20 сентября 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Араб шейхтарына Қазақстанның Қызыл кітабына енген құстарды аулауға рұқсат беріледі

09 июнь 2021, 15:56
Араб шейхтарына Қазақстанның Қызыл кітабына енген құстарды аулауға рұқсат беріледі
Қазақстан Үкіметі Біріккен Араб Әмірліктері мен Қатардың төрт шейхіне еліміздің қорықтық аумақтарында Қызыл кітапқа енген жек дуадақтарды ителгімен аулауға рұқсат беру туралы қаулыны қарастырып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.


«Жек дуадаққа саятшылық құру туралы» Үкімет қаулысының жобасы Ашық НҚА сайтында жарияланды. Құжатқа сәйкес, 2021 жылғы 1 қыркүйек – 15 қараша кезеңінде төмендегі шейхтарға ел аумағында аңшылық жасауға рұқсат берілген:

шейх Халифа Бин Заед Әл Нахаянға (Біріккен Араб Әмірліктері) Түркістан облысындағы республикалық маңызы бар Арыс және Қарақтау мемлекеттік қорығы аймағының аумағында 97 (тоқсан жеті) дарақ жек дуадаққа және Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстарындағы республикалық маңызы бар Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік қорығы аймағының аумағында 99 (тоқсан тоғыз) дарақ жек дуадаққа;

шейх Сурур Бин Мұхаммед Әл Нахаянға (Біріккен Араб Әмірліктері) Маңғыстау облысындағы республикалық маңызы бар Кендірлі-Қаясан мемлекеттік қорығы аймағының аумағында 52 (елу екі) дарақ жек дуадаққа;

шейх Сеиф Бин Мұхаммед Әл Нахаянға (Біріккен Араб Әмірліктері) Маңғыстау облысындағы республикалық маңызы бар Кендірлі-Қаясан мемлекеттік қорығы аймағының аумағында 51 (елу бір) дарақ жек дуадаққа;

шейх Джасем Бин Хамад Бин Халифа Әл Таниге (Қатар) Жамбыл облысындағы республикалық маңызы бар Аңдасай мемлекеттік табиғи қаумалының аумағында 34 (отыз төрт) дарақ жек дуадаққа және Алматы және Жамбыл облыстарындағы республикалық маңызы бар Жусандала мемлекеттік қорығы аймағының аумағында 80 (сексен) дарақ жек дуадаққа өз ителгілерімен саятшылық құруға рұқсат берілсін.

Жек дуадақтың бір дарағын аулау ақысының мөлшерлемесі 260 айлық (758 420 теңге) есептік көрсеткіш мөлшерінде белгіленген.
Осылайша, құжат төрт шейхке Арыс, Қаратау, Оңтүстік Қазақстан, Кендірлі-Қаясан, Жусандала мемлекеттік қорғалатын табиғи аумақтары мен республикалық маңызы бар Андасай мемлекеттік табиғи резерватының аумақтарындағы 413 жек-дуадақтарын табиғаттан алуға рұқсат беруді қарастырып отыр. Құжат жобасы 2021 жылдың 22 маусымына дейін қоғамдық талқылауға ұсынылды.

«Қазақстан Республикасындағы СИТЕС әкімшілік органы Жойылып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның рәсімдерін сақтай отырып, ителгімен саятшылық құру үшін жыртқыш аушы құстардың Қазақстан Республикасына әкелінуі мен Қазақстан Республикасынан әкетілуін қамтамасыз етсін.Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау және Түркістан облыстарының әкімдері көрсетілген іс-шараларды ұйымдастыруда қажетті жәрдем көрсетсін», - делінген қаулыда.

Құжат анықтамасында көрсетілгендей, шейхтардың аңшылығы ел бюджетіне қомақты кіріс кіруін қамтамасыз етеді.

«Қаулы жобасын қабылдау халықаралық ынтымақтастықты дамытуға септігін тигізеді, сондай-ақ бюджетке 313 227 460 теңге көлемінде кіріс кіруін қамтамасыз етеді.Қаулы жобасы белгіленген тәртіпте әділет, қаржы, ұлттық экономика, білім және ғылым және сыртқы істер министрліктерімен келісілді.Қаулыны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарларға алып келмейді», - деп көрсетілген.

Айта кетейік, Жек дуадақ - дуадақтар тұқымдасына жататын, дене пішіні орташа, салмағы 1 – 2,5 кг құрайтын құс түрі. Қазақстанда мекендейтін жекдуадақтар қыс мезгілінде Арабия, Иран, Ирак, Пәкістан шөлдеріне ұшып кетеді. Ол жақта олар атақты араб қыран аң аулауының қызығушылық нысанына айналған. Үздіксіз аулаудың зардабынан бұл құстың саны азайып, Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.
Просмотров материала: 710

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 218 725 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 218 403 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 217 906 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 217 944 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 218 319 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 629 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 664 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 989 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 664 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 704 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 902 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 822 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 930 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 585 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 458 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 414 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 697 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 444 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 853 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 647 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 465 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 305 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 159 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 511 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 399 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 886 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 243 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 212 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 454 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 846 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 197 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 143 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 281 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 216 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 452 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 593 Просмотров





Опрос


«    Сентябрь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930