19 октября 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Ата-ананың жасырын агрессиясы балаға қалай әсер етеді? Мамандар пікірі

Ата-ананың жасырын агрессиясы балаға қалай әсер етеді? Мамандар пікірі
Жасөспірімдер агрессиясы және оны сублимациялау әдістері туралы i-BALAQAI жобасының эфирінде штаттан тыс бас психиатр, медицина ғылымдарының кандидаты Николай Нигай және балалар қауіпсіздігі жөніндегі сарапшы Зарина Жұмағұлова әңгімеледі. Tengrinews.kz сұхбат үзінділерінің мәтіндік нұсқасын дайындады.

Агрессия деген не?

Ең алдымен, адамның агрессив мінез-құлқы инстинктивті сипатқа ие және әр адамға тән екенін түсіну керек. Агрессия - бұл біздің психикалық күшіміз, оның қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін сыртқа немесе ішке бағытталған импульс.

Николай Нигайдың сөзінше, агрессия - бұл ересек адамға тән нәрсе, сондықтан жасөспірім кезінде балалар оны жиі көрсетіп тұрады.

Бірақ агрессия қандай нормада көрінуі керек? Ересектер оған қалай әрекет етуі керек?

"Ата-аналар түсінуі үшін жалпы агрессияның себептерін және олар немен кезігетінін түсіну керек. Жасөспірім кезіндегі агрессияның бірінші және негізгі себебі - физиологиялық себептер. Физиологиялық себептер деген не? 10 жастан 19 жасқа дейінгі кезеңде бізде ағзаның өсуі байқалады. Сонымен қатар, барлық дерлік сала: орталық жүйке жүйесі, эндокриндік жүйелер, әлеуметтену, жыныстық саланың жетілуі және тағы басқасы бар", - дейді Николай Нигай.

Сарапшы бұл адам өміріндегі ең маңызды кезең және физикалық тұрғыдан онымен тек нәрестелік кезең таласа алады деп санайды.

"Күнтізбелік жас көбіне биологиялық жасқа сәйкес келмейді. Мысалы, 14 жастағы баланы алайық. Бір сыныпта біз келесі көріністі көре аламыз: біреудің дамуы 11 жастағы баланың дамуы болса, екіншісінде 12 жастағы, ал үшіншісінде 18 жастағы баланың дамуы.

Сондай-ақ ұлдар мен қыздар арасында өте үлкен диссонанс бар. Бұл, әдетте, орташа есеппен кем дегенде 2 жыл айырмашылық. Бірақ бұл өте үлкен диссонанс. Олардың әрқайсының қажеттілігі мен мүмкіндігі әртүрлі. Бірақ дене белгілі бір биологиялық кезеңге сәйкес келеді, ал ойлау төмен болып қалады", - дейді маман.

Спикер агрессияның екінші себебі кортикальды және субкортикалық функциялардың теңгерімсіздігінен болатынын айтады.

Біріншісі жоғары психикалық белсенділікке, талдауға және ақпарат беруге жауап береді.

Екіншісі қыртыстың астында орналасқан және сезім мүшелерінен белгілі бір ақпаратты береді.

"Жасөспірім балаларда осы функциялардың аясында белгілі бір теңгерімсіздік болады, соның салдарынан ересек адам сөйлеген кезде оны бірден қабылдамайды. Балалардың сұраққа жауап бермей жататыны содан. Ата-ана үш сұрақ қойса, бала соңғысына немесе біріншісіне ғана жауап берді. Содан кейін оны агрессия сияқты қабылдап, "елемейді, бағынбайды" деп ойлайды. Бірақ негізі бұл агрессия емес, тек бала алғашқы екі сұрақты қабылдамады. Ата-ана осы туралы білуі керек және сұрақты да жиі қойып кетпеу керек", - деді Николай.

Балалар қауіпсіздігі жөніндегі сарапшы Зарина Жұмағұлова ата-аналар балаларға ақпаратты қалай беретініне назар аударып, олардан күтетін нәрсенің деңгейін төмендетуі керегін атап өтті.

"Біз, ересектер үшін, әрине, балалар үшін себеп-салдар тізбегі қажет. Ата-аналар мұны ескеріп, түсіндіруге біраз уақыт беруі керек.

Жасөспірімдер ештеңе істемей-ақ шаршап қалуы мүмкін. Себебі олардың ішкі жасушасы белсенді түрде өсіп келе жатыр, миы қалыптасып жатыр. Оған көп күш кетеді. Соны ескеру керек", - дейді маман.

Спикер жасырын агрессия балаға кері әсер ететінін атап өтті.

"Бала жасырын агрессияны байсалды қабылдайды. Мысалы ата-ана баламен сөйлеспей қойған кезде. "Болды, мен сенімен сөйлеспеймін". Ол да жасырын агрессия. Бала басқалар оған дұрыс қарамай тұрғанын түсінеді", - дейді маман.

Ол қандай кезде байқалады?

Спикерлер ата-анадағы жасырын агрессияны байқататын бірнеше факторды атады:

Шамадан тыс үміт арту. Бұл жағдайда ата-ана ретінде де, бала ретінде де консессуске келу керек;
Бағаламау. Ата-ана баланың жасаған еңбегін бағаламаған кезде;
Сарказм;
Баланың бірден жауап беруін талап беретін кез.
Жасөспірімдер агрессиясы қалай өзгереді және әртүрлі субмәдениет арқылы шығудың жолын қалай табады?

"Егер біз жастар субмәдениеттері туралы айтатын болсақ, онда бұл жерде субмәдениет баланы іздемейтінін, ал бала өзін білдіру үшін сол субмәдениетті іздейтінін түсіну керек. Ол дәл сол адамдарды іздейді. Субмәдениеттер әр түрлі болуы мүмкін. Мысалы, панктер. Олар өз кезегінде бар нәрсені және айтылғанның бәрін жоққа шығарады. Негізгі критерийлердің бірі басқа адамға агрессияның көрінісі болып табылатын қылмыстық топтар бар. Немесе футболға жақын топтар және тағы басқасы. Бұл да таза агрессия. Егер бала осындай бағытпен жүрсе, онда бір нәрсе дұрыс емес екенін түсіну керек", - дейді Николай.

"Бұл жерде теріс немесе негатив субмәдениеттерге жеткізбеу туралы ойлану керек. Бұл бізге байланысты. Оның ішінде, біз уақытында байқаймыз ба және уақытында түзету жасап, қандай да бір жолмен көмектесе аламыз ба?".

Баланың тарапына агрессия байқалғанда өзіңді қалай ұстау керек?

"Бұл туралы ересектерге айту керек. Бұл сөзсіз. Яғни мәселені өзі шешуге тырыспауы керек. Проблемадан басқа агрессия тууы мүмкін, өкінішке қарай, ондай деректер бар. Сондықтан ол туралы тәрбиешісіне, мұғалімге не ата-анасына айтуы керек", - дейді сарапшы.

GPS-трекерлер және балаларды бақылап жүру керек пе?

"Ол жеке кеңістікке қол сұғу. Ол қосымшалар балаларда оларды бақылап жүретін адамға деген теріс ой қалыптастырады. Бастысы бала оған ешкім сенім артпайтынын түсінеді", - дейді Николай Нигай.

"Балаға сенім артып, еркін қозғалуына мүмкіндік жасаған дұрыс болады", - дейді Зарина Жұмағұлова.

Баланы агрессив емес, мейірімді және бейбіт етіп қалай тәрбиелеу керек?

"Махаббат бәрін жеңеді. Сонымен қатар, ата-ана бақытты болса бала да бақытты болатынын түсіну керек. Ішкі жағдайыңызға назар аударыңыз. Егер уақыт, ресурс, күш пен шыдам жетпесе, ол мәселені өзіңіз отырып шешіңіз", - дейді спикерлер.

I-BALAQAI жобасының негізін қалаушылар - Alash Media Group медиахолдингі мен Montessori Qazaqstan Public Fund. Ақпараттық серіктес - "ВКонтакте" әлеуметтік желісі.

Видеосұхбаттың толық нұсқасы I-BALAQAI YouTube-арнасында.



Жоба туралы толығырақ I-BALAQAI Instagram парақшасында.


Сондай-ақ, материал подкаст ретінде де қолжетімді, оны Anchor.FM, "Яндекс Музыка" және "ВКонтактеден" тыңдауыңызға болады.

RTS Decaux компаниясына түсірілім жасауға локация ұсынғаны үшін алғыс білдіреміз.
Просмотров материала: 1 314

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 171 271 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 171 102 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 170 729 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 170 776 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 171 061 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 11 089 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 10 226 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 10 449 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 14 459 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 14 628 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 23 348 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 9 859 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 350 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 202 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 021 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 216 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 298 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 967 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 352 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 073 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 088 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 925 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 756 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 022 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 960 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 476 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 945 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 796 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 068 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 394 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 809 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 764 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 818 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 769 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 995 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 141 Просмотров





Опрос


«    Октябрь 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031