26 ноября 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Қалай баспана алуға болады: Қазақстанда іске асып жатқан тұрғын үй бағдарламалары

11 июнь 2021, 14:38
Қалай баспана алуға болады: Қазақстанда іске асып жатқан тұрғын үй бағдарламалары
Қазақстанда қолжетімді ипотеканы қалай алуға болады? Жылына екі процент мөлшерлемені кім ұсынады? Осы туралы Sputnik Қазақстан материалынан оқыңыз

Әрбір адам өмірінде бір рет болса да "пәтер" мәселесіне тап болатыны анық. Қазақстандықтар үшін бүгінде түрлі мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы қолжетімді. Мысалы, табысы төмен отбасылар 2% жылдық мөлшерлемемен баспана ала алады. Sputnik Қазақстан қазір жұмыс істеп тұрған тұрғын үй бағдарламаларына шолу ұсынады.

"Нұрлы жер"

"Нұрлы жер" – халықты қолжетімді баспанамен қамтамасыз етуге арналған мемлекеттік бағдарлама. Ол жаңа пәтер, жеке үй сатып алуға мүмкіндік береді. Баспана дайын күйінде сатылады.

Ипотека бойынша жылдық мөлшерлеме – жылына 5% (қарыз бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі – 5,2%), бастапқы жарна - 20%-тен жоғары. Кредит беру мерзімі – 25 жылға дейін.

"Нұрлы жер" бағдарламасы аясындағы жаңа нысандар baspana.kz порталына жарияланып тұрады.

"5-10-20"

Әкімдікте кезекте тұрған қазақстандықтар "Шаңырақ" ("5-10-20") бағдарламасы бойынша баспана алуға үміткер бола алады. Бұл "Нұрлы жер" бағдарламасының жаңа бағыты.

Кредит бойынша мөлшерлеме жылдық 5%-ті құрайды, ең төменгі алғашқы жарна - 10%, қарыз мерзімі – 20 жылға дейін.

Отбасындағы әрбір адамның табысы соңғы алты айда 3,7 күнкөріс минимумынан аспауы керек. 2021 жылы отбасындағы бір адамның табысы 126 917 теңгеден аспауы керек.

Пәтерді әкімдік немесе құрылыс компаниясы салған кез келген жаңа тұрғын үй нысанынан сатып алуға болады. Сондай-ақ тұрғын үйді үлескерлік қатысу шарты бойынша алуға мүмкіндік бар. Бірақ ол үшін құрылыс компаниясының Тұрғын үй құрылысы бірыңғай операторының кепілдігі болуы керек.

Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларының тұрғындары үшін қарыздың ең үлкен сомасы – 18 миллион теңгеге дейін, Атырау, Ақтау, Ақтөбе, Шымкент, Түркістан, Қарағанды қалалары мен Қарағанды облысы үшін - 15 миллион теңгеге дейін, ал басқа аймақтар үшін - 12 миллион теңгеге дейін (28 мың доллар).

Әкімдіктер ұсынатын кредиттік баспана бойынша баға параметрлері:

бір шаршы метр үшін 240 мың теңгеге дейін - Алматыда;
220 мың теңгеге дейін – Нұр-Сұлтан және елорда маңында;
200 мың теңгеге дейін - Шымкент және Алматы қаласының маңында;
180 мың теңгеге дейін - Ақтөбе, Атырау, Ақтау, Түркістан, Қарағанды және Қарағанды облыстарында;
160 мың теңгеге дейін - басқа аймақтарда.

"Алматы жастары"

"Алматы жастары" – жұмыс істейтін Алматы жастары (35 жасқа дейінгі) үшін баспана сатып алуға арналған жеңілдетілген тұрғын үй қарызын ұсыну жөніндегі бағдарлама.

Өтініштер мен құжаттар www.almaty-zhastary.kz сайтында қабылданады.

Шарттары:

қарыздың ең жоғарғы сомасы – 18 миллион теңгеге дейін;
пайыздық мөлшерлеме – жылдық 5%;
бастапқы жарна – қарыз сомасының 10%-і;
жаңа немесе ескі үй сатып алу мүмкіндігі.

Талаптары:

өтініш берген тұлғаның жасы 35-тен аспауы керек (құжат тапсырған сәтте);
өтініш беруші мен оның отбасы мүшелерінің соңғы бес жылда баспанасы болмауы керек (өтініш тапсырған сәтте);
ерлі-зайыптының тек біреуі ғана бағдарламаға қатыса алады.
Бағдарлама бойынша баспана алуға мына санаттағы қызметкерлер өтініш бере алады:

дәрігерлер мен медбикелер;
педагогтер мен тәрбиешілер;
әртістер, мәдениет саласының қызметкерлері және жазушылар;
бапкерлер мен спортшылар;
ЖОО және ҒЗИ ұстаздары мен ғылыми қызметкерлері;
әлеуметтік сала қызметкерлері;
журналистер.
"Орда" ипотекасы
Қазақстан тұрғын үй компаниясы (бұрынғы Қазақстанның ипотека компаниясы) серіктес банктер арқылы "Орда" ипотекалық кредиттеу бағдарламасын іске асырады.

Бағдарлама бойынша жаңа салынған немесе ескі үйлерді сатып алуға болады.

Бағдарлама шарттары:

Қарыз сомасы:

ең төменгі сома – 1 000 000 теңге;
ең жоғарғы сома – 65 000 000 теңге.
Қарыз беру мерзімі: 240 айға дейін (20 жыл).

Бастапқы жарна:

пәтер бағасының 30%-і (табыс көзін толық растаған жағдайда);
пәтер бағасының 50%-і (табыс көзін ішінара растаған жағдайда).
Бастапқы жарнаны жылжымайтын мүлік түріндегі қосымша кепілмен алмастыруға болады.

Сыйақы мөлшерлемесі:

табыс көзін толық растаған жағдайда – жылдық 12%;
табыс көзін ішінара растаған жағдайда – жылдық 14%.
Ипотека алудың жеті қадамы:


Пәтер таңдау (жаңа немесе ескі үйлерден).
Ипотекалық тұрғын үй қарызын алу үшін серіктес банкке құжаттарды тапсыру.
Банк бастапқы сұрыптауды өткізеді.

Банк қазақстандық тұрғын үй компаниясына өтінімді жолдайды.
Қазақстан тұрғын үй компаниясы өтініш берушінің кредит төлу қабілетіне бағалау жүргізіп, қарыз беру немесе өтінішті қабылдамау туралы шешім шығарады.

Банк ҚТК атынан келісімшарт жасайды.
ҚТК кепілді тіркегеннен кейін қарыз беріледі.

"Ұмай" әйелдер ипотекасы

Отбасы банк "Ұмай" әйелдер ипотекасы" бағдарламасын іске қосты. Қарыз бойынша мөлшерлеме жылдық 12%-ті құрайды, қарыз сомасының 50%-і жиналғаннан кейін ол 3,5%-ке дейін төмендейді. Қарыз беру мерзімі – 25 жылға дейін, қарыз сомасы пәтердің бағалау құнының 85%-іне дейін, ал отбасының ең жоғарғы табысы 320 мың теңгеге дейін болуы керек.

Пәтерді жаңа салынған үйлерден немесе ескі үйлерден де сатып алуға болады. Меншігінде басқа жылжымайтын мүліктің бар-жоғы бойынша шектеу жоқ, екі қарыз алушыны қатыстыруға болады.

"Бақытты отбасы"

"Бақытты отбасы" – баспана алу үшін табысы төмен отбасыларға кредит беру бағдарламасы. Бұл бағдарламаға көпбалалы, толық емес, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасы қатыса алады.

Қарыз бойынша мөлшерлеме - 2%. Ең төменгі бастапқы жарна – қарыз сомасының 10%-і. Қарыз беру уақыты – 20 жылға дейін. Қарыз сомасы - Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтау және Атырауда 15 миллион теңгеге дейін. Басқа өңірде – 10 миллион теңгеге дейін.

Жаңа салынған нысандардағы пәтерді, пайдаланылған пәтерді немесме жеке тұрғын үй сатып алуға болады. Алайда өтініш берген адам әкімдікте кезекте тұрған өңірден ғана баспана ала алады.

Мынаны білу маңызды: соңғы жарты жылда отбасындағы әрбір адамның табысы 3,1 күнкөріс минимумынан аспауы керек. 2021 жылы күнкөріс минимумы – 34 302 теңгені құрайды, ендеше отбасының әрбір мүшесінің табысы 106 336 теңгеден аспауы керек.

Баспана алу үшін:

әкімдікте кезекке тұру керек;
"Отбасы банк" бөлімшесінде тұррғын үй жинақтары туралы келісімшарт жасау керек;
тиісті құжаттарды ұсынып, төлем қабілеттілігін бағалаудан өту керек.

"Жас отбасы" бағдарламасы
Жақында ғана некеге тұрғандар да жылдық 6% мөлшерлеме көлемінде аралық қарыз ала алады. "Жас отбасы" бағдарламасы бойынша кредиттеу мерзімі – 6-9 жыл, ал қарыз сомасы – 90 миллион теңгеге дейін. Кепіл зат – сатып алатын жылжымайтын мүлік.

Жаңа салынған пәтер немесе жеке үй немесе ескі үй сатып алуға болады. Сонымен қатар, үлескерлік қатысу шарты бойынша да алуға мүмкіндік бар. Сондай-ақ ақшаны тұрғын үйді жөндеуге, үй құрылысына немесе жер телімін сатып алуға жұмсауға болады.

Қарыз алу үшін ерлі-зайыптының бірі немесе екеуі де "Отбасы банкте" жаңа депозит ашып, кемінде бір жыл қаражат жинауы керек. Бағалау көрсеткіші бес проценттен төмен болмауы қажет. Кредиттік өтінімді ұсынған кезде баспана құнының жартысын жинап үлгеруге тиіс немесе сол сомаға жететіндей етіп қаражат құю керек. Депозит ашқан кезде некеге тұру уақыты үш жылдан аспауы маңызды.

"7-20-25" және "Баспана Хит"

"7-20-25" бағдарламасы бойынша дап-дайын жаңа баспананы сатып алуға болады. Алайда өтініш беруші тұлғаның атында ешқандай баспана болмауы керек. Мөлшерлеме - 7%, ең төменгі жарна - кемінде 20%-і, мерзімі – 25 жылға дейін. Бағдарлама мерзімсіз, 1 триллион теңге көлеміндегі соманы игергеннен кейін бағдарламаны жабу жоспарланып отыр.

"Баспана Хит" – жаңа немесе ескі үйлерді, сондай-ақ үлескерлік механизмі арқылы құрылысы жүріп жатқан тұрғын үйді сатып алуға арналған ипотекалық бағдарлама.

Салынғанына 50 жылдан аспаған кез келген пәтер немесе жеке үйді немесе құрылысы жүріп жатқан баспананы сатып алуға болады. Тұрғын үй құны – 35 миллион теңгеге дейін. Қарыз беру мерзімі – 180 айға (15 жыл) дейін. Сыйақы мөлшерлемесі – 10,75%. Бастапқы жарна - 20%.

Бағдарлама 2021 жылы жабылуы мүмкін. Себебі 600 миллиард теңге (шамамен 1,4 миллиард доллар) көлеміндегі бекітілген лимит игерілуге жақын.

Әскери қызметкерлерге арналған ипотека
Тұрғын үй төлемін алатын әскери қызметкерлер немесе арнайы мемлекеттік орган қызметкерлері үшін "Әскери баспана" бағдарламасы бар.

Келесі талаптар бойынша кредит рәсімдеуге болады:

Кредит беру мөлшерлемесі – 8%, кейіннен ол 3,5%-ке дейін төмендейді. Бастапқы жарна – баспана құнының 15%-інен 50%-іне дейін. Мерзімі – 25 жылға дейін.


Просмотров материала: 873

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 123 805 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 123 637 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 123 278 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 123 302 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 123 611 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 8 504 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 7 676 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 7 745 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 10 939 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 11 083 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 20 463 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 332 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 654 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 549 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 361 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 462 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 658 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 327 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 671 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 436 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 431 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 272 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 119 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 363 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 297 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 16 826 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 174 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 150 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 370 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 697 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 121 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 136 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 178 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 102 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 334 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 486 Просмотров





Опрос


«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930