24 ноября 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



«Астана су арнасының» басшылары кінәлі»: Нұр-Сұлтан тұрғыны 10 жасар ұлының өліміне жауаптыларды жазалай алмай жүр

«Астана су арнасының» басшылары кінәлі»: Нұр-Сұлтан тұрғыны 10 жасар ұлының өліміне жауаптыларды жазалай алмай жүр
Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Перизат Чиникбаева 2 жылдан бері 10 жасар ұлының өліміне кінәлілерді жауапқа тарта алмай жүр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. Айтуынша, жалғыз ұлы «Астана су арнасы» басшыларының жауапсыздығынан қайтыс болған.

Azattyq Rýhy тілшісі 27 мамыр күні өткен алдын-ала сот тыңдалымынан кейін Перизатпен байланысқа шығып, оқиғаның мән-жайын білді.

«Кеше №2 Алматы аудандық сотына ұлымның өліміне қатысты істі қайта тергеу үшін прокуратураға қайтаруларын сұрап, өтініш бердік. Басынан-ақ істің толық тергелмей жатып, сотқа жолдануына қарсы болған едік. Бірақ өтінішімізді қала полициясы да, прокуратура да қанағаттандырмады. 10 маусымға Нұр-Сұлтан қаласының бас прокуроры Ғ.Д. Нұрдаулетовтің қабылдауына жазылдым. Менің талабым – ұлымның өліміне жауапты ретінде қатардағы қызметкерлерді емес, «Астана су арнасының» лауазымды басшыларын қылмыстық жауапқа тарту. Қазір бұл іс бойынша жауап беруші Алматы ауданына қарайтын бөлім бастығы. Бұрын Қылмыстық кодекстің 254 бабы бойынша (адамның немқұрайлығы) қараса, қазір 103 бап 3 бөлігі «Абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соқтыратын денсаулыққа ауыр зиян келтіру» бойынша қаралуда. Бірақ қабылдау-тапсыру актісін балансқа қатардағы қызметкер емес, бірінші басшы алады. Ол жауапкершілікті алып, бәрін қабылдаған екен кәріз құдықтарының толықтай жабық болуын қамтамасыз етуі тиіс қой», - деп ашынды Перизат.

Марқұм Бақдаулет 2019 жылдың ақпан айында Астана уақытымен шамамен сағат 17.30 кезінде Теміржол (40-шы станция) ауданындағы үйінен сырғанақ тебуге барамын деп шығып, ауласынан 100 метр жерде орналасқан беті ашық кәріз құдығына құлап мерт болады. Із-түзсіз жоғалған жеткіншекті 300-ге жуық адам 4 тәулік бойы іздеген.

«Осы іспен жүргеніме 2 жыл уақыт болды. «Астана су арнасы» Теміржол ауданындағы №22 мектеп желісіне тиесілі 17 кәріз құдығының кейбіреуінің бетін жабуды ұмытып, мүлдем қараусыз қалдырған. Аудандарда әр квартал сайын кәріз құдықтарын тексеріп, бақылап тұратын кесте түзілген. Бірақ іс жүзінде кесте бойынша тексеріс жүргізген маман жоқ. Канализациялық құдықтар архитектура бойынша, халық өмірі үшін аса қауіпті болып табылады. Демек мұндай нысандарды олар ерекше бақылауға алулары тиіс. Себебі ол құдыққа бала-шағадан бастап, зейнеткерге дейін аяғы тайып, құлап кетуі әбден мүмкін. Олардың канализациялық құдықтарды ашық күйінде қабылдауларының өзі қылмыс. Қабылдау-тапсыруға қол қойған бүтін құрамды соттап жіберуге болады. Директордың бірінші орынбасары, бас инженер Вилков Сергей 2000 жылдан 2019 жылға дейін «Астана су арнасында» жұмыс істеп, қабылдау-тапсыруды толықтай жүзеге асырған. Бірақ Сергей жәй ғана әкімшілік жазаға ілініп, жұмыстан шығарылып отыр. Бір емес еріктілер сол кезде 100-ге жуық кәріз құдығының ашық жатқанын көрген. Бәлкім, олардың ұлдары мұндай аудандарда таңертеңгі тас қараңғыда мектепке жаяу барып, кеш батқанда жаяу қайтпайтын болар... Бірақ неге қарапайым халықтың балалары зардап шегіп, қиналып өлуі тиіс?! Менің ұлымды төрт тәулік іздедік, оның жаны қиналғанын ойласам өзімді қоярға жер таппай кетемін», - деген Перизат тұтқаның ар жағында көз жасын тыя алмады.

«Астана су арнасы» басшылары осы күнге дейін бірде-бір рет қара жамылып отырған анаға хабарласып, кешірім сұрамаған. Оқушыны жерлеген күні өзін мекеменің Кәсіподақ мүшесімін деп таныстырған ер адамнан ақша беріп жіберген.

«Ұлым қайтқан күні Теміржол (40-шы станция) ауданының кәсіпкерлер одағының атынан бір қарт кісіден 1 миллион теңге беріп жіберген. Ол қаражаттың бәрі ұлымның жерлеуі, Тараз қаласына жеткізумен-ақ кетті. Кейін мешітте ас берген кезде сол кәсіподақтан келген ата 300 мың теңге ақша алып келді, байланысқа да тек сол шығады. «Бұл дегеніңіз Алланың ісі ғой» деп жұбатқан болып, істі жаба салуды сұрайды. Одан кейін «Астана су арнасына» бақылаушы ретінде жұмысқа тұрсам, маған уақытша тұратын жатақхана бере алатындарын айтты. Кім жалғыз ұлының өліміне кінәлі мекемеде жұмыс істей алады? Бұл дегеніңіз адамды мазақ ету ғой. Бақдаулеттің өлімінен кейін күйеуім екеуміздің арамыз суып, ажырасып кеттік. Істі созудан шаршамайтын сотқа шапқылаудан, бәрін бастан-аяқ айта беруден қажып, қазір жиі сырқаттанып жүрмін. Олар менің ұлымды өлтіріп қана қоймай, өмірімнің астаң-кестеңін шығарып отыр. Мен осы елге салық төлеп отырған азамат ретінде құқық қорғау ұйымдарынан тергеуді әділ өткізуді сұраймын! Әкімшілік жаза немесе қатардағы қызметкерді жазалай салумен істі жаппаңыздаршы. Күні ертең сіздердің балаларыңыздың сол құдықта жанталасып жатып көз жұмбасына кім кепіл?!», - деді ашынған ана.
Просмотров материала: 819

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 123 573 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 123 404 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 123 045 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 123 069 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 123 377 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 8 494 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 7 667 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 7 736 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 10 928 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 11 072 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 20 453 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 328 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 653 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 549 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 358 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 462 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 657 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 325 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 670 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 435 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 431 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 272 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 117 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 363 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 295 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 16 826 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 174 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 150 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 369 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 697 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 120 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 136 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 178 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 101 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 334 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 485 Просмотров





Опрос


«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930