17 июля 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Оқушының өлімі: Түркістан облысында мектеп директоры жұмысынан уақытша шеттетілді

Оқушының өлімі: Түркістан облысында мектеп директоры жұмысынан уақытша шеттетілді
Түркістан облысында 15 жастағы Эльвира Мықтыбек мектептегі емтиханнан кейін өзіне қол салды. Қайғылы жағдай 2 маусымда Ордабасы ауданындағы Көкарал елді-мекенінде болған. Қара жамылған отбасы бұл оқиғаға мектеп директорын кінәлаған болатын.

«Емтиханның соңында жеке алып қалған. Не айтып, не қысым жасағаны белгісіз. Қарындасым сыртқа қатты ызаланып, жылап шыққан. Бұған мұғалімдер мен сыныптастары да куә. Қалған үздік аттестатқа үміткер оқушыларға қысым көрсетпеген. Олардан ақша алуы да мүмкін. Ауыл арасында ондай әңгіме де бар. Осындай қысымнан кейін бұған дейін беске оқыған қарындасым бір сабақтан төртке шығып, қатты күйзеліске ұшырап, суицид жасады», - деп, видео-үндеу таратқан еді марқұмның ағасы Нұрдәулет Мықтыбек.

Түркістан облысы Адами әлеуетті дамыту басқармасының баспасөз хатшысы Махаббат Абдалиева Azattyq Rýhy тілшісіне берген сұхбатында Эльвира Мықтыбек оқыған М.Жұмабаев атындағы жалпы орта мектептің директоры Айсара Стаева қылмыстық іс аяқталғанша жұмысынан уақытша шеттетілгені жөнінде хабарлады.

«Түркістан облысының Адами әлеуетті дамыту басқармасы басшысының 07.06.2021 жылғы №176 бұйрығымен зерделеу комиссия тобы құрылып, Ордабасы ауданындағы «М.Жұмабаев атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің (Ордабасы ауданы, Көкарал ауылында орналасқан) 9 «ә» сынып оқушысы Эльвира Ақылбекқызы Мықтыбектің суицид оқиғасына қатысты мән-жайды анықтау жұмыстары жүргізілуде. Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды.

Сондай-ақ мектеп директоры жұмыстан уақытша шеттетілді. Алдағы уақытта Ордабасы аудандық полиция бөлімінің тергеп-тексеру амалдарының нәтижесі мен Түркістан облысының Адами әлеуетті дамыту басқармасының қорытындылары жарияланады», - деді Махаббат Махамбеткәрімқызы.



Көкаралдағы аталған орта мектептің директоры Айсара Стаева болса, бұған дейін тілшілерге берген сұхбатында ешкімге қысым жасамағанын айтқан.

«Төраға ретінде маған орын берді, мен сол орында отырдым. Баланың төбесінен қарап, қасына барып ештеңе істеген жоқпын. Қысым? Қысым жасаған жоқпын», - дейді М.Жұмабаев атындағы жалпы орта мектептің директоры Айсара Стаева.

Қазір мектепте тергеушілерден бөлек арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр. Мән-жайды солар анықтамақ. Сонымен қатар, полиция бұл жағдайға қатысты «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Ал, марқұмның анасы Айман Қанайқызы қызы телефонына хат жазып қалдырғанын айтты.

«Телефонында «Мама! Кешіріңізші! Сіздің үмітіңізді ақтай алмадым. Сіздің атыңызға жақсы ат келтіре алмадым» деген сообщениесі тұр екен. Оны жібермеген», - дейді марқұмның анасы.
Просмотров материала: 2 284

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 209 088 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 208 750 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 208 235 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 208 282 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 208 656 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 131 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 173 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 471 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 121 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 198 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 382 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 711 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 765 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 486 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 357 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 156 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 586 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 306 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 710 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 517 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 368 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 211 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 071 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 403 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 288 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 770 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 952 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 126 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 359 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 740 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 097 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 042 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 177 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 116 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 328 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 486 Просмотров





Опрос


«    Июль 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031