22 декабря 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



«"Групповой" дейді»: алматылық келіншек күйеуі өзгеше жыныстық қатынас ұсынғаны үшін ажырасып кеткен

14 июнь 2021, 20:42
«"Групповой" дейді»: алматылық келіншек күйеуі өзгеше жыныстық қатынас ұсынғаны үшін ажырасып кеткен
Аты-жөнін атамауды және басқа да нақтылықтарды сұрамауды өтінген ол шаңырағының шайқалғанына туыстарының барлығы өзінен көріп жатқанына шыдай алмаған. Күйеуінің азғындық жолға түсе бастағанына шыдамаған көрінеді.


- Менің орнымда болса кез келген әйел солай етер еді деп ойлаймын. Ол үшін мен күйеуімді, балаларымның әкесін сотқа сүйрей алмаймын. Тек осылай ғана шерімді ақтарып, ақталғым келеді. Әйтпесе, туыстардың «құтырған, басқа біреуі бар» деп кінәлауы, оның барлығы менің үш балама дейін жетіп жатқаны жанымды ауыртып жүр, - дейді ол.

Үш балалы келіншектің айтуынша, сүйіп қосылған күйеуі бұрын ешқандай тосын мінез танытпаған.

- Неден басталғанын білмеймін, әлде кейінгі тапқан жолдастары, ортасы өзгерді ме, әйтеуір менің түйсігіме сыймайтын ұсыныстар жасай бастады. Көпшіліктің көзінше жаныма жолай беруге, қолымнан ұстауға ыңғайсызданатын күйеуімнің бұлайша өзгеруіне не себеп болғанын біле алмадым. Бірақ әрі қарай бірге тұруға шыдамым жетпеді.

Үшінші баламды туған соң бірде үйге фильмдер жазылған диск алып кетіпті. Балаларды ұйықтатып тастап, екеуміз отырып көрдік. Арасында эротикалық та кино бар екен. «Тәжірибе жинайсың» деп күлген оның мұнысын онша қабылдай алмасам да, бұдан кейін де бірнеше рет бірге көрдік. Жоқ демеймін, жұбайлық жақындығымыздың жақсаруына себеп болды. Бірақ күйеуіме одан да зоры керек бола бастаған сыңайлы екенін сездім.

Бірде әзіл-шынын араластырып «"групповой" деген қалай болады екен?» дегені. Басында түсінбей қалып кейіннен әзілдеп отырған болар дедім. Содан кейін де бірнеше рет қайталап қалды. Күмәнмен қарасам да ондай азғындыққа күйеуімді қимадым.


Сөйтіп жүргенде үлкен қызымыз ауруханаға түсіп қалды да, төсек жайында ойлауға шамамыз келмеді. Зыр жүгіріп жүріп үш ай дегенде сауығып, өзіміз де ес жинадық.

Баяғы жайбарақат күйімізге қайта келгенде күйеуім тағы да «сондай жұптар бар екен» деп ойын білдіре бастады. Сонда ғана жан-тәніммен түсініп оның ойынан шошып кеттім. Сасқанымнан «сонда қалай?» деппін. Ол мені көнді деп ойлап қалса керек, жалма-жан телефонын алып ондағы сұмдықты көрсетіп жатыр. Жерде екеу, кереуетте екеудің бір-біріне қарап қойып шаруаларын тындырып жатқанынан жиіркеніп кеттім.

Алғашқы ұрыс-керісіміз сол күні басталды. Басқалар жоқтан, жетіспеушіліктен ұрысса, бізде төсек үшін жанжал болды. Басқа жағдай болса құрбыңа, бауырыңа немесе абысыныңа айтып жылап аласың ғой, күйеуіңді жамандап. Мынадай сорақылықты айта да алмайды екенсің, масқара-ай.

Күйеуім сол қыңқылынан танбады. Тура бір жыл бойы реті келсе "групповойды" айтып қалып жүрді. Телефоны сондай бәлелерге толы, түнделетіп көретіні де сондай фильмдер. Мінезі де, жүріс-тұрысы да өзгере бастады. Кейде ұрыс-керістен соң әдемі киініп алып кетіп қалады да, бір-екі күннен соң көңілі көтеріңкі болып оралады. Маған сатқындық жасап жүргенін сездім, көз алдыма елестеп жаным жараланды. Бұрынғы сезімімнен дым қалмады, күн өткен сайын одан жирене бердім.

Ажырасуға соңғы нүктені қойған оның уатсап желісі арқылы сондай ниеттес біреулермен сөйлескен хабарламасы болды. «Бүгін келіңіз, үш жұп боламыз, өткендегіден де ыстық түн болады» деген сөздің артынан жалаңаш біреулердің арасында оның да бейнесін көріп жаным шығып кетті. Ол менің көз алдымда азғындады. Ажырасатынымды айтқанымда «бәріне сен кінәлісің, мен саған қанағаттанбаймын» дегені тіпті, ауыр соққы болды. Бұдан кейін онымен тұра алмайтынымды түсіндім де, соңғы шешімді қабылдадым.

Ол жаман әке, жаман отағасы болған жоқ. Ештеңеден тарықтырмады, көп еркектер сияқты масыл да болмады. Тіпті, оны төсекте жаман күйеу деп те айта алмаймын. Бірақ оның соңғы әрекеттері мен үшін азғындық, маған деген сатқындық. Сондықтан да онымен тұра алмайтынымды түсіндім. Бірақ туыс-таныстың барлығы, тіпті, туған бауыр, анам да «есіргендіктен ажырасты» деп санады. Ал мен оларға себебін айта алмадым. Қазір енді мүмкіндік болса, мені кінәлаушылардың барлығанан алысқа, бөтен қалаға көшіп кеткім келіп жүр, - деген келіншек осы оқиғасын жариялауды өтініп сұрады.

«Сырттай кінәлаймыз ғой, бірақ анығында не болып жатқанын білмеуіміз мүмкін. Сондықтан ажырасқанның барлығының сыртынан тон пішуге болмайды... Кейде бақытсыз әйел көрсем күйеуі менің күйеуім сияқты болса ше деген жаман ой зу ете қалатын болыпты миымда. Қорқып кетемін... Төсегін, некелі жарын басқалармен бөлісіп, тек некелі жұптардың ортасында ғана болатын төсек ләззатын басқаларға көрсету және басқалардыкін тамашалау – азғындықтың белгісі. Мен оны кешіре алмаймын», - дейді ол.


Дереккөз: ERNUR.KZ.
Просмотров материала: 4 981

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 127 192 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 127 008 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 126 663 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 126 683 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 126 990 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 8 661 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 7 831 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 7 908 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 11 148 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 11 292 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 20 659 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 393 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 677 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 570 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 379 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 499 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 681 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 351 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 691 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 455 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 454 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 289 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 138 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 383 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 320 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 16 844 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 205 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 171 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 390 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 731 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 146 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 153 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 194 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 129 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 355 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 507 Просмотров





Опрос


«    Декабрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031