11 апреля 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Шымкентте қарапайым ота жасатуға келген қыз өлім аузында жатыр

08 июнь 2021, 9:36
Шымкентте қарапайым ота жасатуға келген қыз өлім аузында жатыр
Төлеби ауданының тұрғыны Айдана Қалдықұл тілінің астынан өскен етті бес минуттық операцияда алдырып тастау үшін облыстық балалар ауруханасына барған. Бірақ қарапайым отаны дәрігерлер тым күрделендіріп жібергені соншалық, енді жасөспірім өмір бойына мүгедек болып қалуы әбден мүмкін, деп хабарлайды КТК арнасы.

Дәрігерлердің бірі наркозды көп беріп қойса, ота үстінде апараттары өшіп қалып 15 жасар науқастың бірер минутқа жүрегі тоқтап қалған. Сөйтіп миы қабынған оқушы қыз 10 күннен бері ауыр халде жатыр.

Төлеби ауданының тұрғыны портал арқылы 27 мамырда Шымкенттегі облыстық балалар ауруханасына келген. Бірақ бес минут жасалады деген ота бірнеше сағатқа созылып, тіпті жүрегі берер минутқа тоқтап қалған. Оны ота кезінде салғырттық танытқанын дәрігерлердің өзі туыстарына айтып, мойындапты.

Айдананың анасы Фарида Өтегенова дәрігерлердің наркоз көп беріп, салғырт қарағанын алға тартады.

"Тіпті, апараттары істен шыққанын өздері, бас анестезолог Қанат Керімбекұлының өзі мойындады. Енді қолдан келер шара жоқ деп отыр", – дейді Айдананың анасы.

Отбасындағы төрт баланың тұңғышы Айдана биыл 9 сыныпты бітірген. Миы қабынған қыз 10 күннен бері жансақтау бөлімінде ес-түссіз жатыр. Операцияға өз аяғымен кірген жеткіншектің мұндай жағдайда екеніне жақындары сене алар емес. 15 жасар науқасты қалай болса да аяғынан тұрғызып берсін деп отыр.

"Білікті мамандарын шақырсын, қызымды аяғынан тұрғызсын. Сол айтар нәрсем. Өрімдей қыз еді, өз аяғымен келіп, мынадай жағдайға түсіп отыр. Кінәлілер жазалансын. Титтей нәрсеге менің қызымды қорлап отыр", – дейді Айдананың әжесі Зияда Молдыбаева.

Айдананың жақындары ота жасаған дәрігерлермен кездесуді талап еткен. Бірақ жауаптылардың бірі сырқаттанғанын айтса, екіншісі сөйлесуден бас тартқан. Бірақ телефонмен тілдескенде бар жауапкершілікті бір-біріне сілтеді. Ал жансақтау бөлімінің меңгерушісі бес сағаттық отадан шыққан Айдананың бөлімге түскенде миының 90 пайызы қабынғанын айтады. Сондықтан аяғына тұрып кетуі екіталай дейді.

Шымкентте қарапайым ота жасатуға келген қыз өлім аузында жатыр

"Телемедицина болатын болса, телемедицинамен сөйлесеміз. Жоғары жақтан кеңес берсе, бәрін істейміз. Ал егер Алматы жақтан келісім болса оны да қарастырамыз. Бірақ қазіргі кезде баланың жағдайы ондай тасымалдауды көтере алмайды, жағдайы ауыр", – Түркістан облысы балалар ауруханасы жансақтау бөлімінің меңгерушісі Гүлзира Құдайбергенова.

Дәрігерлер Айдана аяғынан тұрғанымен, бұрынғы қалпына енді келмейтінін айтады. 15 жасар өрімдей қыз аман қалса да, мүгедек болып қалу қаупі бар. Сондықтан оқушы қыздың жақындары қарапайым отада қолы қалт кеткен дәрігерлер жазасын алсын дейді. Қазір дәрігерлер тобына қатысты ішкі тексеріс жүріп жатыр.


Просмотров материала: 703

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 194 960 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 194 554 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 194 064 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 194 121 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 194 471 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 12 351 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 11 444 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 11 737 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 16 189 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 16 293 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 24 628 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 467 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 582 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 392 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 231 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 713 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 475 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 166 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 566 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 341 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 267 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 102 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 947 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 247 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 166 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 668 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 478 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 998 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 253 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 629 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 006 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 949 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 035 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 000 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 203 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 360 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930