16 декабря 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Тез жою керек! Ғалымдар Талғар ауданындағы қауіпке қатысты дабыл қақты

Тез жою керек! Ғалымдар Талғар ауданындағы қауіпке қатысты дабыл қақты
Талғар ауданында арнайы зерттеу жүргізген ғалымдар осылай дабыл қағып отыр. Ал улы өнім тұтынған тұрғындар онкология және жүрек-қан тамырлары ауруларына шалдығуы мүмкін, деп хабарлайды КТК.

Қызылқайрат ауылындағы ғимарат кезінде улы химикат сақталатын қойма болған. Кейін қойма жабылғанымен, мұндағы қап-қап пестицид жойылмаған. Соның салдарынан топырақ пен суға у жайылып,тұрғындарға үлкен қауіп төндіріп келеді дейді ғалымдар. Дабыл қаққан – Генетика және физиология институтының мамандары. Олар химиялық заттардың мұнда оңды-солды шашылып жатқанын анықтапты.
Зерттеу жүргізілген Талғар ауданындағы өзге үш ауылда да осындай жағдай. Оған көз жеткізу үшін мамандар қоймаға жақын жерлерден су мен топырақтың сынамасын алған. Сондай-ақ бұл маңда өсірілген жеміс-жидек пен көкөністерді, өрісте жайылған малдың еті мен сүтін де тексерген. Олардың құрамындағы пестицид мөлшердегіден мың есе көп болып шыққан. Десе де жергілікті жұрт бұған мүлдем сенбейді.

Динара Медеуова, Қызылқайрат ауылының тұрғыны:

Ешкімде ешқандай шағым болған жоқ. Химия бар қоймадан уланып жатырмыз деген шағым естімедім. Қауіп бар деп ешкім айтқан жоқ, не қауіп екенін өзіміз де білмейміз. Бірақ ауырып, жатып қалған ешкім болмады.

Динара Медеуова мұнда отбасымен төрт жылдан бері тұрып жатыр. Жыл сайын ауласында жеміс-жидек пен көкөніс егеді. Әрі олардың мол өнім беретінін айтады. Ауласындағы өнімдерді сататын тұрғындар да бар. Олар ағаштарды жиі залалсыздандырады екен. Сондықтан мұнда өскен алма пайдалы дейді.

Гүлнар Османова, сатушы:

Алманы уақтылы өңдемесе болмайды. Өңделген, көрдіңіз бе? Алма керемет. Бәрі тоңазытқышта тұр. Бәрі жақсы алма. Құлпынай піседі, қызанақ, қияр, бұрыш шығады жақында.

Улы химия заттар шашылып жатқан аумақта жұрт қаннен-қаперсіз малын да жайып жүр. Ал ғалымдар пестицидтер тез арада жойылмаса, мұндағы халық түрлі дертке шалдығуы мүмкін екенін айтады.

Эрика Жанғалина, Генетика және физиология институтының жетекші ғылыми қызметкері:

Пестицидтер су мен топырақта жиналып, сол жердегі өсімдіктерде пайда болады. Сөйтіп адам ағзасына енеді. Соның салдарынан тұрғындарда жүрек-қан тамырлары мен онкология пайда болуы мүмкін. Мұны статистика да көрсетіп отыр. Мәселен, соңғы 15 жылда Талғар ауданындағы тұрғындардың денсаулығы нашарлап кеткен.

Үкімет қоймадағы пестицидтерді жою мәселесін қолға алуы керек дейді. Мамандар Алматы облысында дәл осындай 64 қойма барын анықтаған. Енді олар өзге аудандарда да зерттеу жүргізеді. пестицидтер кеңес заманынан бері сақталып келеді. Бұл химикаттар өсімдіктерді қорғау үшін кезінде кеңінен қолданылған.

Просмотров материала: 665

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 179 458 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 178 961 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 178 550 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 178 603 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 178 904 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 11 478 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 10 611 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 10 843 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 15 006 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 15 161 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 23 778 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 059 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 440 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 268 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 095 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 300 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 357 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 036 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 431 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 151 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 157 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 985 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 826 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 091 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 025 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 540 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 059 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 859 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 129 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 493 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 875 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 826 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 879 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 840 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 070 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 213 Просмотров





Опрос


«    Декабрь 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031