.

"Сатып алынатын өнімдердің саны анықталды - екі миллион қорғаныс костюмі. Мен қорғаныс костюмдерін сатып алуға бұрын қатысқан барлық жеткізушілерді шақыруды тапсырдым, ал коммерциялық ұсыныстары кейінірек қабылдадық. Келіссөздердің өзі бейнежазбаға жазылды. Жеткізушілерге ұсынылған костюмдердің медициналық бұйымдар екенін растау тұрғысынан тең талаптар қойылды.

Келіссөздердің нәтижесі бойынша "Инкар" ЖШС жеңімпаз болып анықталды. Олардың өнімі талапқа сай болды және олар ең төмен баға ұсынды. Келісімшарт 5 сәуірде жасалды, жеткізуші 10 сәуірде бір реттік импортқа рұқсат алды", - деді Берік Шәріп.

2020 жылғы 3 сәуірде Қазақстан СІМ Денсаулық сақтау министрлігіне қорғаныс костюмдерін көп мөлшерде жібере алатын екі қытайлық компания - "Синофарм" және "Чайна Мехико" туралы деректерді ұсынды. Айыптау мәліметі бойынша, Шәріп бұл компаниялар туралы білетін, бірақ Inkar ЖШС-ге артық мүмкіндік берген. Прокурор Шәріптің шешімінде қылмыстық ниет болғанын айтты.

"Сыртқы істер министрлігі ұсынған "Синофарм" және "Чайна Мехико" шетелдік жеткізушілері жеткілікті көлемде ұсынбағанын атап өткім келеді. 300 мың және 500 мың, сәйкесінше екі миллион қажет. Және олар қытай шекарасына дейін "Қорғасқа" жеткізу туралы айтпағанда, бірде-бір сертификат ұсынған жоқ. Бағалар екі есе жоғары. Сонымен қатар, бұл жеткізушілер тек аяқ киімдері бар комбинезондарды жеткізуді ұсынды (Inkar ЖШС сияқты. - ескерт.) ",- деп түсіндірді Шәріп.

Кейіннен уақтылы жеткізу бойынша міндеттеменің орындалмауына байланысты Inkar ЖШС-мен шарт біржақты тәртіппен бұзылды. Алдын ала төленген сома қайтарылды.

Шәріп 1 сәуірде төртінші резервтен қаражат жергілікті атқарушы органдардың есепшотына аударылғанын және барлығының қорғаныш костюмдерін өз бетінше сатып алу мүмкіндігі болғанын қосты.

"Әріптестерімнің тиісті шешім қабылдамағаны өкінішті. Қаржыландыруды бөлген және сатып алулар жүргізген адамдарға қарағанда, халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодекс бойынша әкімдіктер ТЖ кезінде медициналық көмек көрсетуді, дәрі-дәрмектермен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етуді ұйымдастырады және қамтамасыз етеді. Бұл олардың тікелей міндеті.

Жауап алынған куәгерлер, әріптестерім, эпидемиологтар да осындай пікір білдірді. Біз жарнамаларды механикалық түрде орналастырып, министрлік пен ВАК-қа барлық елдердің жабық екенін, тиісті ұсыныстар жоқ және сатып алу жүргізілмегенін жеткіздік. Мен шешім қабылдадым және бүкіл денсаулық сақтау саласы мен ел үшін өте қиын уақытта жауапкершілікті өз мойныма алдым, міне, 11 жарым айдан аса уақыт бойы тергеу изоляторында отырмын", - деп қорытындылады Берік Шәріп.
Просмотров материала: 699

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 146 361 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 146 167 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 145 826 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 145 847 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 146 152 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 9 650 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 8 802 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 8 949 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 12 508 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 12 713 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 21 726 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 950 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 877 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 760 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 579 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 716 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 872 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 538 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 903 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 636 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 639 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 483 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 327 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 575 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 518 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 028 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 442 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 363 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 597 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 949 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 358 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 341 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 384 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 328 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 552 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 702 Просмотров





Опрос


«    Май 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031