22 ноября 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Алматы облысында асылып өлген үздік оқушы желідегі ойынның құрбаны ма

Алматы облысында асылып өлген үздік оқушы желідегі ойынның құрбаны ма
Алматы облысында 9-сыныпты үздік бітірген оқушы асылып өлді. 15 жасар Диана Хамутецкаяның туыстары тергеуге наразы. Марқұмның жақындары қызды мұндай қадамға интернеттегі күдікті қауымдастықтар итермелегеніне сенімді, деп хабарлайды КТК.

Туыстары құзырлы орындардан көз жұмған жасөспірімнің ұялы телефонын және өзге жеке заттарын тексеруді талап етуде. "Қойын дәптері адам шошырлық сатанисттік сипаттағы небір суретке толы" - дейді туыстары.

Алматы облысындағы Жәпек батыр ауылында бүтін бір отбасы қара жамылды. Осыдан төрт күн бұрын өрімдей 15 жасар қызының қорада төсек жаймасына асылған өлі денесін анасының өзі алып шыққан. Қайғыдан қан жұтқан Бақытты Айтмұратова Диананың мұндай әрекетке баруына еш себеп болмағанын айтады. Өйткені 9 сыныпты үздік бітіріп, аттестат алатынына қуанып жүріпті. Бақытты

Айтмұратова, марқұмның анасы:

- Сағат 3-те "дүкенде сіздің орныңызға тұрамын, сіз демалыңыз" деді. Бірақ айтылған уақытта келмеді. Телефоны өшірулі болды. Көршіме хабарласып, үйді тексеруін сұрадым. Еш жерде жоқ деген соң, өзім келіп қарадым. Таппай, құрбысымен мектеппен қоштасу кешіне дайындалып жүрген болар дедім. Әжетханаға жақындай бергенімде қарсы беттегі қорадан әппақ жайманың ілулі тұрғанын көрдім. Ары қарай есімде ештеңе жоқ.

Марқұмның туыстары Диананы екі күн бұрын жер қойнына тапсырған. Өмірге құштар қыздарының бұл әрекетке қалай барғанын түсінбей дал. Себебін іздеуге тырысқан олар күнделігінен қорқынышты суреттерді көріп, жағасын ұстап отыр. Бұларды анасы алғашында тек шимай дәптері деп ойлаған. Өйткені бастапқы бетіне тек армандарын түсірген. Алайда суретті де жақсы салатын Диана ішкі жағына өлімге итермелейтін түрлі үрейлі бейнелер мен жазу жазыпты. Бірінде: "Мен өлімнен қорықпаймын. Ең қымбат адамдарымнан айырылып қалудан қорқамын" десе, енді бірінде тіпті қанмен сурет салған. Осылайша жақындары бұл суицид жасауға итермелейтін "Синий кит" ойыны екеніне сенімді.

Мұратбек Айтмұратов, туысқан ағасы:

- Түнгі 2-ден келіп таңғы 6-ға дейін отырдым. Бәрін ақтардым. Мынаны таптым, ананы таптым. Өзінен өзі ойнап-күліп жүрген баланың сөйте салуы мүмкін емес деп, өзім тергеу жасадым, дәптерін ақтардым. Бір секта сияқты. Сосын ертесі күні бес қыз келген. Киген киімдерін көрсеңіздер. Біреуінің артында табыт, креш, біреуі қолын қап-қара бояп алған. Оң қолында періштенің суреті. Періштенің суреті сызылып тұр.

Туыстары марқұмның инстаграм желісінен де түрлі күдік тудыратын дүние тауыпты. Алайда уақытында аңғармағанына өкінеді. Мектепте үлгілі оқушы болғанын айтқан ұстаздары да өзіне қол жұмсауы "мүмкін емес" дейді.

Құралай Көшегенова, №4 орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:

- Хамутецкая Диана жалпы сабақты себепсіз босатпайтын. Мінезі ашық. Сыныптастарымен, ұстаздарымен белсенді қарым-қатынаста жүретін үлгілі оқушы болатын. Үздік аттестаттың үміткері. Осы қыздан дәл осындай шығады деп ойлаған жоқпыз. Не итермелегенін, тіпті өзіміз де түсінбей отырмыз.

Дәл осындай қайғылы оқиғалар көрші ауылдардарда да болыпты. Бұлардың барлығына интернет арқылы тараған сатанисттік сипаттағы қауіпті ойындар себеп болуы мүмкін екен. Алайда құзырлы орындар тергеуді тереңнен бастаудың орнына, істі жәй ғана суицид деп жылы жауып қойып жатыр деп қапалы. Ал полиция департаменті тергеу тоқтамады деген жауап қатты.

Ақбота Қуанышбекқызы, Алматы облысы ПД ресми өкілі:

- Аталмыш іс бойынша ҚР ҚК-тің 105-бап, 3-бөлігі, яғни өзіне қол жұмсау фактісімен сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Сот медициналық-сараптама тағайындалды.Бастапқы қорытындысы көрсетіп отырғандай, жасөспірімнің өліміне тыныс алу жолдарының механикалық асфекциясы себеп болған. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғастырылып жатыр.

Диананың ата-анасы қызының ұялы телефоны мен қандай да бір жеке заттарын тексеруді талап етуде. "Қызымды қайтара алмасам да, өзге балалардың өміріне араша түсе алсам" деген ол полицейлерден істі бүге-шігесіне дейін тергеуді сұрайды.

Просмотров материала: 883

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 123 239 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 123 071 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 122 712 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 122 736 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 123 044 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 8 473 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 7 650 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 7 717 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 10 905 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 11 051 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 20 430 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 320 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 649 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 546 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 352 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 454 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 653 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 319 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 667 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 432 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 428 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 268 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 113 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 360 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 290 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 16 822 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 166 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 147 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 364 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 692 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 116 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 129 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 174 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 097 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 330 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 482 Просмотров





Опрос


«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930