12 марта 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



«Болашақ» қоры Disney студиясымен ынтымақтастық еткен 10 жыл ішінде балалалар мен ересектерге арналған 37 фильмді қазақ тіліне дубляждады

17 июнь 2021, 15:30
«Болашақ» қоры Disney студиясымен ынтымақтастық еткен 10 жыл ішінде балалалар мен ересектерге арналған 37 фильмді қазақ тіліне дубляждады
Осыдан тура 10 жыл бұрын 2011 жылдың маусым айында тұңғыш рет ағылшын тілінен тікелей қазақ тіліне дубляждалған Disney студиясының анимациялық фильмі қазақстандық кинопрокатқа шықты. «Көліктер 2» «Өзіңнен баста» жобасы аясында дубляждалған алғашқы туынды болды.

Жоба оның идеялық шабыттандырушысы, «Болашақ» Корпоративтік қоры Қамқоршылық кеңесінің құрметті мүшесі, «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек мырзаның белсенді қатысуы әрі қолдауымен жүзеге асырылуда. 2011 жылдан бері Disney, Pixar, Marvel, Sony Pictures және т.б. жетекші әлемдік киностудиялардың қазақ тіліне дубляждалған 36 фильмі Қазақстан кинотеатрларында көрсетілді. Фильмдердің басым бөлігі – Disney және Pixar студияларының балаларға арналған анимациялық туындылары.

Pixar студиясының жаңа біртума мультфильмі «Лука» – қоржындағы 37-ші фильм болмақ. Отбасымен бірге қарауға арналған голливудтық киностудиялардың фильмдерін қазақ тіліне дубляждау «Болашақ» корпоративтік қоры мен «Меломан» компаниясының бастамасы. Жобаға 10 жыл бойы қазақстандық бизнес қолдау көрсетіп келеді. Демеушілер мен меценаттардың қамқорлығының арқасында миллиондаған қазақстандықтар өздерінің сүйікті кейіпкерлерін ана тілінде тыңдайды. Мысалы, «Лука» – «BI Group» құрылыс холдингінің демеушілік қолдауымен дубляждалған 12-ші фильм.

«Лука» – жас итальяндық режиссер, «Оскар» сыйлығының номинанты Энрико Касаросаның алғашқы лентасы. Бұған дейін Касароса «Жоғары» және «Коконың құпиясы» мультфильмдерін кадрға бөлу суретшісі болған. «Лука» аты әлемге әйгілі композитор Эннио Морриконеға арналған. Сюжеттің ортасында итальяндық Ривьерада кездескен екі дос. Бәрі жақсы-ақ, бірақ шын мәнінде олар өз сырларын басқалардан жасырып, уақыттарын көңілді өткізіп жүрген теңіз тіршілік иелері.

Қазақстан кинотеатрларында фильм а.ж. 17 маусымда қазақ және орыс тілдерінде шығады. Ал кейін «Лука» IVI онлайн-кинотеатрларында қазақ тілінде көруге болатын шетел фильмдер топтамасын толықтырады.

А.ж. 16 маусымда Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында «Nur Otan» партиясы мен «Kinopark» компаниясының қолдауымен «Лука» фильмінің қазақ тіліндегі алдын ала көрсетілімдері өтті. Іс-шараға Нұр-Сұлтан қаласының әкімі, «Болашақ» Қауымдастығы кеңесінің құрметті мүшесі Алтай Көлгінов, «Болашақ» Қауымдастығының мүшелері, BI Group компаниясының өкілдері, шығармашылық зиялы қауым өкілдері, блогерлер, журналистер, медиа-тұлғалар және басқалар қатысты.

«Биыл «Болашақ» қорына 10 жыл және «Өзіңнен баста» голливудтық фильмдерді дубляждау жобасына 10 жыл толды. Қор жұмысының басты қағидаттарының бірі – жүйелілік. Бизнестің және демеушілік қолдаудың арқасында біз 10 жыл бойы Қазақстан халқы үшін кинотеатрларда қазақ тіліндегі киноға тең қолжетімділік жасап келеміз. «Өзіңнен баста» жобасы әрбір қазақстандықтың ана тіліндегі жоғары сапалы шетелдік киноконтентке қол жеткізу құқығын іске асыруға ықпал етеді. Соңғы жылдары біз осы жоба балалар мен ересектерге арналған мемлекеттік тілде сапалы мультимедиалық контент жасау жөніндегі ұлттық саясаттың бір бөлігі болу үшін белсенді жұмыс істеп келеміз.

Біздің Қор «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кинематография мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасын талқылау жөніндегі Жұмыс тобына кіреді. Біз балаларға арналған шетелдік контент пен отбасымен бірге қарауға арналған фильмдерге дубляж жасауды мемлекет тарапынан қаржылық қолдау көрсету, прайм-таймдағы сеанстар уақытын реттеу, мемлекеттік және өзге тілдердегі киносеанстардың үлестерін бөлу, қазақ тіліне дубляждалған отбасымен бірге қарауға арналған шетелдік фильмдерді көрсететін кинотеатрлар үшін салықтық преференцияларды енгізу бөлігінде бірқатар ұсыныстар енгіздік.
Уәкілетті орган ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің міндеті – кинотеатрларда тең қол жетімді ету үшін жауапкершілікті толығымен өзіне алу.

Халықаралық стандарттар бойынша (кинотеатрлар, онлайн кинотеатрлар, авиаборттық бағдарламалар) күту рейтингі жоғары отбасымен бірге қарауға арналған анимациялық фильмдер мен кең дистрибуция фильмдерінің дубляжын қамтамасыз етуге мемлекеттік қолдау көрсету «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасы іс-шараларының бір бөлігіне айналды», – деп атап өтті «Болашақ» корпоративтік қорының Қамқоршылық кеңесінің төрайымы Динара Шайжүнісова.

Дубляж актерлері

«Лука» фильмінің кастингіне Нұр-Сұлтан қаласынан 32 актер, соның ішінде танымал актриса, тележүргізуші Айгүл Иманбаеваның «А.И академиясы» шығармашылық студиясынан 20 бала қатысты. Академияның үш оқушысы кастингтен сәтті өтіп, фильмнің басты кейіпкерлерін дыбыстады: Бағжан Нартайұлы (Лука), Мұхаммедәли Заманбеков (Альберто) және Динар Қалдыбай (Джулия).
Дубляжға алғаш рет танымал блогер, журналист, «Ғалам аруы» сұлулық конкурсының «Мінсіз әйел» атағының иегері Арай Алимхан қатысты.

Дубляж ерекшеліктері

Дубляж жасау кезінде ағылшын тіліндегі мәтін қазақ тіліне жай ғана аударылып қоймай, бейімделеді: түпнұсқа кейіпкерлеріне өзіне тән сөздер, әзілдер сөзбе-сөз емес, жергілікті мәдениеттің ерекшеліктерін ескере отырып аударылады. Мысалы, «Лука» фильміне дубляж жасау кезінде мағынасын айқын жеткізу үшін «Отпен ойнап жүрміз», «Аузыңа май, астыңа тай» және тағы басқа қазақша фразеологизмдер қолданылды. Ал көріністердің бірінде қазнетте кеңінен таралған «Жұмабектің бажасы» тіркесі қолданылған. Фильмнің дубляж режиссері Назерке Леспекқызының айтуынша осындай ұсақ-түйектер арқылы фильм балаларға ғана емес ересек адамдарға да түсінікті әрі қызықты болып көрінеді.

Дубляж да актерлік ойын сияқты оңай емес, ал кішкентай бөлмеде, қолдаусыз және көрермендермен байланыссыз ойнауға тура келгенде тіпті қиын. Әсіресе, актерлік мамандықты енді игеріп келе жатқан балаларға бұл оңай болған жоқ. Дыбыс жазу студиясында шаң жинап жатқан үстел футболы шығармашылық топқа көмекке келді. Жас актерлер шаршаған сәттерінде жұмыстан қол үзіп, ойынға шомылды. Содан кейін күш жинап, жұмысқа қайта оралатын.

Фильмдегі Италия рухы

Күннің шуағы, аптаған ыстық, Италия жағалауы – фильмді жасаушылар өз елінің шынайы рухын жеткізуге тырысты. Кадрда көрінетін майы тамып тұрған, дәмі тіл үйіретін итальяндық тағамдар тәбетіңізді оятып, дәмін аузыңызға келтіріп, сізді кинотеатрдан тура паста мен пиццасы бар жақын кафеге баруға тартады. Итальяндық Ривьераның ең жарқын әрі көркем пейзаждары, халық музыкасы, барлық кейіпкерлердің оттай лаулаған ыстық мінездері барлықтарыңызды баурап алады. Жасаушылардың ойы бойынша саундтректер мен фильмде анда-санда кездесетін кейбір итальяндық сөздер мен тіркестер итальян тілінде естіледі.

Синопсис

Лука есімді баланың қолдан жасалған паста мен балмұздақты жеген, қалағанынша мопедпен серуенге шығып жүрген естен кетпес демалысы Италияның Ривьерасында теңіз жағалауында орналасқан әдемі қалада өтеді. Лука басынан қандай оқиға кешсе де, оның жаңа жақсы досы Альберто қасынан табылады. Шын мәнінде баланың кейпін қала орналасқан лагунаның түбіндегі теңіз құбыжығы жамылып жүр, осы бір-ақ жайт демалыстың шырқын бұзып, маза бермейді.
Қазақ тіліндегі трейлер: https://www.youtube.com/watch?v=wVoAWegl7ws.



Просмотров материала: 4 678

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 190 555 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 190 108 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 189 660 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 189 705 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 190 040 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 12 086 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 11 197 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 11 471 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 15 804 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 15 944 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 24 399 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 319 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 533 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 352 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 187 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 529 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 429 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 118 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 525 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 279 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 229 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 064 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 904 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 190 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 126 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 625 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 309 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 946 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 212 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 581 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 966 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 913 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 989 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 948 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 162 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 312 Просмотров





Опрос


«    Март 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031