16 февраля 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Мүфтият құрбан шалу тәртібін жариялады

07 июль 2021, 17:00
Мүфтият құрбан шалу тәртібін жариялады
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы биыл құрбандық шалу рәсімі қалай атқарылатынын түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

2021 жылы құрбан шалу рәсімі екі жолмен өткізіледі. Ол:

Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдары тарапынан рұқсат берілген жергілікті қасапханаларда санитарлық ережелерді қатаң сақтай отырып құрбан шалу, яғни дәстүрлі жолмен ұйымдастыру.

Бүгінгі пандемия жағдайында құрбан шалушыға қолайлы жағдай жасау және көмекке мұқтаж жандарды қолдау мақсатында өткен жылдың тәжірибесі негізінде www.qurban2021.kz сайты арқылы тапсырыс беріп, онлайн режимде құрбандық шалу.

"Карантин жағдайында қалада тұрып жатқан азаматтар үшін қашықтықтан өз атынан құрбан шалуға тапсырыс беру – оңтайлы шешім. Шариғат бойынша адам өзінің атынан басқа кісіні белгілі бір іске уәкіл ете алады. Өйткені адам баласы кейбір жағдайда бір істі орындауға мүмкіндігі болмай қалады. Осы кезде біреудің көмегіне жүгінеді, яғни сол істі оған тапсырады, оны өзінің атынан уәкіл етеді", - дейді мүфтият мамандары.

Осы орайда діни басқарма ауылдық жерде жеке тұрғын үйде тұратын әр адамның мұсылмандық міндетін атқаруына ешқандай шектеу жоқ екенін ерекше атап өтті. Ал www.qurban2021.kz сайтында тапсырыстар 20 шілде күні айт намазынан кейін қабылданады. Мұқтаж отбасылардың өтініштерін қабылдау, сараптау және құрбандық еттерін жеткізіп беру жұмыстарымен мүфтияттың жергілікті өкілдіктері айналысады.

"ҚМДБ қаржыға араласпайды. Құрбандыққа шалынатын түлік бағасы жергілікті нарық бағасымен көрсетіледі. Осы орайда еліміздің әр аймағындағы малдың бағасы әртүрлі екенін ескеру қажет. Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент және облыс орталықтарында малдың бағасы бірдей болмауы мүмкін. Ал тапсырыс берушіден түскен қаражат мал иесіне, яғни сатушыға тікелей беріледі. Өйткені бұл делдалдық қызмет емес. Көрсетілген сомаға қасапшының қызметі ғана кіреді", - деп атап өтті мүфтият өкілдері.

Онлайн тапсырыс беру кезінде құрбандық етін бөлшектеп, мұқтаж жандарға тарату сынды барлық ұйымдастыру жұмыстарын мешіт жамағаты мен еріктілер тегін атқарады.

Осы орайда діни басқарма құрбан шалу кімге уәжіп екенін тағы бір мәрте еске салды. Ханафи мәзһабында құрбан айт күндері бай адамға құрбан шалу – уәжіп (міндет). Ал шариғат "бай" деп мал-дүниесі нисап мөлшеріне жеткен адамды айтады.

Нисап мөлшері – 40 қой (ешкі), 30 ірі қара, 5 түйе немесе қажеттілігінен артық 85 гр алтын (1 230 000 теңге) қаражат. Мал-дүниесі нисап мөлшеріне жетпеген, яғни жағдайы төмен мұсылманға құрбан шалу міндет емес.


Просмотров материала: 3 872

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 135 365 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 135 167 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 134 820 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 134 846 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 135 155 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 9 054 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 8 222 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 8 321 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 11 676 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 11 833 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 21 092 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 574 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 739 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 621 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 440 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 568 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 737 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 407 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 759 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 508 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 509 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 349 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 192 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 435 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 373 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 16 896 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 274 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 229 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 448 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 801 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 213 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 208 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 249 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 194 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 416 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 565 Просмотров





Опрос


«    Февраль 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728