31 июля 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Уайым мәселені шешепейді

18 июнь 2021, 16:10
Уайым мәселені шешепейді
Пандемия тұсында елімізде психологтардың көмегіне жүгінгендердің саны күрт көбейген. Республикалық психикалық денсаулық ғылыми практикалық орталығының мәліметінше былтыр наурыз айынан бастап күйзеліс пен үрейден ұйқысы қашқан ел-жұрт орталықтың сайтына тыным бермеген.

Әлем жұртшылығын алаңдатқан коронавирустың таралуын тежеу мақсатында елімізде наурыз айында карантин енгізілді. Психологиялық көмекке мұқтаж халықтың сұранысын өтеу және шұғыл қызмет көрсету үшін психологтар күндіз-түні кірпік қақпады. Үйде оқшауланғанда орталыққа 557 адам хабарласып, психологтардан қашықтан кеңес алыпты.

Олар 300 тарта ересек , 60-тан астам жасөспірім , бұған қоса қарттар, денсаулық сақтау саласының қызметкерлері. Жас ерекшеліктеріне тоқталсақ, көмекке жүгінгендердің басым бөлігі 30-44 жастағы азаматтар, олардың жалпы саны 162 адам, ал жүзден астам 17-29 жастағы жастар да мазалаған мәселе бойынша психологиялық көмек алған. Енді 100 тұрғын отбасылық араздықты шешудің жолдарын сұраса, 180 адам эмоционалды көңіл-күйдің тұрақсыздығына шағымданған. 34 кісі көмек алу туралы ақпаратты білгісі келсе, 20-сы жұмысында туындаған түйіткілдерді айтып арызданған . Сонымен бірге ауруды жұқтырамын деген үреймен алысқандар , зорлық -зомбылыққа тап болғандар , тіпті жалқаулықтан құтылудың амалын сұрағандар да бар.


Республикалық психикалық денсаулық ғылыми практикалық орталықтың бас директорының орынбасары Қуаныш Алтынбеков жаһанды дүрліктірген пандемия еліміздегі психологиялық және психиатриялық қызметті жетілдіруге, жаңа шешімдер қабылдауға итермелегенін алға тартты.

- Былтыр наурызда медициналық ұйымдар карантинге жабылғанда бұрын-соңды мұндай режимде жұмыс істемеген медицина қызметкерлері үшін күтпеген психологиялық проблемалар туындады. Ұзақ уақытқа отбасынан жырақта жүру оңай емес. Орталық мамандарының көмегіне мұқтаж жандардың саны күн сайын артты. Пандемия тұсында тұрғындардың оқшаулануы, ауру жұқтырып аламын деген үрейдің мазалауы, қаржылық түйіткілдердің туындауы және отбасылық кикілжіңдердің шиеленісуі, дәрменсіздіктен күйзеліс, мінез-құлықтың эмоционалдық тұрақсыздығы, күйгелектік белең алды . Шизофрения сияқты психологиялық аурулардың көрсеткіші өзгерген жоқ. Дегенмен күрделі жағдайда тығырықтан шығу кәсіби психологтарға сынақ болды және кәсіби тұрғыдан шыңдалып, пациенттермен жұмыс істеу бұрынғыдан анағұрлым сапалы, жақсы жағынан дамыды. Қиын- қыстау кезде шипа іздегендермен тікелей байланыс орнатып, кеңес беру мақсатында орталық «mentalcenter.kz» сайтын және Youtube арнасын аштық, - дейді Қуаныш Алтынбеков.

Сайт және Youtube арнасындағы кәсіби мамандардан психологиялық кеңесін әлемнің түкпір-түкпірінен 160 000 астам тұрғын,
медицина қызметкері, мектеп психологы көріп, игілігіне пайдаланған. Қарттарға, жасөспірімдерге, мүмкіндігі шектеулі жандарға қашықтан қолдау білдірген мамандар жұртшылыққа тегін қызмет көрсетуді әлі тоқтатқан жоқ. Өкінішке қарай мамандар медициналық ұйымның көмегіне жүгінуге намыстанып елші, бақсыларды аралап ауруын асқындырған оқиғалардың азаймай тұрғанына қынжылады. Мұндай кереғар көзқарастың тұрғындар арасында «дәрігерлер психиатриялық есепке тіркейді» деген жалған түсініктің сеңдей сейілмей тұр.

-Біз халықтың психологиялық қызмет жайлы көзқарасын, түсінігін өзгерту мақсатында психиатриялық диспансер, психо-неврологиялық аурухана деген атауларды жойдық. Қазір 17 өңірде психикалық денсаулық орталықтары және 82 емханада психикалық денсаулық бойынша алғашқы көмек көрсететін орталықтар жұмыс істейді. Біздің мақсатымыз тоқсан екі қалалық емхананы психикалық денсаулық бойынша көмек көрсететін орталықтармен қамтамасыз ету. Ал психиатриялық тізімге тіркейді деген ақпарат жалған. Біз пациенттің келісімімен ғана динамикалық бақылауға аламыз. Тағы ескеретін жәйт, егер адам айналасына қауіп тудырса немесе оны біреу қолтығынан сүйемеген жағдайда өздігінен әрекет етуге денсаулығы дәмкәс адамды ғана психиатриялық тіркеуге аламыз. Бұл да пациенттің келісімімен жүзеге асырылады.

Тәжірибелі маман пандемияда уайымға салынбауға және позитивті ойлануға , вакцина ектіріп өмірден түңілмеуге шақырады. Республикалық психикалық денсаулық ғылыми практикалық орталығының бас директордың орынбасары Қуаныш Алтынбеков пандемия тұсында сайт арқылы тұрғындарға тегін психологиялық көмек көрсеткен әріптестеріне алғыс айтып, кәсіби мерекесімен құттықтады.
Просмотров материала: 803

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 159 526 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 159 346 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 158 984 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 159 021 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 159 314 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 10 376 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 9 520 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 9 716 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 13 510 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 13 686 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 22 509 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 9 400 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 092 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 955 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 783 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 942 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 069 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 732 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 105 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 834 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 843 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 682 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 525 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 785 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 729 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 237 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 676 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 560 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 818 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 153 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 558 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 539 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 580 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 524 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 760 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 904 Просмотров





Опрос


«    Июль 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031