12 августа 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Қазақстанға түбі АҚШ пен Қытайдың бірін таңдауға тура келеді

24 июнь 2021, 15:19
Қазақстанға түбі АҚШ пен Қытайдың бірін таңдауға тура келеді
АҚШ пен Қытайдың қарым-қатынасы сауда дауынан ауқымды стратегиялық текетіреске айналып барады, деп жазыпты inbusiness.kz.

Әлемдік экономика және саясат институты бүгін Қазақстан мен Қытайдың стратегиялық қарым-қатынасы жайында онлайн режимде конференция ұйымдастырды. Жиында сөз сөйлеген институт сарапшысы Руслан Ізімов екіжақты қарым-қатынастан гөрі жаһандық мәселелер туралы ой бөлісті. Сарапшының айтуынша, қазір әлем қос полярға бөлініп кеткен. Бір жағында бұрыннан бергі ірі ойыншы – АҚШ бастаған Батыс елдері, ал екінші жағында өзін толыққанды держава ретінде көрсетіп отырған Қытай тұр.

Қытай бұрынғы Кеңес одағының орнына америкалық гегемонияға қарсы позицияға жайғасты. Екі державаның қарым-қатынасы сауда дауынан ауқымды стратегиялық текетіреске айналып барады.Текетірестің ауқымы экономика мен саясаттан бастап, саланың бәрін қамти бастады. Көп адам мұны бұрынғы "қырғи-қабақ соғыспен" салыстырады. АҚШ пен Кеңес одағының тіресі идеологиялық және әскери саланы қамтитын шығар, бірақ бұл жолы біз экономика мен технологиялардың жарысын көріп отырмыз. 2018 жылы өткен Астана-клуб шарасында Қытай АҚШ-пен қандай да бір мәмілеге келуге дайын екенін байқағанбыз. Тараптар сауда қарым-қатынасын жолға қоюға тырысқан. Әйтсе де бүгінгі күні жағдай мүлде өзгеріп кетті. Ал АҚШ пен Қытайдың Сыртқы істер министрлерінің соңғы келіссөздеріне қарасақ, Қытай бүгін де ешқандай шегініске барғысы келмейтіні айқын болды. Бұл жағдай барлық елге, оның ішінде Қазақстанға да стратегиялық тәуекел туғызады,– дейді сарапшы.

Руслан Ізімов Вашингтон қазір Еуропа мен Азиядағы елдермен қарым-қатынасын жақсартып жатқанын айтады. Жаңа президент Джо Байденнің жаңа тактикасы жемісін бере бастаған. "Үлкен жетіліктің" басшылары жиналған саммитте Еуропаның негізгі ойыншылары, одан бөлек Жапония мен Оңтүстік Корея да АҚШ-ты қолдайтынын ашық білдірген. Яғни АҚШ-қа ниеттес мемлекеттер топтасып, Қытайға қарсы компромиске келмейтіндей позицияны ұстануға дайындалып жатыр.

Қытайдың өз блогы жоқ. Ол мүмкін болмай да тұр. Қытай "мынау бізге дос мемлекет" дейтіндей ел жоқтың қасы. Идеологиялық мәселелер бойынша қолдайтын бірден-бір мемлекеті Солтүстік Корея шығар. Бірақ Пхеньянның өз мүдделері бар, сол себепті Қытайдың толыққанды одақтасы бола алмайды. Әйтсе де дамушы елдердің ішінде Қытайдың біршама "досы" барын да ұмытпау керек. Олар экономикалық бағытта бағынышты болғанымен, саяси тұрғыда Қытайды бәрібір қолдамауы мүмкін. Толыққанды полюс бола алмайтын тағы бір ойыншы – Ресей де бар. Әйтсе де бұл мемлекет АҚШ пен Қытайдың текетіресінің бағыт-бағдарына ықпал ете алады. АҚШ-тың инфрақұрылымдық нысандарына жасаған соңғы кибершабуыл Ресейдің басқару жүйесіне зиян келтіре алатынын көрсетіп берді, – дейді ол.

Ресей дегенмен Батыс елдерінің көзімен қарағанда – аластатылған, қауіп күтуге болатын мемлекет. Әйтсе де Ресей тарапынан келетін қауіп Қытай туындататын қауіптен едәуір аз. Сарапшының пайымдауынша, Вашингтон Ресеймен қарым-қатынасын қайта қараған секілді. Қысым жасау тактикасынан гөрі келісіп, ұғысып көрудің жолдарына баса мән бере бастаған. Бұл – Вашингтонға Ресей қаупін уақытша азайтып, бар күшті Қытайға жұмсауға мүмкіндік береді. Ал Қытай Ресейге АҚШ-тың күшін басқа арнаға бұра алатын мемлекет ретінде қарайды. Соңғы онжылдықтарда Қытай дәл осы "терезелер мүмкіндігін" жақсы пайдаланып, өзінің әскери, технологиялық қуатын арттыра берген. АҚШ ашық түрде Қытайда "нөмір бірінші қарсылас" деп мәлімдеген кезде Бейжің көлеңкеден шығып, өз мүмкіндіктерін жасырмауға бел буған.

Қытай бұған дейін өзінің күш-қуатын текке арттыра берген жоқ. АҚШ-тың әлеуетті қарсыласы деген Ресеймен, Иран, Пәкістанмен қарым-қатынасты ретке келтіруге тырысты. Алайда Қытайдың негізгі стратегиялық серіктесі әзірге Ресей болып тұр. Бұл ретте Қытай мен Ресейдің қарым-қатынасының өзіндік "қызыл жолағы" барын ескеру керек. Соңғы жағдайларға шолып қарасақ, Қытай Ресеймен альянс немесе саяси әрі әскери одақ құруға дайын еместігін байқаймыз. Менің ойымша, Қытай Мәскеудің Батыс елдеріне шығысып кетуінен жасқанып отыр, – деп атап өтті ол.

Ал Батыс елдері мен Қытайдың ортасында Орталық Азия тұр.

Уақыт өткен сайын ерте ме, кеш пе, Орталық Азия елдері, оның ішінде Қазақстанға да АҚШ пен Қытайдың бірін таңдауға тура келеді. Бұл жерде бір тарапты таңдап, екіншімен мүлде байланысты үзу туралы әңгіме айтылып тұрған жоқ. Қазақстан сыртқы саясатта өзіне пайдалы бағытты таңдауы керек болады. Қай бағытта қозғалу керек? Қазірдің өзінде технологияны кіммен бірге жасаған дұрыс деген сұрақ туындап жатыр. Мысалы, қазір Huawei ​телефонын Play Маркет пен Google-дың бүкіл жүйесінен өшіріп тастады. Бұл – бәріне үлкен проблема туындатып жатыр. Әрине, біз Қытайдың технологиясын пайдалана аламыз. Ол сапасы жағынан Батыс елдерінің өнімінен еш кем емес. Екінші жағынан Huawei-ді ұстағымыз келсе, Батыс елдерінің технологиясына қол жеткізе алмаймыз. Бұл телефон деңгейіндегі текетірес күні ертең барлық саланы шарпиды,– деп ескертеді сарапшы.

Сөзін түйіндей келе сарапшы Қазақстанның ішінде антиқытайлық көңіл-күй барын жасырмады.

Бұл көңіл-күй бар, ауқымы артып та келеді. Әлбетте, Қытайдың ойлап табылған "аңыз сипаты" да бар. Екінші жағынан бұлай ойлаудың шынайы негізі де жоқ емес. Оны азайтып, екіжақты қарым-қатынастың дамуына кедергі келтірмес үшін Қазақстан мен Қытай тарапы бір-біріне қадам жасауы керек. Сауда-энергетикалық салада, адам құқығы тұрғысында сұрақтарымыз бар. Оны мұндай жиыннан бастап, артынша үкіметтік деңгейде талқылау керек,– деп түйді Руслан Ізімов.
Просмотров материала: 619

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 161 301 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 161 124 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 160 758 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 160 797 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 161 089 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 10 479 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 9 624 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 9 824 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 13 649 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 13 834 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 22 630 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 9 475 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 127 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 993 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 816 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 980 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 101 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 763 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 141 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 868 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 877 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 718 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 558 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 816 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 763 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 271 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 714 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 593 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 856 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 186 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 591 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 571 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 608 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 556 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 793 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 935 Просмотров





Опрос


«    Август 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031