25 июня 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Қазақстанда зират, жерлеуге қатысты жаңа санитарлық талаптар әзірленді

Қазақстанда зират, жерлеуге қатысты жаңа санитарлық талаптар әзірленді
Денсаулық сақтау министрлігі әзірлеген «Зираттарға және жерлеу мақсатындағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы құжаттың жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды.

Зираттарды, жерлеу мақсатындағы объектілерді жобалауға және пайдалануға беруге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар:

сумен жабдықтау көздері мен минералды бұлақтарды санитариялық қорғану аймақтарының бірінші және екінші белдеулерінің;
курортттарды санитариялық қорғанудың бірінші аймағының;
су басатын, сырғымаларға және құламаларға бейім, батпақты учаскелерге;
шаруашылық-тұрмыстық қажеттілік, шомылу және басқа да мәдени-сауықтыру іс-шаралары үшін халық пайдаланатын І және ІІ санаттағы су қоймаларының жағалауларында;
күйдіргі бойынша стационарлық қолайсыз пункттерін;
гамма-сәуленің тиімді дозасының қуаты ашық жерлерде доза қуатынан сағатына 0,2 микроЗиверттен асатын аумақтарда орналастыруға жол берілмейді.
Зираттар зираттың қоршауынан есептегенде:

бірінші тұрғын және қоғамдық ғимараттарға, спорттық-сауықтыру және санаторлық-курорттық аймақтарға дейін – кемінде 300 метр;

су көзін санитариялық қорғау аймақтарының белдеулері мен сүзу уақытын есептеулерімен арақашықтықтың жеткіліктілігін растай отырып, халықты ауызсумен жабдықтау көзіне дейін – кемінде 1000 метр қашықтықта орналастырылады. Жабық зираттар үшін бірінші тұрғын және қоғамдық ғимараттарға, спорттық-сауықтыру және санаторлық-курорттық аймақтарға дейінгі қашықтық кемінде 100 метр болады.

Жабық зираттарға арналған санитариялық қорғау аймағының көлемі зираттық кезең аяқталғаннан кейін де қысқартылмайды.

Жерлеудің жалпы алаңы зираттың жалпы алаңының 65-70 пайызы қабылданады.

Зиратқа арналған учаскенің тұрған орны және оның көлемі елді мекенді жоспарлау және салу жобасында зират аумағын тікелей ол жабылғаннан кейін саябақ немесе бақ салуға пайдалану мүмкіндігін ескере отырып көзделеді.

Жерлеу бюролары, жерлеу қызметін көрсететін бюро-дүкендер (құрамында қайтыс болғандардың денелерін сақтауға, оларды жерлеуге дайындауға, қоштасу рәсімін өткізуге арналған үй-жайлары бар) тұрғын және қоғамдық ғимараттардан кемінде 50 метр қашықтықта бөлек тұрған ғимараттарға орналастырылады.

Зират аумағы және жерлеу қызметін көрсететін ғимараттарға кіреберістер қоқыс жинауға арналған урналармен, қоқыс жинағыштарға өту жолы бар алаңдармен қамтамасыз етіледі.

Қоқыс жинағыштарға арналған алаңдар қоршалады және қатты жабыны болады.

Қабір түбінен жер асты сулары тұратын деңгейге дейін кемінде 0,5 метр есебінен қабылданады.

Қайтыс болған адамдарда аса қауіпті инфекциялық ауру (күйдіргі, конго-қырым геморрагиялық қызбасы) болмаған жағдайда, жерленген сәтінен бастап алғашқы екі апта ішінде кейіннен үш жылдан ерте емес, құмдауыт жерлерде бір жылдан ерте емес халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның келісімі бойынша қайта жерлеуге жол беріледі.

Сүйек алынған жағдайда қабір дезинфекцияланады және топырақ себіледі, ал қабірден алынған сүйек қақпақты жәшіктерде тасымалданады, табыт жәшікке салынады және жаңа орынға тасымалданады. Жерлеу жүргізілген табыт зақымданған (сақталмаған) жағдайда, табыттың қалдықтары арнайы бөлінген орындарда өртеледі.

Қайта жерлеумен айналысатын адамдар:

сіреспеге және күйдіргіге қарсы егіледі;
арнайы киіммен және аяқ киіммен, жеке қорғаныш құралдарымен (резеңке етік, резеңке қолғап, респиратор немесе ауыз бен мұрынды жабатын дәке таңғыш, комбинезон) қамтамасыз етіледі.
Арнайы киімді үй жағдайларында жууға және залалсыздандыруға жол берілмейді, ал жұмыс жүргізу кезінде қолданылатын құрал зираттан тыс шығарылмайды.

Арнайы киім және арнайы аяқ киім эксгумация бойынша жұмыс аяқталғаннан кейін арнайы бөлінген орындарда тазартылуға және дезинфекциялануға жатады немесе өртеледі. Дәке таңғыштар эксгумация бойынша жұмыс аяқталғаннан кейін өртеледі.

Эксгумацияланған қалдықтарды тасымалдағаннан кейін көлік дезинфекциялануға жатады.

Этиологиясы белгісіз инфекциялардан және аса қауіпті инфекциялардан қайтыс болған адамдарды жерлеу мырышталған, тұмшаланып дәнекерленген табыттарда жүргізіледі.

Зиратты және қабірлерді көшіру кезінде аумақтарды (учаскелерді) рекультивациялау жүргізіледі. Тұрғын үй аумағын жоспарлау үшін қабірлердің жойылатын орындарының топырақтары пайдаланылмайды.

Құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде бұрын белгісіз болған қабірлер анықталған жағдайларда мәйіттің сүйектерін қайта көму және аумақты рекультивациялау қажет.

Зираттардың аумағы оны көшірген сәттен бастап жиырма жыл өткен соң пайдаланылады. Аумақ бұл жағдайларда тек жасыл көшеттер үшін ғана пайдаланылады.

Инфекциялық аурулардың әкеліну және таралу қаупі төнген жағдайда діни объектілерде шектеу іс-шаралары енгізіледі және осы Санитариялық қағидаларға қосымшаға сәйкес талаптарды сақтау қамтамасыз етіледі.
Просмотров материала: 497

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 154 138 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 153 951 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 153 595 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 153 628 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 153 923 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 10 091 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 9 236 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 9 415 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 13 111 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 13 301 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 22 188 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 9 230 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 013 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 885 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 711 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 859 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 996 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 664 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 034 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 762 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 767 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 612 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 452 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 707 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 655 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 162 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 593 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 488 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 740 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 081 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 489 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 469 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 509 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 451 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 688 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 830 Просмотров





Опрос


«    Июнь 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30