22 сентября 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Нұр-Сұлтанда жастарға арналған тұрғын үй бағдарламасы іске қосылады

Нұр-Сұлтанда жастарға арналған тұрғын үй бағдарламасы іске қосылады
Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram-парақшасында жастардың баспана мәселесі қандай жолмен шешіліп жатқанын түсіндіріп өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Қаланы дамытудың және өмір сүруге қолайлы жағдай жасаудың негізгі мәселелерін талқыладық. Қысқаша екі бағытқа тоқталғым келеді: "Elorda Jastary" жастар бағдарламасы және ерекше қажеттілігі бар адамдар үшін жағдай жасау.

Өткен жылы волонтерлермен, жастар ұйымдарының өкілдерімен кездесулерде "Elorda Jastary" бағдарламасының тұжырымдамасын әзірледік. Онда көрсетілген негізгі бағыттар: сапалы және қолжетімді білім беру, жұмысқа орналасуға және жастар кәсіпкерлігін дамытуға көмек көрсету, кәсіптік бағдарлау, бос уақытты тиімді өткізу, салауатты өмір салтын жүргізу және т. б.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша "Elorda Jastary" бағдарламасының негізгі бағыты – тұрғын үй мәселесі. Осы жылы елорданың жас мамандарын жеңілдікпен әлеуметтік несиелендірудің жаңа тұрғын үй бағдарламасын іске қосуды жоспарлап отырмыз. Бұл бағдарламаға 36 жасқа дейінгі жастар қатыса алады (жұбайының/зайыбының жасы маңызды емес). Елордалық тіркелім кем дегенде бір жыл болуы керек және бағдарлама үміткерінің жеке баспанасы болмауы керек. Ресми жұмыс өтілі 1 жылдан кем емес болуы шарт.

Осылайша аталған тұрғын үй бағдарламасына қатысушы тұрғын үй сатып алуға 13 млн теңгеге дейін қарыз ала алады (жылдық 5% жеңілдікпен). Сатып алынатын тұрғын үйдің құны шектеусіз.

Сонымен қатар осы жылы Елбасының бастамасымен қолға алынған "Жұмыс істейтін жастарға арналған жалға берілетін тұрғын үй" бағдарламасы да жалғасады. Осы бағдарлама аясында жыл соңына дейін тағы 1 мыңнан астам жастар баспаналы болады.

Екінші бағыт – мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдай жасау. Қалада бірқатар әлеуметтік жобалар, соның ішінде "Кедергісіз келешек" жобасы жүзеге асырылуда. Осы жоба желісі бойынша 12 бейімдеу секциясы ашылды, республикалық клиникаларға квоталар бөлінді, мүгедектер арбалары және т. б. сыйға тартылды.

Сонымен қатар қалада бірқатар әлеуметтік нысандар салынуда: оңалту орталықтары, көру қабілеті бұзылған балаларға арналған балабақша, паралимпиадалық жаттығу орталығымен бірлесіп, мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт кешенін саламыз.

Мысалы, өткен жылы Тұңғыш Президент қоры мен "Самұрық-Қазына" қолдауымен №1 қалалық балалар ауруханасы базасында "Қамқорлық" оңалту орталығы ашылды. Сондай-ақ БЦП, аутизм, Даун синдромы және т. б. диагнозы бар балаларды оңалтумен айналысатын бірқатар оңалту орталықтары ашылды», - деп жазды елорда әкімі.
Просмотров материала: 1 157

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 218 960 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 218 636 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 218 140 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 218 177 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 218 553 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 638 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 674 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 13 002 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 675 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 714 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 912 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 823 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 932 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 586 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 465 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 414 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 698 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 446 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 853 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 648 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 466 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 305 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 159 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 511 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 400 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 887 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 244 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 214 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 457 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 848 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 197 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 143 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 284 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 217 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 452 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 594 Просмотров





Опрос


«    Сентябрь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930