31 января 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Дихандар "Qoldau" жүйесін "Қорлау" деп атап кетті – депутат

23 июнь 2021, 11:55
Дихандар "Qoldau" жүйесін "Қорлау" деп атап кетті – депутат
Мәжіліс депутаты Б.Бекжанов ҚР Премьер-Министрдің орынбасары Роман Склярға депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды zakon.kz.

Біздің депутаттық сауалымыз Агроөнеркәсіп кешенінің жекелеген секторларын қолдауға бағытталған инвестициялық субсидиялар мен субсидиялар алудағы қиындықтарға тап болған ауылдағы ағайынның жан – айқайына қатысты. (инвестициялық субсидиялар, сыйақы мөлшерлемелері, тыңайтқыштар, пестицидтер, тұқымдар, ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу, гектарлық субсидиялар бойынша, сақтандыру бойынша, қарыздарды кепілдендіру/сақтандыру бойынша, қаржылық сауықтыру бойынша, ЖҚЖК бойынша, суармалы су бойынша, аквамәдениет бойынша, МҚҰ операциялық шығыстары бойынша, тексеру одақтары бойынша, мал шаруашылығы бойынша, көпжылдық екпелер бойынша кепілдік беру).

Субсидия алуға өтінім беру рәсімі "Ақпараттық - есептеу орталығы" Акционерлік Қоғамының Qoldau.kz платформасы негізінде жүзеге асырылады. Бүгінгі таңда платформада 218 мың 977 пайдаланушы тіркелген.

Qoldau.kz сандық платформасы ақылы негізде жұмыс істейді және қызмет құны алынған субсидия сомасына байланысты. Мәселен, субсидия сомасы 100 мың теңгеге дейін болса, төлем 3 айлық есептік көрсеткішті құрайды. Бұл шамамен 9 мың теңге, 1 млн.теңгеге дейін – 10 АЕК - ті, яғни 29 мың теңге, ал 1 млн. теңгеден астам - 11 айлық есептік көрсеткіш, 32 мың теңге шамасында төленуі тиіс. Онсыз шаруа субсидиядан қағылады. Бізге және шаруаларға қызметтің құны неге субсидия көлеміне байланысты екені түсініксіз, өйткені мұнда тек өтінім беру рәсімделеді, оның өзі автоматты түрде жасалады. Ағымдағы жылы осы қызметті алушылардың саны 218 мыңнан астам екендігін ескерсек, сандық платформаның қанша табыс табатынын есептеу қиын емес!

Сонымен қатар, шаруалардың көптеген шағымдары платформа арқылы өтініш беру кезіндегі кедергілерге байланысты. Дихандар дала жұмысын атқарудың орнына таң атқаннан күн батқанға дейін компьютерге үңіліп, порталға өтініш беру үшін "мүмкіндіктер терезесін" іздеуге мәжбүр! Бірақ "мүмкіндік терезесінің" қызметі порталдың ашылу уақытын білетіндерге ғана бұйырады екен. Бұл ретте өтінімдерді рәсімдеу мәселесі өңірлердегі ауыл шаруашылығы басқармаларының жанындағы оператор дейтін "құдіреті күшті" лауазым иелерінің қолында екендігін ұмытпаған жөн. Бұл ретте аграршылардың бюджетте қаражаттың болуына қарамастан алдын ала өтінімдерді орналастыруға ешқандай мүмкіндігі жоқ. Сондықтан да халық арасында бұл жүйені "Qoldau" емес, "Qorlau" деген ұғым қалыптасқан.

Бұдан басқа, мал басын есепке алу Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі (АШМ) "Ақпараттық-талдау жүйесі" (АТЖ) арқылы жүзеге асырылады, онда тіркеу үшін шаруа 8500 теңге және жаңа туған немесе сатып алынған мал басының әр басына 200 теңге төлейді. Бірақ субсидия алу үшін тағы бір ақпараттық жүйеге – "субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне" (САЖ) өтінім беру арқылы тіркелу қажет.

Осылайша, шаруа малдың сапасын жақсарту мен өнімділікті арттырудың орнына, ауылдағы интернеттің сапасының төмендігіне қарамастан "тарыдай шашылған" электронды порталдардың қулықтарын түсінуге және онымен ақылы негізде жұмыс жасауға мәжбүр.

Жоғарыда баяндалғанның негізінде Қазақстан Республикасының Үкіметіне мынадай мәселелерді шешу қажет деп санаймыз:

1) Сандық платформалар Qoldau.kz, "Ақпараттық-талдау жүйесін" (АТЖ) және "Субсидиялаудың ақпараттық жүйесін" (САЖ) бір арнаға тоғыстырып, "бір терезе" қағидаты бойынша жұмысын реттеуді.

2) Сыбайлас жемқорлық көріністерін жою мақсатында Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес Цифрлық платформаның жұмысын ақысыз, алдын ала өтінім беру мүмкіндігін қарастыра отырып, толық автоматтандыруды.

"Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 27-бабына сәйкес депутаттық сауалға заңнамада белгіленген мерзімде жазбаша жауап беруді сұраймыз.
Просмотров материала: 736

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 184 542 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 184 064 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 183 639 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 183 688 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 184 003 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 11 777 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 10 898 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 11 142 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 15 403 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 15 547 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 24 083 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 186 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 481 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 309 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 137 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 438 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 386 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 075 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 475 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 209 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 191 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 019 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 861 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 141 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 072 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 572 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 206 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 892 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 170 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 532 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 920 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 869 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 932 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 894 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 114 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 257 Просмотров





Опрос


«    Январь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031