3 сентября 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Елімізде селфиге түсіп, қаза тапқан жеткіншектер

26 май 2021, 14:50
Елімізде селфиге түсіп, қаза тапқан жеткіншектер
Кеше Солтүстік Қазақстан облысында селфи жасап, суретке түсеміз деген екі қыз суға батып, қайтыс болды. Байқасаңыз, соңғы кездері елімізде селфи жасамақ болып, қаза тапқандардың саны көбейіп жатыр. Бұған дейін ондай жағдайлар тек өзге мемлекеттерде болатындай көрінетін. Бүгінде біз де олардың кебін кигелі тұрмыз. Тіпті, адамның селфиге түспек болып, көз жұмғаны қалыпты нәрсеге айналып бара жатқандай…

Солтүстік Қазақстан облысындағы қайғылы жағдай «Сосновый бор» демалыс аумағының маңында болған. Екеуі де Есіл өзеніне ағып кеткен. СҚО ТЖД бастығының орынбасары Мұрат Қанғожиновтың айтуынша, Есіл өзенінің жағасына тұрып, 12 студент пен олардың кураторы суретке түседі. Кейін студенттің бірі кураторымен қалып, селфи жасамақ болады. Сол кезде аяқтары тайып кетіп, суға түсіп кеткен. Сол кезде қатты ағын су қыздарды бірден ағызып әкеткен. Суға кеткендердің бірі – Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледжінің 4 курс студенті, ал екіншісі топ жетекшісі екен. Құтқарушылар олардың денелерін Есіл өзенінен тереңдігі жеті метр жерден алып шыққан. 20 жастағы студенттің колледжді бітіруіне бір ақ ай қалған екен. Ал 27 жастағы топ кураторы небәрі бір жарым жыл ұстаздық еткен.


Еліміздегі бұл бірінші жағдай емес. Ақтөбеде селфи жасамақ болған қыз, мерт болды. Ол түн ортасында пойыз жолында ерекше суретке түспек болған. Оқиға 2019 жылдың 4 желтоқсан күні сағат түнгі он бір кезінде болған. Облыстық полиция департаментінің мәлімдеуінше, Авиа қалашық ауданында екі қыз селфи жасағысы келген. Біреуін қатты жылдамдықпен келе жатқан пойыз қағыпе кетті. 2000 жылғы бойжеткен ауруханаға жеткізілген. Алайда таң ата көз жұмды.

Департаменттің дерегінше, жас жеткіншектер арасында оқыс оқиға көбейіп кеткен. 2017 жылдың маусым және тамыз айларында төрт кәмелетке толмаған бала селфи жасау үшін вагонның үстіне шыққан. Оларды тоқ соғып, біреуі қаза тапқан.


Осыдан үш жыл бұрын Қарағандыдағы пәтерлердің бірінен жеткіншектің мүрдесі табылған. №23 мектептің директоры Нүркен Ашықбаевтың сөзінше, жеткіншек кездейсоқ қайтыс болған. 7-сыныпта оқитын қыз арқанмен селфи жасамақ болған екен. Оқушының оқу үлгерімі қанағаттанарлықтай болған. Сонымен қатар ол мәнерлеп сырғанау үйірмесіне қатысып жүрген.

«Ол өзіне қол жұмсағысы келмеген, хабарлама арқылы анықтадық. Қыздың қалтасынан қайшы табылды, қолында телефон болған. Кейін арқаннан босағысы келіп бұлқынғанда телефоны түсіп қалған», – деді мектеп директоры.
Жетінші сынып оқушысына арқанмен селфи жасап, кейін қайшымен дереу қиюды осы мектептің сегізінші сынып оқушысы айтқан. Олар бір-біріне үздіксіз жалғыздық, түсініспеушілік және суицид жайлы хабарлама жазысып, өзінің де солай жасағанын айтқан. «Қыз болса, соған сеніп, өзі де істеп көрмек болған» дейді білім бөлімінің өкілі.


Сөйтіп, жетінші сынып оқушысы пәтерде әкесі мен ортаншы ағасы жоқта істеген. Сол уақытта әкесі ұлын спорт секциясына жаттығуға алып кеткен. Анасы үш жастағы баласын ұйықтатып жатқан. Жатын бөлмеде жалғыз қалған жеткіншек қалтасына қайшыны салып, ұялы телефонының камерасын қосқан. Кейін жаттығудан келген ағасы қыздың өлі денесін тапқан.

Мысалы, сол жылдың 8 маусымында Талдықорғанда 15 жастағы қыз сегізінші қабаттан құлап кетіп, мерт болды. Қайғылы жағдай құрылысы бітпеген нысанда болған. Ресми мәлімет бойынша, жасөспірім құрылыс орнында селфи жасап, өзін-өзі суретке түсірмек болған. Бірақ абайсызда құлап кеткен. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүргізілген.

Жалпы, 16 мен 25 жас аралығындағы әйелдер аптасына селфи жасауға бес сағатты жұмсайды екен. Ал орта есеппен әлемде күніне 93 миллион селфи түсіріледі. Оның қаншасы жазым болатыны белгісіз. Үндістанның ғылыми медициналық институтының зерттеуінше, бес жылдың ішінде әлемде 259 адам селфиден қайтыс болды. Негізінен 30 жасқа толмаған жастар екен. Суретке көп түсетін қыз-келіншектер болғанымен, қаза тапқанның 72 пайызы – ер-азаматтар. Оқыс жағдай көп тіркелген елдер – Ресей, АҚШ және Пәкістан. Бұл зерттеушілердің үш жыл бұрынғы көрсеткіші. Одан бері өлім саны көбеймесе, ештеңе өзгерген жоқ.

Дереккөз: Aikyn.kz.

Просмотров материала: 1 065

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 216 112 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 215 783 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 215 282 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 215 328 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 215 696 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 495 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 530 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 854 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 514 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 576 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 765 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 793 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 891 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 558 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 432 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 380 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 672 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 413 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 814 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 613 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 438 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 284 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 136 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 485 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 369 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 855 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 203 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 189 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 433 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 819 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 168 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 117 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 251 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 194 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 421 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 569 Просмотров





Опрос


«    Сентябрь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930