13 июня 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Шымкентте 100-ден астам теміржолшы наразылық акциясына шықты

09 июль 2021, 9:24
Шымкентте 100-ден астам теміржолшы наразылық акциясына шықты
Шымкентте теміржолшылар жұмысқа шықпады, себебі басшылықпен кездесуді талап еткендер жұмысымыз тозақ, жалақымыз мазақ дейді. Олар айлықты көтеруді сұрап отыр. Ыстық пен суық, қар мен жаңбырға қарамай мықшаңдайтын теміржолшылар жұмыс киімді де өзіміз сатып аламыз дейді, деп хабарлайды zakon.kz КТК-ға сілтеме жасап.


8 шілдеде берісі Арыс пен Шымкент, арысы Түлкібас пен Түркістан бойындағы шойынжолға жауапты жұмысшылар жұмысқа шыққан жоқ. Барлығы таң атпай Шымкенттегі «Қазақстан темір жолы» филиалының алдына жиналды. Себебі, шойынжолдағы ақауды жөндеп, шпалдарды ауыстыру сияқты ауыр жұмысқа жегілгенімен, айлық мардымсыз дейді.

Айдарбек Наурызбаев, теміржолшы:

- Күннің асты, күннің суығы – төленбейді, сөздің шыны. Снепке төленбейді, шындық. Бұл жерде көпшілік бәрі соған жиналып тұр. Айлық 120-130, мүлдем жетпейді.
Теміржолшылар сенбі-жексенбі күндері де жұмысқа жегілгенімен оған бір тиын қоспайды екен. Ал үнемі жаңаланып тұруға тиіс жұмыс киімі жылдап берілмейтін көрінеді. Тіпті қолғапқа дейін өзіміз сатып аламыз дейді. Кей бригадалардың күнделікті жұмыс орнына апаратын көліктері былтырдан бері жүрмейді. Сондықтан ауыр сайманды арқалап шойынжолдың қираған жерлеріне жаяу барамыз дейді жиналғандар.

Әбілқасым Әбитаев, теміржолшы:

- Машинамыздың бұзылғанына былтыр сәуірде тоқтаған, бұзылып. Содан жаяу барып, жаяу келеміз. Есептеңіз, қанша километр? 17 километр. Азанда жаяу барасың, кешке жаяу қайтасың. Машинаның бұзылғанына жылдан асты.
Он жұмысшының міндетін екі-үш адамның мойнына артып қою да әдетке айналған. Соның салдарынан көпшілігі ауру болдық дейді. Осыған ашынғандар еңбек шарты өзгертіліп, жалақы көтерілсін дейді. Тіпті бұл талапқа 120 теміржолшы қол қойып, басшылыққа жөнелтті.

Нұржан Әшірбаев, теміржолшы:

- Талап – 250 мыңнан кем қылмау керек. Киімді тоқсан сайын берсе болғаны. Бір жылға берген киім жетпейді. Мен өзім киім сатып алып жүрмін. Ең төменгі айлық – Шымкентте.

Жұмысшылардың ереуілі елден бұрын Елордаға жеткен. Бас кеңседен келген басшылық теміржолшыларды осындағы мәжіліс залына жинады. Тіпті карантин кезінде тар бөлмеге тығылысқандардың тынысы тарылмасын деп терезені де сындыруға мәжбүр болды. Сығылысқан жұмысшылар мен басшылық терлеп отырып сағаттап айтысты. Ақыры басшылық Шымкентте жұмысшылардың құқы тапталып келгенін мойындады. Күн 35 градустан ыстық болса, айлыққа ақша қосылу керек екенін, артық істеген сағаттарға қосымша қаржы төленбегенін де растап отыр. Бірақ айлықты көтеруге асықпайды.

Қайырбай Орынбаев, ҚТЖ АҚ магистральды желі дирекциясының бас инженері;

- Жалақы мәселесі біздің құзырымызға кірмейді. Сондықтан компания басшыларына жеткіземіз. Бұл мәселені компания өзі шешеді. Өйткені біз халықпен кездескенде бүгін түсіндіріп айттық. 1-қаңтарда көтердік айлықты, 1-сәуірде де көтердік, Енді 1-шілдеде көтереміз деген едік, енді оны басқарма қарап жатыр.

Жалақы мәселесі бойынша қандай шешім қабылданатыны алдағы уақытта белгілі болады. Сондай-ақ бас кеңседен келген басшылар жұмысшылардың жанайқайына дер кезінде құлақ аспаған шымкенттік жауаптылардың мәселесі май шаммен қаралады деп сендірді.
Просмотров материала: 1 051

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 204 161 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 203 791 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 203 283 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 203 346 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 203 704 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 12 864 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 11 921 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 231 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 16 856 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 16 929 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 112 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 652 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 684 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 448 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 306 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 963 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 544 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 245 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 649 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 463 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 331 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 163 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 022 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 345 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 243 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 729 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 741 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 079 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 314 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 692 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 069 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 008 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 131 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 078 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 279 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 436 Просмотров





Опрос


«    Июнь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930