24 апреля 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Мемлекеттік кірістер басқармасы елордалық зейнеткердің мойнына 1 млн теңге қарыз ілген

25 июнь 2021, 12:34
Мемлекеттік кірістер басқармасы елордалық зейнеткердің мойнына 1 млн теңге қарыз ілген
Нұр-Сұлтан қаласы Байқоңыр ауданының мемлекеттік кірістер басқармасы елордалық 80 жастағы зейнеткерге мемлекет алдында 1 млн теңге көлемінде қарызы бар екенін хабарлаған. Алайда Владимир Душкаев салық қазынасына бір тиын да берешегі жоқ екеніне сенімді.

2020 жылдың ақпан айында Владимир Душкаевқа аудандық мемлекеттік кірістер бақармасынан салықтық қарыз жөніндегі хабарлама келіп түскен. Ақсақалдың айтуынша, мәселе оның бұрынғы жекеменшік кеңсесімен байланысты.

Айтуынша, ол 2018 жылға дейін өз кеңсесін жалға беріп, патент негізінде оңайлатылған салық режимінің есебінде тұрған.

«2018 жылдың 15 мамырында мен өз кеңсемді сатып жібердім. Тиісінше мемлекеттік кірістер басқармасына кеңсені сату және есептен шығару жөнінде өтініш жаздым. Өтініштің жанына сатып алу-сату жөніндегі келісімшартының көшірмесін қыстырдым. Сондай-ақ, МКБ қызметкерінен қарыздарымның бар-жоқтығын анықтауды сұрадым. Өз кезегінде МКБ өкілі ешбір қарызымның жоқтығын ескертті. Сонымен қатар, менің патентімнің мерізімі 2018 жылдың 31 желтоқсанында аяқталды. Өтініш жазбаған күннің өзінде заң бойынша 2 айдан кейін мен автоматты түрде есептен шығарылатын едім. Кеңсені сатып жіберуіме байланысты мен патентті қайта сатып алған жоқпын», - деді Владимир Душкаев.

Алайда Владимир Душкаев салық есебінен шығарылмаған болып шықты. Ал былтыр ақсақалға жергілікті кірістер басқарамасынан бірнеше хабарлама келген. Солардың бірінде экс-кәсіпкерге мемлекеттік орган кассалық аппарат алуды да міндеттеген екен.

«2020 жылдың 3 маусымындағы «Кассалық аппарат алу туралы хабарлама» мені тіптен мазақ қылумен тең. Хабарламаны мен қолыма 2020 жылдың 31 тамызында алдым. Ол жерде «кассалық аппарат алып, оны 2020 жылдың 1 қаңтарымен тіркеу керектігі туралы» міндеттеме жазылған. Мен аппаратты 7 айдан кейін алып, оны өтіп кеткен уақытпен қалай тіркеймін? Бұл заңбұзушылық емес пе?», - дейді зейнеткер.

Қарызды төлеуден бас тартқан ақсақал кірістер басқармасының мұндай әрекетін жалған деп, хабарлама жібергендерді сотқа берген. Алайда Байқоңыр аудандық соты шешімді мемлекеттік кірістер басқармасының пайдасына шығарыпты. Мұнымен келіспеген Владимир Душкаев қалалық сотқа аппеляциялық шағым түсірген. Оның айтуынша, сот істі біржақты қарап, жауап берушіден тиісті материалдарды талап етпей, өрескел қателіктерге жол берген.

«Сот процесінде және менің дәлелдемелерімнің негізінде жауапкер бұл хабарламаның заңсыздығын мойындады және мені есептен шығарды. Алайда сот бұл эпизодты ескермей, өз шешімінде «хабарламаның орындалуына байланысты есептен шығарылды» деп көрсетті. Ал іс жүзінде мен бұл хабарламаны орындауым үшін, яғни кассалық аппаратты алуым үшін жеке кәсіпкер болуым тиіс. Ал жауап беруші тарап сотқа менің «жеке кәсіпкер» екенімді дәлелдейтін бірде-бір құжат ұсынған жоқ, сот та талап еткен жоқ», - дейді Владимир Душкаев.



Бұған дейін 2020 жылдың ақпан айында Мемлекеттік кірістер органы Душкаевқа камералдық бақылаудың нәтижесінде анықтаған бұзушылықтар туралы хабарлама жіберген. Нәтижесінде қария салық қазынасына 1 млн теңге көлемінде қарыз болып шыққан. Душкаевтың айтуынша, бұл мәлімдеме шындыққа жанаспайды.

Бұл мәселе де сот отырысында қаралғанымен, іс мұнда да кірістер басқармасының пайдасына шешілген.

«Кірістер басқармасы камералдық бақылау жүргізбегеніне сенімдімін. Салық кодексінің 96-бабына сәйкес Кірістер басқармасы маған келген хабарламаның жанына камералдық бақылаудың актісін қосып жіберуі керек немесе мені актімен танысуға шақыруға тиіс еді. Содан кейін олар маған камералдық бақылау актісімен келісу немесе келіспеу туралы өтініш жазуды ұсынуы керек. Келіспеген жағдайда мен немен келіспейтінімді жазып, өтінішке өзімнің дәлелдемелерімнің құжаттарының көшірмелерін қоса беруім қажет. Мұның біреуі де болған жоқ. Осылайша Мемлекеттік кірістер басқармасы менің құқығымды бұзды», - дейді Владимир Душкаев.

Бұл мәселе бойынша Azattyq Rýhy тілшісі Мемлекеттік кірістер комитетіне хабарласып, мамандардан жауап алды. Алайда, ведомство өкілдері Душкаевтың 2018 жылғы салық есебіне камералдық бақылаудың жүргізілгені рас па, әлде жалған ба деген сауалға жауап беруден бас тартты, сондай-ақ, зейнеткердің жеке кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен нақты қашан шығарылғаны туралы мәлімет берген жоқ.

«Владимир Айсаевич Душкаев жеке кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен алынды. Мемлекеттік кірістер органдары ақпараттық жүйелерінің мәлеметтеріне сейкес, жеке кәсіпкер 2017 жылдың 17 ақпанынан бастап 2021 жылдың 21 мамырына дейін патент негізіндегі арнаулы салық режимін қолданды», - деп жауап берді Мемлекеттік кірістер комитеті.
Просмотров материала: 679

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 145 068 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 144 871 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 144 534 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 144 553 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 144 857 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 9 589 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 8 742 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 8 885 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 12 415 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 12 614 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 21 662 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 906 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 869 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 750 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 571 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 709 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 863 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 531 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 894 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 629 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 632 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 476 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 319 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 567 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 507 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 020 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 430 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 351 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 589 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 942 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 348 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 334 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 376 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 320 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 544 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 693 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930