1 апреля 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Грузияда көз жұмған Әсел Айтпаеваны көлікке айырбастаған кім?

11 май 2021, 11:00
Грузияда көз жұмған Әсел Айтпаеваны көлікке айырбастаған кім?
Грузияда жұмбақ жағдайда көз жұмған Әсел Айтпаеваны күдікті көлікке айырбастаған болуы мүмкін. Марқұмның анасы осындай мәлімдеме жасады. Қызынан айырылған Айсұлу Айтбаева қызының өз-өзіне қол салғанына да сенбейді, деп хабарлайды zakon.kz.

Суреттегі күлімдеген Әсел Айтпаева екі апта бұрын Грузияға жұмысқа аттанған. 26 жастағы бойжеткенді туысы көлік тасымалдайтын компанияның іс-қағаздарын жүргізуге шақырыпты. Жеке үй, жалақы мен көлік береміз дегенге сенген Әсел, тез арада құжаттарын жинастырып, шетелге аттанған. Бірақ, 5-мамырда туыстары оның Тбилисиде 8-ші қабаттан құлап, мерт болғанын естіпті.

Айна Айтпаева, марқұмның әпкесі:

Соңғы рет ол құрбысына 4-ші мамырда түнгі 3-те "Телеграм" желісі арқылы аудио жазба жіберген. Бірақ, ол құрбысы ұйықтап жатқасын, тек таңертең тыңдапты. "Телеграмнан" ешқашан жазбайтын, тек "WhatsApp" көмегімен хабарласатын.
Құрбысына жіберген дыбыстық жазбада Бесо есімді азамат Әселмен тілдескенін естуге болады. Ол біресе жас қызға ғашық екенін, біресе оның алдағынын айтып, қоқан-лоқы көрсеткені де жазылған.

Грузия прокуратурасы Бесо Тордуа есімді азаматтың ұсталып, екі айға қамауға алынғанын хабарлады. Құзырлы органдағылар оған "зорлық-зомбылық" жасады және "өз-өзіне қол жұмсауға" мәжбүрледі деген айып тағуда. Отандасымыздың осы 57 жастағы азаматтың жалдап тұрған үйінен құлағаны да анықталған. Ал, Айна Айтпаева Әселдің өліміне тағы 3 адамның қатысы бар, дейді. Оның арасында жұмысқа шақырған туысын да атады.

Айна Айтпаева, марқұмның әпкесі:

Біз Мұраттың Қазақстанға шұғыл түрде қашқанын естідік. Оны полиция бөліміне екі рет шақыртқанымен, қамамапты. Ол полицейлерге керісінше "сендердің алдыларыңда есеп бермеймін" деп әкіреңдеген. Аудиожазбада оның да Әселді зорлағаны анық айтылған.
Өзге елде жұмбақ жағдайда көз жұмған Әселдің әпкесі екі ойлы. Ол сіңілісін күдіктілер не жезөкшелікке мәжбүрледі, не қандай да құжатқа қол қойдырмақ болған дейді. Ал, қызынан айырылып, қан жұтқан Әселдің анасы Айсұлу Айтпаева Грузияға бүгін жетті. Ол мүрдені тану мен сот-медициналық зерттеулерге қатыспақ. Азаматша қызын күдікті автокөлікке айырбастауы мүмкін дегенді де мәлімдеген. Біз марқұмның таныстарын да сөзге тарттық.

Анаргүл Ахметова, марқұмның құрбысы:

Әсел аяқ астынан жұмысқа келмей кетті. Маған бұл күдікті көрінді. Өйткені оның жауапкершілігі жоғары болатын. Сосын тік мінезді еді. Оның өз-өзіне қол жұмсағанына сенбеймін.

Грузияның ақпарат көздері қолға түскен Бесо Тордуаның айыбы дәлелденсе, 10 жылға бас бостандығынан айырылатынын жазуда. Сот отырысы 23-мамырда басталмақ. Істе зорлық-зомбылық әрекеттері болған соң, ол жабық түрде өтеді деген де ақпарат бар. Ал, жап-жас қыздың жақындары оны жұмысқа шақырып, кейіннен өліміне қатысы бар туысын да жауапқа тартуды сұрайды. Сондай-ақ ол іс халықаралық деңгейде болған соң, Президент пен елдегі құзырлы орган басшыларынан көмек сұрады.
Просмотров материала: 1 576

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 193 510 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 193 085 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 192 611 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 192 669 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 193 016 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 12 259 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 11 362 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 11 648 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 16 075 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 16 188 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 24 553 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 432 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 563 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 378 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 210 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 677 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 455 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 143 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 547 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 315 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 254 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 088 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 930 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 223 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 149 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 650 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 445 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 983 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 240 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 613 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 994 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 936 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 021 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 975 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 189 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 345 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930