10 сентября 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Үнді штамы өкпені тез қабындырады

Үнді штамы өкпені тез қабындырады
"Үнді" штамы деген атпен әлемді кезіп жүрген коронавирустың қауіпті түрі Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларына да жетті. Бұл екі қалада жағдай ушығып кетпес үшін карантиндік шектеу шаралары қайтадан енгізіледі деген болжамдар айтылып жатыр.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, «дельта» штамы алғаш рет 2020 жылы қазан айының басында Үндістанның Нагпур қаласында анықталды. Соңғы мәліметтерге сәйкес, SARS-CoV-2 штамы әлемнің 174 еліне таралып отыр. Оның ішіне Қазақстан да кірді.

«Дельта» деп атау берілген бұл вирустан қалай сақтану керек? Оның осы күнге дейін белгілі түрлерінен қандай айырмашылықтары бар? Медицина ғылымдарының кандидаты, дәрігер Қайырғали Конеев Azattyq Rýhy тілшісіне жаңадан келген инфекциялық аурудың ерекшеліктері туралы айтып берді.


- Қайырғали мырза, бұған дейін Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі «үнді» штамының болу ықтималдылығын анықтаған еді. Нұр-Сұлтан қаласында коронавирус жұқтырған науқастардан алынған зертханалық үлгілерге қарағанда «дельта» штамын жұқтырған науқас бар екені белгілі болды. Коронавирустың бұл мутацияланған түрі неге қауіпті саналады?

- Үнді штамы емдеуге тез көнбейді және ауырған адамға келтіретін зардабы да көп. Клиникалық белгілері тез дамып, оның салдары да ауыр болады. Сондықтан ол қауіпті саналады.

- Коронавирустың осы күнге дейінгі түрлеріне қарағанда бұл штамның сыртқы белгілері қандай? Адам вирустың нақты осы түрін жұқтырып алғанын қалай біледі?

- Әрине оның нақты "үнді" штамы екенін зертханалық тексерулерсіз білу мүмкін емес. Тұмау белгілері бар адамдардың арасында дене қызуы қатты байқалса, тіпті 40 градусқа дейін көтеріліп кетсе, тез қаралу керек. Әлбетте өкпенің қабынуы, интоксикация белгілері болады. КВИ-дің барлық белгілері бар, бірақ ол тез-тез қабынады деген сипаттамасы адамдарды шошытып отыр.

- Әлемді шарлап келе жатқан бұл штамм ,әсіресе, адамның есту қабілетіне кері әсер етеді деген ақпараттар айтылады. Сол рас па?

- Қазір жаз уақытында адамдарда диарея белгілері онсыз да көбейіп, жеміс-жидекті дұрыс тұтынбағаны үшін ауырып қалады. Бірақ "үнді" штамының біл белгісі- іштің өтуі. Ал есту қабілетінен айрылу жағдайы коронавирустың былтыр келген түрінде де кездескен. Әсіресе осы вирусты жұқтырып, жазылып шыққан егде адамдар арасында бұл жағдай жиілегенін байқадық. Ал жаңа штамның есту жүйесіне кері әсер ететіні рас. Бұл әлемдік тәжірибеде осы инфекция түріне шалдыққандар арасында кездесіп жатыр. Тіпті ол жастар арасында да жиілеген.

- «Дельта» штамы түрлі қышыма, теміреткі сияқты аурулардың қозуына әкеледі деген қаншалықты рас?

- Иә, әлемдік БАҚ беттеріндегі мамандардың айтқандарына қарасақ, "үнді" штамы қауіпті тері ауруларының асқынуына алып келеді. Мысалы Үндістанда тазалық деңгейі қандай екені белгілі. Халық саны көп, жеке гигиеналық талаптардың сақталмауы мұнда қышыма және түрлі жұқпалы тері ауруларының қозуына түрткі болады. Ал оған коронавирус қосылғанда бұл елде ауру жұқтырғандар қатты зардап шеккен деп айтылып жатыр. Сондықтан оның созылмалы тері ауруларына соқтыруы мүмкін дегені осыдан болса керек. Десе де ауру белгілерінің ішінде өзге белгілерден бөлек осындай тері ауруларының прогрессивті түрі байқалса, дәрігерге қаралған жөн.

- Бұл ауруды жұқтырмауға вакцинаның көмегі тие ме?

- Әрине, антитела қалыптасқан, бұрын ауырған науқастарға үнді штамы әсер етпейді деу қате түсінік. Егер вакцина алмаса, бұл аурудың қабыну процесі қатты жүріп, адам өміріне қауіп төнуі мүмкін. Вирустан сақтанудығ ең тиімді жолы - екпе алу екенін бәріміз біліп отырмыз, әлемдік медицина қауымдасығы да осыны ұсынады. Вакцина салдырған адам "үнді" штамы жұққан күннің өзінде жеңіл ауыратынын дәрігер ретінде жауапкершілікпен айта аламын. Сондықтан вакцинаның көмегі әлбетте тиеді. Иммунизация процесін тоқтатпау керек.

- Қазақстанда карантиндік шаралар күшеюі мүмкін бе? Алдағы уақытта коронавирустың өршу қаупі бар ма?

- Қазақстанда коронавирустың тағы да бір легі болатыны сөзсіз. Бұл бұрыннан бар болжам. Оны ешкім жоққа шығармайды. Тағы да қайталап айтамын, адамдардың иммундық жүйесін күшейтіп, вакцина алу процестерін жеделдету керек. Мемлекет онсыз да халық арасында түрлі стимул беретін және белсенді шараларды жасап жатыр. Қазір жағдай былтырғы жаздағыдай бақылаудан шығып кетпейтіні түсінікті. Десе де әрбір адам біз үшн құнды. Оның денсаулығын сақтау үшін ПТР-тест алу жүйесі жолға қойылды, дәрігерлердің де тәжріибесі артты. "Үнді" штамы қауіпті. Егер оның жоғарыда айтқан белгілері байқалса, үйде отыра беруге болмайды. Әсіресе, өте жоғары дене қызуын байқасаңыз, дәрігердің көмегіне жүгініңіз.
Просмотров материала: 4 650

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 217 151 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 216 823 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 216 324 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 216 368 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 216 739 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 548 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 587 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 910 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 575 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 627 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 821 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 807 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 910 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 573 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 445 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 393 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 684 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 425 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 831 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 624 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 450 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 297 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 149 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 494 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 383 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 867 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 222 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 196 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 443 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 829 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 181 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 131 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 264 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 206 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 436 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 584 Просмотров





Опрос


«    Сентябрь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930