11 апреля 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Енді не істейміз? Перзентханада ауысып кеткен екі сәбидің тағдыры

26 май 2021, 15:28
Енді не істейміз? Перзентханада ауысып кеткен екі сәбидің тағдыры
Осыдан 35 жыл бұрын Павлодар облысына қарасты Железинка ауылындағы перзентханада туған екі сәби ауысып кеткен. Дәрігерлердің бір сәтке мүлт кеткендігінен екі тағдыр екі жаққа кете барады. Арада ширек ғасыр өткенде тағдыр жазып Нариманды туған анасы кездейсоқ көшеде кездестіреді. Үйдегі ортаншы баласының туғаннан болмысы бөлек екенін іштей сезетін. Сонша жылдар бойы жүректе күдік болғанымен ана ешкімге бұл туралы тіс жармаған екен. Көшеде кездейсоқ жігітті көріп қалып, осы менің балам емес пе деген сұрақтың санасында жылт бергені де сол күдіктің арқасы еді.

Баян Қуанышева екеуміз бір бөлмеде, бір сағатта тіпті бір минутта босандық. Осы сәтте дәрігерлер ауыстырып алған екен. Өз баламды тани алмаған өзіме де ашулымын. Арада бақандай 35 жыл өте шықты. Өкінгенде енді пайда жоқ. Өйткені кінәліні таба алмайсың. Тапқан күннің өзінде уақытты қайтара алмаймын ғой, деді Күтай Хамитова.

"Еуразия" бірінші арнасындағы "Пендеміз ғой" бағдарламасының кейіпкерлері Ержан мен Нариман уақыттың кері қайтпайтынын жақсы түсінеді. Олардың ендігі шешімі қалған ғұмырды екі отбасымен бірге өткізу.

Басында менің ата-анам қатты қорқып кетті. Мені басқа отбасына кетіп қалады деп анам көп жылады. Бірақ мені тапқан ана басқа болғанымен, мені баққан анамды тастамаймын ғой. Ешқайда да кетпеймін, екі отбасыммен бірге боламын, кезек-кезек барып тұрамын деп шештім. Тегімді де ауыстырмаймын. Осылай қалады барлығы да, деген Нариман балаларына бұл жайды түсіндіріп айтуға тырысып жүр.

Бала кезінен өзінің ата-анасына, бауырларына ұқсамайтындығын жиі естіп өскен Ержанның көкейінде жауабы табылмаған сан сұрақ жатыр.

Неліктен бұлай болды? Неге менің басымнан бұл жағдай өтіп жатыр? Неге мен? Ешқандай жауап жоқ. Өмірімнің жартысы өтіп кетті. Өткізіп алған уақытты ойланасың. Балалық шағым, жастық шағым барлығы да өзге адамдардың арасында өткен. Бұл өте қиын жағдай.

Тағдыр табыстырған екі отбасы қазіргі уақытта жақын туыстардай араласып жүр. Ауысып кеткен балалар тақан ананың емес баққан ананың жанында қаламыз деп шеім қабылдаған екен. Бірақ, бір қарағанда бір-біріне еш қатысы жоқ екі отбасына бала ортақ, немере ортақ болып отыр.

Просмотров материала: 1 121

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 194 951 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 194 545 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 194 055 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 194 112 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 194 462 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 12 349 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 11 443 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 11 736 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 16 188 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 16 292 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 24 627 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 467 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 582 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 392 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 231 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 713 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 474 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 166 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 566 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 341 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 266 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 102 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 947 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 247 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 165 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 668 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 478 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 998 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 253 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 629 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 006 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 949 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 035 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 000 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 203 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 360 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930