15 октября 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



«Масамен күресу - есірткімен күрескенмен тең». Атырауда тендерді 8 жылдан бері бір компания жеңіп келген

«Масамен күресу - есірткімен күрескенмен тең». Атырауда тендерді 8 жылдан бері бір компания жеңіп келген
Атырауда қалалық мәслихаттың кезекті сессиясы өтті. Онда, атап айтқанда, масаларға қарсы күрес және қоқыс жинау мәселелері қаралды. Депутаттар белсене әрекет етіп, күтпеген ескертулер айтты, деп хабарлайды azh.kz.

Қалалық Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі басшысының міндетін атқарушы Жұмабек Жұмағалиевтің айтуынша, 2021 жылы дезинсекция жұмыстарына қалалық бюджеттен 126 миллион теңге қарастырылған. Сегізінші жыл қатарынан тендерді «AG Disinfectionservices» ЖШС жеңіп алды. Қалалық ТКШ мен ЖШС арасындағы келісім сәуір айында жасалды. Сол кезден бастап подъездерді, жертөлелер мен цоколді қабаттарды, ашық су қоймаларын, сондай-ақ қаланың негізгі көшелерін және жағалауды өңдеу жұмыстары жүргізіліп келеді.

«Масалар ерте көктем басталғанда пайда болады, ал қамыс өртенгеннен кейін күрт көбейіп кетеді. Қаланың кей жерлерінде кешке далаға шығу мүмкін емес. Қолданып жатқан шаралар жеткіліксіз деп санаймын, - деді депутат Ғабиден Қанатов.

Ал оның әріптесі Вадим Құлмағамбетов бұл ескертуді «Атыраудың масасымен күресу есірткімен күрескенмен тең!» деп толықтырды. Алайда, депутат нені меңзегенін ашып айтпады.

«Неге жыл сайын бір компания тендер жеңімпазы бола береді? Бізде басқа қатысушылар жоқ па?», деп сұрады депутат Муса Хайруллиев.

«Әрине, басқа қатысушылар да болды, бірақ дәл осы компания ең оңтайлы өтінім беріп, тендерді ұтып алды. Иә, бірінші рет емес, бірақ бұл ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңына қайшы келмейді, - деп жауап берді Жұмабек Жұмағалиев.

«Осы компанияның техникасын біреу тексере ме?», деп сұрады депутат Әміржан Нұрланұлы.

Бөлім басшысының міндетін атқарушы олардың техникасын сектор меңгерушісі және тағы екі маман тексеретінін айтты.

Содан кейін «AG isinfection Services» ЖШС директорының орынбасары Нұрлыбек Ахмедияров баяндама оқу үшін мінбеге шықты, бірақ депутаттар оны тыңдамай, келесі жолы компания басшысының өзі келуін талап етті.

«Қала тұрғындарының жұмыстарыңызға қатысты сұрақтары мен шағымы көп. Нұрлыбек, егер масамен күресудің пайдасы жоқ болса, солай айтыңыз. Баяндаманы келесі сессияға қалдыруды ұсынамын, бірінші басшының өзі есеп берсін», - деді депутат Ғабиден Қанатов.

Қалған депутаттар оны қолдады.

Сосын «Арнаулы автобаза» ЖШС директоры Алмас Изтелеуов сөз алып, сұрақтың астында қалды.

«Қаланы тазартумен негізінен өзбекстандықтар айналысады. Жергілікті тұрғындарды жұмысқа тарту үшін қандай шаралар алынуда?», - деп сұрады депутат Жеңіс Әбілқарес.

Алмас Изтелеуов ЖШС-да орташа жалақы 100 мың теңгеден асатынын, жергілікті тұрғындар ондай жалақыға келмейтінін айтты.

«Иә, біздің ұжымда Өзбекстан азаматы көп, кейбіреулерінің жұмыс жасағанына он немесе одан да көп жыл болған, осында отбасымен тұрады. Біз жұмыспен қамту орталығына сұраныс жасаймыз, жергілікті тұрғындар арасынан жұмысшыларды іздестіреміз, бірақ нәтиже болмай жатыр», - деді ол.

Келесі сұрақ депутат Азамат Асылбековтің тарапынан болды.

«Сіздің қоймада 2 мың тоннадан астам дезинфекциялау материалдары жатыр. Олар қалай сақталады? Жарамдылық мерзімі бар ма? Тағы бір сұрақ: қала шетінде қоқыс контейнерлері жеткіліксіз. Мысалы, қоқыс контейнері бір әженің үйінен 450 метр қашықтықта орналасқан. Осыған қатысты нормалар бар ма?» - деп сұрады депутат.

ЖШС директорының айтуынша, дезинфекциялау материалдарының жарамдылық мерзімі бар.

«Ережеге сәйкес, қоқыс контейнері үйден 100 метрден аспайтын қашықтықта орнатылуы керек. Бірақ контейнерлер жеткіліксіз, сондықтан біз оларды орнату жұмыстарын, соның ішінде шет жақтарға орнату жұмыстарын жалғастырамыз», - деді ЖШС басшысы.
Просмотров материала: 846

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 170 656 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 170 488 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 170 115 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 170 164 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 170 446 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 11 059 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 10 194 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 10 419 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 14 418 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 14 584 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 23 311 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 9 838 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 343 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 197 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 016 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 207 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 294 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 960 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 348 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 067 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 084 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 916 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 750 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 015 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 956 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 469 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 935 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 789 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 062 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 389 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 803 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 760 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 812 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 761 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 988 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 136 Просмотров





Опрос


«    Октябрь 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031