1 мая 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Тоқаев олимпиадалық командамызға ақ тілегін айтты

02 июль 2021, 15:44
Тоқаев олимпиадалық командамызға ақ тілегін айтты
Мемлекет басшысы ХХХІІ жазғы Олимпиада ойындары қарсаңында Қазақстанның ұлттық құрама командасының мүшелерімен кездесті, деп хабарлайды zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Қазақстан құрама командасының негізгі бөлігі кездесуге Алматы облысындағы "Ақбұлақ" олимпиадалық орталығынан телекөпір арқылы қатысты. Онда спортшылар Токиоға аттанар алдындағы соңғы жаттығу жиындарын өткізіп жатыр.

Президент Олимпиадаға баратын спортшылардың алдында сөйлеген сөзінде әлемнің басты спорт бәсекесінде ел намысын қорғау мәртебелі міндет, үлкен абырой, зор жауапкершілік екенін айтты.

Мемлекет басшысы Тәуелсіздік жылдарында Қазақстаннан Олимпиаданың 16 жеңімпазы, 71 жүлдегері шыққанын, жүзден астам ірі спорт кешені, оның ішінде,16 халықаралық деңгейдегі нысандар бой көтергенін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев аса күрделі кезеңде Токиода жағылатын Олимпиада алауы бүкіл адамзат үшін жаһандық індетпен күрестің символы болатынын айтты. Президент әлемнің түгелге жуық елінде ұзаққа созылған локдаунның қалыпты тыныс-тіршілікке ауыр соққы жасағанына тоқталды.

– Сіздер халықаралық деңгейдегі өздеріңіздің көшбасшылық орындарыңызды нығайту үшін нағыз чемпионға тән мінез көрсетіп, Олимпиада лицензиясын иелендіңіздер. Осындай қиын-қыстау жағдайда сіздер спорттың өзін-өзі шектейтін қатаң режимін сақтап, өзгелерге үлгі көрсеттіңіздер, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Президент қазақстандықтардың Олимпиада ойындары барысында біздің спортшыларға көрсететін күшті қолдауы оларға қосымша рух беретініне сенім білдірді.

– Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығында Олимпиада тұғырына көтерілу сіздердің ғана жетістіктеріңіз емес, бүкіл ұлтымыздың абыройы. Олимпиада шыңы мыңдаған жасты спортпен шұғылдануға, салауатты өмір салтын ұстануға және көздеген мақсаттарына жетуге шабыттандырады, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Мемлекет басшысы өз сөзінде бұқаралық және балалар мен жасөспірімдер спортын дамытуға басымдық берілетінін атап өтті.

– Бұқаралық спортты дамыту арқылы біз ұлтымыздың денсаулығын жақсартамыз және бүкіл еліміз мақтан тұтатын Олимпиада жеңімпаздарының – спорт жұлдыздарының жаңа буынын тәрбиелеп шығарамыз. Мұндай саясат спорт секциялары мен аулалық клубтардың дамуына тың серпін береді. Сондай-ақ балалар жаттықтырушыларын ынталандыруға ықпал етіп, дарынды атлеттердің жаңа шоғырын айқындауға септігін тигізеді, – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев спортшыларымыздың Токиода рекордтық нәтижелер көрсететініне, еліміздің әлемдегі жетекші спорт державаларының арасындағы беделін нығайтатынына сенім білдірді. Президенттің айтуынша, атлеттердің әрбір жеңісінің артында, көбінесе назардан, камералардан тыс қалатын, олардың жаттықтырушыларының қажырлы еңбегі тұр.
Тоқаев олимпиадалық командамызға ақ тілегін айтты



Рәсім барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын алғаш рет екі бірдей ту ұстаушыға – жеңіл атлетикадан Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова мен бокстан әлем чемпионатының күміс жүлдегері Қамшыбек Қоңқабаевқа табыстады.

Ольга Рыпакова Мемлекет басшысына жылы қабылдап, ізгі тілек білдіргені үшін ұлттық құраманың атынан алғыс айтты.

– Сіздің ақ тілегіңіз – бізге ерекше күш-жігер береді. Халқымыздың риясыз махаббатын сезінеміз және өзімізге жүктелген жауапкершілікті түсінеміз. Сондықтан Отанымыздың абыройын арттыру үшін бар күшімізді салып, шеберлігімізді паш етеміз, – деді Ольга Рыпакова.


Қамшыбек Қоңқабаев Президентке отандастарымыздың сенімін ақтау үшін құрама команда барын салатынын жеткізді.

– Сіздің қолыңыздан еліміздің Туын алу – үлкен абырой, зор жауапкершілік. Олимпиадаға қатысушы спортшылар қастерлі санайтын осы Тудың Токио төрінде жиі көтеріліп, Әнұранымыздың шырқалуы үшін барымызды саламыз, – деді бокстан Қазақстан құрама командасының капитаны.
Просмотров материала: 1 466

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 197 877 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 197 481 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 196 988 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 197 039 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 197 407 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 12 526 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 11 603 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 11 904 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 16 446 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 16 536 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 24 779 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 555 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 623 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 413 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 262 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 767 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 500 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 195 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 591 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 390 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 291 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 124 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 971 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 282 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 190 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 690 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 541 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 042 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 275 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 652 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 029 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 970 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 071 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 035 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 231 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 387 Просмотров





Опрос


«    Май 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031