19 июля 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Шарын және Сайрам-Өгем ұлттық парк оқиғаларында елеулі қателік – туристтердің қатарында арнайы дайындығы бар гидтің болмауы

04 июнь 2021, 10:42
Шарын және Сайрам-Өгем ұлттық парк оқиғаларында елеулі қателік – туристтердің қатарында арнайы дайындығы бар гидтің болмауы
Пандемия кесірінен ойын-сауық орталықтарына, шетелге бара алмай қалған халық табиғаттың тосын жағдайларын есепке алмастан, білікті гидсіз ішкі туристік орындарды аралап кеткен еді. Бірақ өткен аптада Шарын және Сайрам-Өгем ұлттық парктерінде болған қайғылы оқиғадан кейін, қазақстандықтар ел ішінде саяхаттауға жүрексініп қалды.

Бірнеше жастың өмірін қиған қайғылы жағдайлардан кейін Azattyq Rýhy тілшісі Kazakh Tourism АҚ басқарма төрағасы Ержан Мәлікұлынан саяхатшылардың қауіпсіздігі үшін қандай шаралар қабылданып жатқаны, турпакеттер сатып алу кезіндегі сақтандыру шарттары жайлы сұрақтарға жауап алды.

«Шарын және Сайрам-Өгем ұлттық парктеріне байланысты оқиғалар бірнеше күн бойы жұртшылықты дүрліктірді. Ол жердегі елеулі қателік – туристтердің қатарында арнайы дайындығы бар гидтің болмауы, тиісінше бұл топтар экстремалды жағдайларға дайын болмады. Үш жыл бұрын Ұлттық парктерді дамыту тұжырымдамасын енгіздік. Атап айтқанда, ұйымдастырылған демалысқа аса маңызды көңіл бөлдік. Оның ішінде белгілі бір тур маршруттар қалыптастыру, таңбаланған соқпақтар ұйымдастыру, стандартталған нұсқағыштар орнату, интернет жүргізу, құтқару пункттерінің санын көбейту, тұрақтарға арналған орындарды бекіту және т.б. қолайлы жағдай жасау ұсынылды», - деді басқарма төрағасы.

Маманның айтуынша, бұрындары білікті туристер көбінде экотуризм саласына қызығушыылық танытса, қазір ұйымдастырылмаған және төтенше жағдайларға дайын емес топтардың ағымы ұлғаюда.

«Мұндай жазатайым оқиғаларды азайту және туристерге қолайлы жағдайлар жасау үшін, әсіресе қауіпсіздік мәселелері бойынша, біз бейінді министрлікпен бірлесіп Алматы облысының 4 ұлттық паркіне инвесторлар тарттық. Нәтижесінде ұлттық паркеттердегі алғашқы визит орталық ашылды, ондай нысанның маңызы туралы айту қажет емес. Өйткені, сол жерде туристерге аталған аймақтың осал және қауіпті жерлері туралы және басқа да қажетті ақпарат беріледі, кәсіпқой гидттердің де қызметі көрсетіледі. Алдағы уақытта жүйелі іс-шаралар жоспарында ұялы байланыс антеналарын орнату, бақылау-құтқару пункттерінің желісін құру, «туристік полиция» қызметі арқылы негізгі демалыс орындары мен соқпақтарда патрульдеуді жүргізу бар. Бұл іс-шараларды шұғыл орындау қажет, ол үшін құзырлы ведомстволар мен жергілікті ұлттық паркттердің әкімшілігінің атқаратын рөлі маңызды», - деді Ержан Мәлікұлы.

ІШКІ ТУРИЗМ, САҚТАНДЫРУ ШАРТТАРЫ ЖАЙЛЫ

Турфирмалар арқылы саяхаттайтындарға келсек, сақтандыру шартын жеке тарап негізінде жасай алады. Бірақ ішкі туризм саласында сақтандыру міндеттелмеген екен.

«Қауіпсіздік мәселері бойынша ең басты шаралар – мамандырылған жетекші немесе гидтің болуы, белсенді демалыс аймағы туралы толық ақпарат алу, ол үшін жергілікті әкімшілік немесе туристік ақпарат орталық, визит орталықтарға жүгіну, саяхатқа шығар кезде ауа-райы болжамдарына және Төтенше жағдайлар бойынша ведомствосының күнделікті жолдайтын ақпаратына жіті көңіл бөлу. Сондай-ақ қауіпсіздік мәселелері жергілікті атқарушы органдар құзырында. Біздің тараптан тұрақты негізде ақпараттандыру жұмысы жүргізіледі. Мысалы, туристік ақпар-кітапша, арнайы жадынама әзірлеп тарату, әлеуметтік бейнероликтерде туристердің жалпы ұстану ережелері туралы айту. Түркістанға келетін болсақ, сервис бойынша және туристердің қауіпсіздігін күшейту мақсатында Түркістан қаласында орналасқан Халықаралық туризм және меймандостық университеті жергілікті туристік полиция өкілдерін оқытуды қолға алды», - деді басқарма төрағасы.

Ержан Мәлікұлының есебі бойынша, биыл жазда Қазақстанға 600 мың шетелдік азамат келуі керек.

«UNWTO Дүниежізілік туристік ұйым басшысы Зураб Пололикашвили әлемдік туристік ағын ендігі кезде 4 жыл ішінде қалпына келе бастайтынына болжам білдірген. Биыл туристік ағын 2020 жылмен шамамен 22-55% арту мүмкін деген сөз. ҚР Ұлттық статистика бюросы мәлеметтері бойынша, 2020 жылы елімізде орналасу орындарында 252 мың шетел азаматтары тоқтаған. Бұл көрсеткіш бойынша биылғы болжам – 600 мың шетел азаматы. Бұл көрсеткішке қол жеткізуге ықпал ететін факторлар: әлемдік эпидахуалдың жақсаруы, көршілес елдердегі вакцинация үдерісінің тұрақты жүргізілуі, оған қоса еліміз Еуразиялық экономикалық одақ аумағында «COVID-19-сыз саяхаттаймын» қосымшасына маусым айының соңына дейін қосылады деген ақпарат бар. Бұл жүйе Ресей, Армения және Беларусь елдерінде қолданылып, өңіраралық туризмді дамытуға ықпал етуде», - деді ол.

Еске салсақ, 25 мамыр күні Төлеби ауданындағы Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында 7 студент жоғалып кеткені айтылды. 28 мамырда Түркістан облысында жоғалған жеті студенттің үшеуі табылды. 29 мамырда жоғалған студенттердің екеуінің денесі табылды. Қалған екі адамды іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Сондай-ақ 29 мамырда Шарын шатқалында жүріп өткен сел салдарынан экскурсияға барған бір оқушы мен мұғалім көз жұмды. Оған қоса сел ағызып әкеткен 11 жастағы оқушы 3-4 шақырым жерден табылды.
Просмотров материала: 3 522

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 157 657 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 157 476 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 157 111 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 157 151 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 157 445 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 10 269 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 9 414 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 9 605 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 13 365 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 13 551 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 22 391 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 9 338 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 057 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 922 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 750 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 908 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 034 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 700 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 073 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 802 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 809 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 651 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 491 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 753 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 694 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 206 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 640 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 527 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 784 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 117 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 528 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 507 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 548 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 490 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 726 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 871 Просмотров





Опрос


«    Июль 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031