9 сентября 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Компьютердің зиянын азайту жолдары

15 июнь 2021, 13:02
Компьютердің зиянын азайту жолдары
Қазір өмірді компьютерсіз елестету қиын. Бұл құрылғылар адам өміріне еніп, қызметтің барлық салаларынан орын алып, таптырмайтын көмекшіге айналғалы қашан. Кеңселерде де, үйде де компьютерлер бар. Тіпті, бесіктен белі енді шыққан балалардың да осы құрылғыны шебер пайдаланатынын көріп таңғаласыз. Шынында компьютер көптеген технологиялық процестерді жеделдетіп, сонымен қатар адамдар арасындағы әлеуметтік байланысты жеңілдетті. Бірақ, компьютер қаншалықты жақсы көмекші болса да, ол адам денсаулығына түзетілмейтін зиян келтіруі мүмкін екенін ұмытпаңыз! Өйткені, компьютердің алдында ұзақ әрі бұрыс отыру бұлшықет, буын, ішкі мүшелер мен дене жүйелерінің әртүрлі ауруларының даму процесін арттыруы мүмкін. Сонымен, компьютердің адамға тигізетін зиянды тұстарына тоқталайық.

Көру қабілеті

Біріншіден, компьютерден адамның көру қабілеті зардап шегеді. Әсіресе, компьютерде ұзақ уақыт жұмыс істеген кезде көз бұлшықеттеріне шамадан тыс күш түседі. Көз әлдеқайда аз жыпылықтайтын болады да, көз қабығы дұрыс ылғалданбайды. Көздерде ауырсыну пайда болып, көру айқындылығы нашарлай береді. Әрине, мұндай зардапты күн сайын компьтердің алдында сағаттап үзіліссіз отыратындар шегеді.

Ал, ол проблеманың алдын алу үшін монитор көзден 45 сантиметр қашықтықта тұруы керек, ал монитордың жоғарғы нүктесі көз деңгейінен төмен болмауы керек. Экраны терезеге қарап, көзге жарық шағылысып тұрмауы керек. Жанарыңызды жағымсыз сезімнен арылту үшін әр жарты сағат сайын монитордан алыстап, көзге жаттығу жасаңыз. Ең оңайы – көзді ашып-жұму жаттығуы.

Дұрыс отырмағанның әсері

Компьютермен жұмыс істеген кезде денені дұрыс ұстап, арасында српіліп тұрған маңызды. Өйткені, ұзақ уақыт бойы компьютерге белгіленген қашықтықтан қарап, денені тік ұстап отырмаған адам омыртқа, мойын бұлшық еттері, бас, қол және иық, буын ауруларына ұшырайды. Әсіресе, компьтерге үңіліп отыратын редакторлар, машинистер, операторлар осы ауруларға жиі тап болады екен. Сонымен қатар, отырықшы өмір салты көбінесе семіздікке әкеледі.

Денсаулыққа байланысты мұндай проблемалар туындамас үшін, компьютерде дұрыс отыру керек, омыртқаға көп күш түсірмеу керек, әр сағат сайын үзіліс жасап, үзіліс барысында қозғалып, серуендеп, баспалдақпен көтеріліп-түсіп, бірнеше қарапайым жаттығулар жасаңыз. Сосын компьютер тұратын және сіз отыратын жиһаз дұрыс таңдалуы керек. Витаминдер мен микроэлементтерге бай тамақ жеп отыру да артық болмайды.

Психика

Сондай-ақ, компьютермен жұмыс істеу психикалық жүктеме. Өйткені, ол көлік жүргізгендегімен бірдей назар аударуды қажет етеді. Ал, құмарына кіріп кететін ойындар балалар үшін өте қауіпті. Денсаулығына ғана емес, жүйке жүейсіне де зардабын тигізбей қоймайды.

Сондықтан жасөспірімдердің компьютерді қолдануын күніне 15-30 минутқа дейін шектеген дұрыс.

Электромагниттік сәуле

Электр энергиясын тұтынатын немесе өндіретін әрбір құрылғы электромагниттік сәуле шығарады. Бұл сәуле құрылғының айналасында электромагниттік өріс түрінде шоғырланған. Оны көру, есту, иісін сезу немесе жанасу мүмкін емес, бірақ ол барлық жерде бар. Сондай-ақ, ол адам денсаулығына бірден болмаса да, біртіндеп әсер етеді. Ал, өз денсаулығыңызға зиян тигізетін ықтимал қауіптен қалай қорғануға болады?

Ол үшін сіз:

Сұйық кристалды монитормен жабдықталған компьютерді сатып алыңыз. Өйткені оның сәулеленуі электр сәулелік түтігі бар мониторларға қарағанда әлдеқайда төмен;

Жүйелік блок пен монитор сізден мүмкіндігінше алыс болуы керек. Кеңселердегі мониторларды орналастыруға да ерекше назар аудару керек;

Егер сіз компьютерді жиі қолданбасаңыз, белгілі бір жерге орнатып қоюдың крегі жоқ. Ол денсаулыққа зиян әрі компьютердің тозуын да тездетеді;

Мүмкіндігінше компьютермен жұмыс істеу уақытын қысқартыңыз және әр сағат сайын 5-10 минуттық үзіліс жасаңыз.

Тыныс алу жолдарының аурулары

Компьютермен ұзақ уақыт жұмыс істеуге байланысты пайда болатын тыныс алу жолдарының аурулары аллергиялық сипатқа ие. Бұл компьютер жұмыс істеп тұрған кезде жүйелік блоктағы монитор мен тақтаның корпусы қызып, ауаға шығатын зиянды заттардың әсерінен туындайды. Сонымен қатар, компьютердің электростатикалық өрісі өкпеде орналасқан шаңды тартады, және жұмыс істеп тұрған компьютер қоршаған ортаны иондап, ауаның ылғалдылығын төмендетеді. Осы факторлардың әрқайсысы өкпеге де, бүкіл денеге де теріс әсер етеді.

Оның кері әсерін азайту үшін бөлмені мүмкіндігінше жиі дымқылдандырып, желдетіңіз.

Міне, рахатымызға пайдаланып жүрген компьютердің осындай теріс тұстары бар. Олардан сақтану үшін құрылғыны дұрыс пайдалану керек, бірнеше сағат бойы мониторға қарап отырмай, үзіліс жасаңыз. Сонымен қатар, ашық дереккөздерде жарық көретін кеңестерді оқып жүрген абзыл. Сонда ғана бүкіл әлем қолданатын компьютердің зиянын азайта аласыз.

Дереккөз:

ernur.kz
Просмотров материала: 2 467

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 217 038 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 216 711 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 216 213 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 216 258 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 216 627 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 544 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 582 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 903 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 567 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 623 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 816 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 804 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 908 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 571 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 445 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 393 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 683 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 424 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 831 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 624 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 449 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 296 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 147 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 494 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 382 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 866 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 219 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 196 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 442 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 827 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 179 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 129 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 261 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 205 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 436 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 581 Просмотров





Опрос


«    Сентябрь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930