19 ноября 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



"2013-те тірі едім": Щучинск тұрғыны 24 жылдан бері өлгендер тізімінен шыға алмай жүр

"2013-те тірі едім": Щучинск тұрғыны 24 жылдан бері өлгендер тізімінен шыға алмай жүр
63 жастағы Анастасия Малашенко ауруханаға барса, медициналық тексерістен өте алмайды. Ол өлген адамдардың тізімінде тұрғандықтан, басқа да мемлекеттік қызметтерді қолдана алмай келеді. Sputnik Қазақстан тілшісі осы мәселенің мән-жайын анықтады.

Анастасия өзінің "қайтыс болғанын" алғаш рет 2015 жылы білген. Сөйтсе, оның "о дүниелік болып кеткеніне" бақандай 24 жыл болыпты.

"Түсініксіз әрі қиын жағдай. Мен алты жыл бұрын Щучинск қаласының халыққа қызмет көрсету орталығына зейнеткерлікке шығуды рәсімдеу үшін барғанмын. Ол жердегі мамандар менің мезгілсіз "қайтыс болғанымды" айтқанда төбемнен жай түскендей болды", – деп еске алады Анастасия Малашенко.
Оның айтуынша, 2013 жылы жеке куәлікті ауыстырғанда ешқандай проблема болмаған. Сол кезде базадан тірі адам ретінде шығып тұрған.

"2013-те "тірі" едім. Содан бері менің бармаған жерім, баспаған тауым қалмады. Барлығы бір-біріне сілтейді. Сөйтіп, бір шеңберді айналып жүрмін. Шаршадым. Әлі есімде, 2015 жылы мен прокуратураға хат жазып, қатенің қалай кеткенін анықтап беруді сұрағанмын. Олар Алматы облысындағы Көксу аудандық азаматтардың хал актілерін тіркеу бөлімі мамандарының шатасқанын айтқан. Ол жақта аты-жөніміз бірдей кісі қайтыс болыпты. Бірақ менің фамилиям Малашенко, ал ол кісінікі – Милашенко. Сөйтіп, екеуімізді шатастырып, мені қайтыс болғандардың қатарына қосып жіберіпті", – дейді ол.

"10 миллион теңге төлесін..."

Бүгінде Анастасия заңды құқықтарын пайдалана алмай жүр. Мәселен, ауруханада медициналық тексерістен өтуге мүмкіндігі жоқ. Себебі ол тірі адамдардың ақпараттық базасында тіркелмеген.

"Ештеңе істей алмаймын. Қазақстанда туған-туыстарым да жоқ. Новокузнецк қаласында ағам тұрады. Оған кетіп қалайын десем, пойызға билет те сатпайды екен. Себебі өлген адаммын. Шаршадым. Бір рет журналистерден көмек сұрадым. Сюжет түсірді. Бірақ ештеңе шешілген жоқ. Көмек беруіңізді сұраймын. Мен – тірі адаммын. Оны дәлелдей аламын. Қатені түзетсін. Ал осы қатені жасаған адамдар 10 миллион теңгенің моральдық шығынын төлесін. Өйткені жүйкем тозды", – дейді Малашенко.

Қатені түзетті, бірақ Анастасия тірілген жоқ

Sputnik Қазақстан тілшісі Ақмола облысының әкімдігіне хабарласып, осы жағдайды түсіндіріп беруді сұрады. Әкімдік мамандары Анастасия Малашенконың "өлімін" растады.

Шынымен де, Көксу аудандық азаматтардың хал актілерін тіркеу бөлімі мамандары қателік жасап, оны өлген адамдардың базасына қосып жіберген. Осы факті анықталғаннан кейін қатені түзетті. Көксу ауданының әкім аппаратынан Анастасия Малашенконың 2018 жылдан бері өлгендердің қатарынан шығарылғаны туралы жауап та келген.

Алайда Щучинск қаласының тұрғынын әлі күнге дейін ауруханада қабылдамайды. Оған билет те сатылмайды.

"Бұл жерде бір мәселе бар. Қазір барлық базаны бір орталыққа қосып жатыр ғой. Щучинск қаласының халыққа қызмет көрсету орталығында ол тірі адам ретінде шығып тұр. Ал денсаулық сақтау министрлігінің базасына ескі ақпарат кетіп қалған сияқты. Біз қазір осы мәселені шешіп жатырмыз. Онымен денсаулық сақтау басқармасы айналысуда", – дейді әкімдік мамандары.

Бүгінде қайтыс болған адамдардың ақпараттық базасын денсаулық сақтау министрлігі жүргізеді. Соны түзетсе, Анастасия Малашенко толығымен "тіріледі".


Просмотров материала: 717

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 227 354 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 227 050 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 226 559 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 226 602 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 226 963 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 14 114 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 13 128 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 13 484 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 18 183 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 18 198 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 26 403 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 971 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 8 109 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 713 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 597 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 661 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 835 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 590 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 8 006 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 780 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 595 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 454 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 293 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 659 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 522 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 18 023 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 471 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 340 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 573 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 977 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 321 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 256 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 400 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 339 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 597 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 711 Просмотров





Опрос


«    Ноябрь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30