9 сентября 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Коронавирус қайдан шықты – Ухань зертханасында істеген вирусолог болжам жасады

29 июнь 2021, 17:23
Коронавирус қайдан шықты – Ухань зертханасында істеген вирусолог болжам жасады
Уханьдағы вирусология институтында пандемияға дейін жұмыс істеген австралиялық вирусолог Даниэль Андерсон коронавирустың шығуына қатысты өз ойын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Bloomberg сайтына сілтеме жасап.

42 жастағы маман Ухань зертханасында шетелден келген жалғыз ғалым болды. Сол жерде 2019 жылдың аяғына дейін қытайлық зерттеушілермен бірге жұмыс істеген. Олар күнде Қытай ғылым академиясының алдында жиналып, 32 шақырым шалғай жерде орналасқан зертханаға барып жүріпті.

"Біз түскі және кешкі асты бірге іштік, зертханадан тыс жерде араласып тұрдық", - дейді Андерсон.

Оның айтуынша, зертхананың биологиялық бақылау деңгейі өте жоғары болған. Соны көргенде таңғалыпты. Бункер үлгісінде салынған бетон ғимаратта ауаны, суды және қалдықтарды сүзгіден өткізіп, залалсыздандырып отырған. Ал зертханада жеке-дара жұмыс істеу үшін әрбір ғалым 45 сағаттық дайындықтан өткен. Сөйтіп арнайы куәлік алғаннан кейін ғана өздігімен жұмыс істеуге рұқсат берілген. Әрбір ғалым арнайы скафандр киеді. Соның ішінде орнатылған гарнитура арқылы басқару орталығымен сөйлесуге мүмкіндік болған.

"Осы нысанға кіру және шығу шаралары мұқият жоспарланып отырды. Әсіресе шығу қиын болатын. Себебі алдымен химиялық душ қабылдау қажет. Одан кейін кәдімгідей душ қабылдайсың. Соның бәрін уақытында істеу керек", - деп атап өтті Андерсон.
Бұған дейін The Wall Street Journal 2019 жылдың соңында Уханьдағы зертхананың үш қызметкері тұмауға ұқсас белгілермен ауруханаға жатқызылғаны туралы ақпарат таратқан. Алайда Андерсон танитын ғалымдардың арасында ешкім ауруханаға түспеген. Оған қоса Уханьдағы зертхана сияқты нысандарда тиісті патогендерге тән симптомдар жайында хабар беру жүйесі қарастырылған.

"Адамдар ауырса, мен де ауырып қалатын едім, бірақ ауырған жоқпын. Сосын Сингапурда коронавирусқа қарсы екпе алардың алдында тест тапсырдым. Оған сәйкес, ондай инфекциямен ауырған емеспін", - дейді Андерсон.

Оның айтуынша, желтоқсан айында Ухань зертханасының біраз қызметкері Сингапурға да барған. Сол жерде Нипах вирусы бойынша жиынға қатысыпты.

"Сонда ешқандай әңгіме болған жоқ. Ғалымдар өсек айтуды жақсы көреді ғой. Бірақ ондай әңгіме болмады", - деді Андерсон.

Осылайша Ухань зертханасының бұрынғы қызметкері коронавирус табиғи жолмен пайда болды деп санайды. Бірақ ондай вирустың зертханадан шығып кету қаупін де жоққа шығармайды. Себебі бұған дейін ондай оқиғалар болған.

"Теориялық тұрғыда зертханадағы ғалым вирусты күшейтемін деп, байқамай оны жұқтыруы да мүмкін. Одан кейін басқаларға жұқтырып, жүре береді. Алайда дәл осындай жағдайдың болғанына ешқандай дәлел жоқ. Болса да, ықтималдылығы өте төмен", - дейді австралиялық вирусолог.

Андерсон жаңа коронавирусты таратқан жануардың әлі күнге дейін табылмай жатқанына қатысты өз ойын да айтты. Оның айтуынша, атипиялық пневмонияның қоздырушысын табуға он жылдай уақыт кеткен. Сондықтан жаңа коронавирусты таратушыны да табу оңай емес.


Просмотров материала: 776

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 217 034 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 216 707 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 216 209 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 216 254 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 216 623 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 544 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 582 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 903 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 567 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 623 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 816 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 804 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 908 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 571 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 445 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 393 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 683 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 424 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 831 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 624 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 449 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 296 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 147 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 494 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 382 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 866 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 219 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 196 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 442 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 827 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 179 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 129 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 261 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 205 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 436 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 581 Просмотров





Опрос


«    Сентябрь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930