27 ноября 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



БЖЗҚ-ға қосымша 5 пайыздық жарна: министрлік норма қашан іске қосылатынын айтты

21 июнь 2021, 17:25
БЖЗҚ-ға қосымша 5 пайыздық жарна: министрлік норма қашан іске қосылатынын айтты
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі экономист Олжас Құдайбергеновтің еліміздің мемлекеттік органдары жұмыс берушілер есебінен қосымша 5 пайыздық зейнетақы жарналарын енгізу жоспарына қайта оралғаны туралы жазбасына пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство зейнетақы заңнамасына жаңа түзетулер әзірленіп жатпағанын мәлім етті. Жұмыс берушілердің 5 пайыз мөлшеріндегі міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ) енгізу туралы нормалар "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 2 тамыздағы заңмен қабылданған.

"Жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналарын енгізуді 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап жүзеге асыру жоспарланған болатын. Алайда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша жоспар енгізілгелі жатқанын ескере отырып, осы түзетулерді қолданысқа енгізу мерзімі 2020 жылға ауыстырылды.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2019 жылы заңнамалық түзетулер қабылданды, оған сәйкес МЗЖ енгізу мерзімі 2023 жылға ауыстырылды ("Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті әлеуметтік сақтандыру, әлеуметтік қамсыздандыру және денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 26 желтоқсандағы Заң)", - делінген Еңбек министрлігінің жауабында.

Сондай-ақ, министрлік 2019 жылы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет жанынан зейнетақы жүйесін одан әрі дамыту, оның ішінде жұмыс берушілердің 5 пайыздық міндетті зейнетақы жарналарын енгізу мәселелерін қарау бойынша жұмыс тобы құрылғанын айтты. Ведомство мәліметі бойынша, жұмыс тобына мемлекеттік органдардың өкілдері, парламент депутаттары мен сарапшылар кіреді.

"Жұмыс тобы аясында әзірленген ұсыныстарды Мемлекет басшысы қолдады, ал ұсынылған шаралардың бір бөлігі заңнамалық деңгейде де, іс жүзінде де жүзеге асырылды. Мысалы, 2021 жылдан бастап зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй жағдайларын жақсартуға, емделуге, қаржы ұйымдарының басқаруына беруге мақсатты пайдалану мүмкіндігі берілді. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес жұмыс берушілер МЗЖ-ны 2023 жылдан бастап өз қаражаты есебінен жұмыскерлер пайдасына аударатын болады.

Бұл халықаралық стандарттарға сәйкес келетін зейнетақы жасына жеткен кезде қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарының барабар деңгейін (зейнеткерлікке шыққаннан кейінгі табысты ауыстыру коэффициенті) сақтауға, сондай-ақ БЖЗҚ-ның барлық салымшысы зейнетақы жинақтарының бір бөлігін нысаналы пайдалану құқығын іске асыруға мүмкіндік береді", - делінген хабарламада.

Бірнеше күн бұрын экономист Олжас Құдайбергенов еліміздің мемлекеттік органдары жұмыс берушілер есебінен қосымша 5 пайыздық зейнетақы жарналарын енгізу жөніндегі жоспарға қайта оралғанын жазған болатын.

Еске салайық, 2019 жылдың шілдесінде еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап әрбір жұмыс беруші міндетті 10 пайыздық жарнадан бөлек, жұмыскердің жалақысының қосымша бес пайызын БЖЗҚ-ға аударуға міндетті екенін хабарлаған болатын. Тиісті заң 2015 жылы қабылданды. Жүйені 2018 жылы енгізу жоспарланған болатын, бірақ бейінді ведомство жаңа енгізілімді келесі жылға шегерді.

Кейін бұл жарналар азаматтардың меншігі болмайтыны және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында ашылған әрбір қызметкердің шартты зейнетақы шотында тіркелетіні белгілі болды. Сонымен қатар, қосымша 5 пайыздық жарналар мұраға берілмейді.

Бұл жаңалықты халық сынға алды. Адамдар жұмыс берушілер қызметкерлердің жалақысына онсыз да аударылатын 5 пайызды салады деп қорықты. Кәсіпкерлер де өз бюджетіне қосымша ауыртпалық түсіруге қарсы болды.

2019 жылдың қыркүйегінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 5 пайыздық зейнетақы төлемін енгізуді 2023 жылға дейін кейінге қалдырды.
Просмотров материала: 617

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 124 023 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 123 854 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 123 496 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 123 522 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 123 829 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 8 516 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 7 689 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 7 760 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 10 951 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 11 096 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 20 476 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 336 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 658 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 554 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 365 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 466 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 662 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 330 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 676 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 439 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 436 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 275 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 123 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 366 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 301 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 16 831 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 180 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 153 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 373 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 701 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 125 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 141 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 182 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 107 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 339 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 491 Просмотров





Опрос


«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930