15 декабря 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Картоп пен сәбіз алуға шамасы жетпей отырған көпбалалы отбасы көпшіліктен көмек сұрады

25 июнь 2021, 10:39
Картоп пен сәбіз алуға шамасы жетпей отырған көпбалалы отбасы көпшіліктен көмек сұрады
Картоп пен сәбізді грамдап сатып алып отырған елордалық көпбалалы ана Айжан Аманова еліміздегі азық-түліктің бағасының күн санап қымбаттап жатқанына алаңдаулы. Өйткені, күнделікті ас мәзірінен етті әлдеқашан алып тастаған бұл отбасыға бағасы аспандап кеткен картоп пен сәбіз сатып алу қиынға соғып отыр. Себебі, бұл үйде табыс табатын тек күйеуі, ал әйелі денсаулығына байланысты жұмыссыз отыр. Төрт баласының ешқайсы әлі еңбекке жарамсыз.

Azattyq Rýhy тілшісі журналистердің көмегіне жүргінген бұл отбасының тіршілігін өз көзімен көріп қайтты.

«Менің оң жақ бүйрегім ауырып, қазір жұмысқа жарамсыз болып қалдым. Кезінде еден жудым, еңбектен қашқан емеспін. Бүйрегіме ота жасаудың алдын алу үшін түтікше (стент) орнатты. Дәрі-дәрмекпен отырмын. Оған қоса, балаларым кішкентай. Сол балаларыма қарап, үйде отырамын», - дейді Айжан.



Кейіпкеріміздің «үй» деп отырғаны – шағын бөлме. Сол тар бөлмеде бұл отбасы тамақ та пісіреді, оны отырып осы жерде жейді және ұйықтайды. Әжетханасы да дәл жанында.

«Бұл жатақхананың бір бөлмесіне 55 мың теңге төлейміз. Жолдасым құрылыста істейді. Соның тапқан ақшасы мен 4 бала үшін мемлекет беретін жәрдемақыға күн көріп отырмыз. Тұңғышым колледжде оқиды. Оқу ақысы жылына 150 мың теңгені құрайды. Екінші балам 6-сыныпты, үшіншім 1-сыныпты аяқтады. Ал кенжем 3,5 жаста. 7 айлық кезінде менингит болып ауырып, содан кейін денесі құрысып қалатынды шығарды. Ойнап жүріп, құлап қалады да, аузынан су кетеді. 1 жыл ауруханада жатып емделіп, дене құрысуын әрең дегенде тоқтаттық. Кішкентайымның денсаулығы үшін көңілім жарым», - дейді ана.


Картоп пен сәбіз алуға шамасы жетпей отырған көпбалалы отбасы көпшіліктен көмек сұрады

Баланың дене құрысуы тоқтағанымен, әлі невропотолог есебінде тұр. Алайда, бұл отбасы баланы әрі қарай тұтастай емдеуді емес, күнделікті тамақтың қамын ойлап жүр.

«Етті мүлдем сатып алмаймыз. Ет алсақ, пәтерақысын төлей алмай қаламыз ғой. Картоп пен сәбіздің қымбаттап кеткені масқара болды. Енді қайтіп күнелтпекпіз? Балаларымның ағзасына дәрумендер ең болмағанда сол көкөніс арқылы баратын еді. Енді ол да жоқ. Картоп пен сәбіз алуға мейірімді жандардан көмек болса деп сұраймын. Басқа мәселемді айтпай-ақ қояйын», - деп көпбалалы ана елорда тұрғындарынан, қайырымды жандардан көмек сұрады.



2005 жылы еңбек етіп, ақша табу мақсатында елордаға келген отбасының әлі күнге дейін жағдайы оңалмай келеді. Оған бір жағынан денсаулығы, бір жағынан қымбатшылық әсер етіп отыр. 41 жасында бүйрегі сыр берген Айжанға да күтім керек екен. Пандемия кезінде табысы азайған отбасын қазір балалардың болашағы емес, қарынның қамы көбірек алаңдатады.

Көпбалалы отбасына көмек беремін десеңіз:

Kaspi нөмірі: 4400 4301 0893 3851 Aizhan Amanova
Просмотров материала: 822

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 179 369 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 178 872 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 178 461 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 178 514 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 178 814 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 11 474 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 10 607 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 10 839 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 15 000 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 15 154 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 23 773 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 058 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 440 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 268 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 094 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 300 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 357 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 036 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 431 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 151 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 156 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 985 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 826 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 090 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 025 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 540 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 059 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 859 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 128 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 490 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 874 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 826 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 878 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 840 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 069 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 212 Просмотров





Опрос


«    Декабрь 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031