24 сентября 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Қазақстандықтардың зейнетақы жинағы 12,8 триллион теңге болды

27 июль 2021, 12:07
Қазақстандықтардың зейнетақы жинағы 12,8 триллион теңге болды
Қазақстандықтардың зейнетақы жинағы 12,8 триллион теңге болды. БЖЗҚ 2021 жылдың бірінші жарты жылдығының алдын ала қорытындысын шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2021 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының есепшотында 12,8 триллион теңге зейнетақы жиналды. 2020 жылдың шілдесінен 2021 жылдың шілдесіне дейін зейнетақы жинақтарының сомасы 992 миллиардтан аса теңгеге немесе 8 пайызға өсті.


Зейнетақы жинақтарының негізгі сомасы міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен жинақталды, оның мөлшері 12,4 триллион теңге (соңғы 12 ай ішіндегі өсім - 8 пайыз). Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 331,5 миллиард теңге (өсім 18 пайыз), ал ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 1,8 миллиард теңгеге жетті.

2021 жылдың алты айында БЖЗҚ салымшылары былтырғымен салыстырғанда көбірек қаражат салған.

2021 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша салымшылардың шотына жалпы көлемі шамамен 811,8 миллиард теңге зейнетақы жарналары аударылған, бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 286,8 миллиард теңгеге немесе 55 пайызға асып түсті. Жарналардың жалпы көлемінің 95,6 пайызын БЖЗҚ-ға МЗЖ бойынша түсімдер, олардың сомасы - 602,2 миллиард теңге (соңғы 12 ай ішіндегі өсім 20 пайыз), МКЗЖ бойынша 27,3 миллиард теңге (өсім 14 пайыз) түсті, ЕЗЖ бойынша 299 миллион теңге (өсім 39 пайыз) аударылды.

Зейнетақы жинақтарының айтарлықтай өсуі, салымшылардың салымынан бөлек, 2021 жылғы 1 қаңтар мен 1 шілде аралығында 753,3 миллиард теңге болған таза инвестициялық табыстың арқасында. Ол былтырғы көрсеткіштен 39 пайыз немесе 210 миллиард теңгеге артық.

Қазақстан Республикасы Ұлттық банк басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері бойынша кіріс жыл басынан бері 1 шілдеге дейін 6,1 пайыз, инфляция 4,6 пайыз болды. Соңғы 12 айдағы кірістілік 12,1 пайыз, осы кезеңдегі инфляция 7,9 пайыз болды.

2021 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шоттарының саны 11,6 миллион болды. Шоттардың ең көп саны міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) бойынша ашылды, олардың саны - 10 907 549. Одан әрі МКЗЖ есебінен қалыптасқан шоттар - 526 674, БЖЗҚ-дағы ЕЗЖ есебінен қалыптасқан шоттар саны қазір 47 490 бірлікке тең.

Жыл басынан бері БЖЗҚ салымшыларына 1,7 триллион теңгеден аса төлем жасалды. Төлемдердің 1,6 триллион теңге көлеміндегі басым бөлігін біржолғы зейнетақы төлемдері (БЗТ) болды. Жас мөлшері бойынша төлемдер екінші орында - 46,8 миллиард теңге. Одан әрі сақтандыру ұйымдарына аударымдар шамамен 37,7 миллиард теңгені, мұрагерлік бойынша төлемдер 30,5 миллиард теңгені, ҚР шегінен тыс ТТЖ кетуге байланысты төлемдер 17,3 миллиард теңгені, жерлеуге берілген төлемдер 2,5 миллиард теңгені және мүгедектік бойынша төлемдер 1,1 миллиард теңге болды.

Кесте бойынша ай сайынғы орташа төлем сомасы (зейнет жасына толуына байланысты) 28 708 теңгені, ал ай сайынғы төлемнің ең жоғары сомасы 673 643 теңге болды.
Просмотров материала: 673

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 219 318 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 218 995 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 218 499 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 218 536 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 218 912 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 656 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 690 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 13 023 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 695 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 730 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 932 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 825 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 935 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 588 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 465 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 418 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 700 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 447 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 857 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 651 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 467 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 305 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 160 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 514 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 401 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 888 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 250 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 215 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 457 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 849 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 198 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 146 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 284 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 218 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 454 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 596 Просмотров





Опрос


«    Сентябрь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930